Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу(сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы және т.б.) Екінші кезең. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Сәндік - қолданбалы шығармашылық бөлімінің "Әртүрлі материалдарды ілмекпен тоқу" сабағының екінші сабағына да келіп жеттік.

 

 Сабақ барысы

 Сабақ практикалық дағдыларды дамытуға негізделген.

 Оқушылар өткен сабақта бастаған жұмыстарын жалғастырады.

 

6.1.6.4.Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

6.2.6.1.Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттарын іске асырылады. Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға кіріспес бұрын қауіпсіздік техниканы тағы бір еске түсіру қажет.

  • Ілмекпен бізбен жұмыс істеу барысында сыныптасыңа кедергі жасамау;
  • Ілмекпен бізбен жұмыс істеу барысында практикалық тапсырманы жұмыс орнында ғана жасау;
  • Ілмек бізбен жұмыс істеу кезінде сыныпта жүрмеу, жүгірмеу;

Бейнематериал тамашалау

 Бұйым тоқу туралы бейнематериал тамашалау. Оқушылар бұйымдарын тоқуды жалғастыру үшін идеялар алып, жаңа техникаларды меңгеруі мүмкін. Бейнематериалдарды оқушылардың еркін қолдануы үшін ноутбук, компьютер дайындап қойған дұрыс. Оқушылар жұмыс барысында қажетті бейнероликті тамашалап, жұмыстарын жалғастыра алады.

Сұрақтарға жауап бер.

 Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақта не істейтіндіктері туралы ойланады. Жұмыстарын жалғастырады.

 

 Сабақтың ортасы

 Практикалық тапсырманы орындамас бұрын тәжірибелік тапсырмалар күнделігіне бүгінгі сабақта не істейтіндіктері туралы ойланғандары дұрыс. Ол үшін оқушының әрбіреуі сабақта не істейтіндіктерін жазып алғандары жөн.

 

 Бағалау.

 Сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын бағалау үшін "Температураны өлшеу" әдісін ұсынамыз. Бүгін біз не істеп жатырмыз? сұрағына жауап беру арқылы оқушылар сабақ барысында не істеп жатқандарын, сабақ соңында қандай нәтижеге жету керектігіне назар салады.

 

 Бірін - бірі бағалау.

 Практикалық тапсырманың екінші сабағы аяқталғандықтан сабақта не істелгендігіне мән беру қажет. Сол себепті бірін - бірі бағалауды өткізу ұсынылады. Ол үшін оқушылар екі сабақ қатарынан тоқылған бұйымдарын бағалайды. Не істелді? Нені аяқтау қажет? Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалау барысында пікірлерімен бөлісіп, бір бірінің жұмыстарын аяқтау үшін қолдау көрсетеді.

 

 Екі жұлдыз, бір тілек

 Бағалаудың бұл түрін де бір-бірін бағалау үшін қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу