Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (қыздар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 6(қыздар)

Сабақ: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6164

Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақ мақсаттары

  • нобайға сәйкес тоқыма бұйымын жасау.

Бағалау критерийлері

  • тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, мәселелерді шешеді;
  • шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, экспериментке көңіл бөледі;

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың халқтарының тұрмыстық ғұрып-салтын, дәстүрін, тарихын айта алады.

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Сулық, ұялы телефон қабы, сөмкелер. Мен ...таңдау себебі, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

 

Іздену, зерттеу құндылығы оқушыларда мәліметті іздену кезеңінде дами түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушылардың бойында өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Топ ішінде жұмыс жасағанда құрмет, сыйластық құндылықтары жетіле түседі.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақты тарих пәнімен байланыстыруға болады. Себебі, оқушылар ілмекпен тоқу өнерімен танысады. Ертеректе қолданылған әдіс-тәсілдерімен танысады, өздері жасап көреді.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ зерттеу жұмысын жүргізу үшін ноутбуктар қолданылады.

Бастапқы білім

Тақырып: Бұйымның нобайын салу және құрал-жабдықтар мен материалдарды таңдау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл презентациясы

5 минут

Бастапқы кері байланыс

«Сұрақ-жауап»

3 минут

Негізгі тапсырма

2 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда тоқыма бұйымдарының мысалы, сулықтар, сөмкелер және ұялы телефон қаптары т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.

Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  • Тоқыма жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?
  • Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға болады?
  • Тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам өміріне және ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын ілмек бізбен тоқылған бұйымдарды қарастырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Қарастыр:

Сұрақтарға жауап бер:

* бұйымды қандай техникада тоқыды?

*Бұйымды немен толықтырар едің?

*Осындай бұйымдарды жасау үшін қанша уақыт қажет?

Сұрақтарға жауап бер:

*Ұялы телефонға арналған чехолдардың қайсысының түстік гаммасы ұнамды? Неліктен?

Сұрақтарға жауап бер:

  • Бұйымдарда сенің ойыңша тоқыманың қандай түрі қолданылған?
  • Телефонға, планшетке, құтыға арналған бұйымдар қандай жіптерден тоқылуы қажет?
  • Осындай бұйымдарды тоқу барысында неге(бұйымның өлшеміне, жіптерге, түстерге) назар аудару қажет?

Тәжірибелік жұмыстың күнделігін жүргіз:

* Ілмекпен тоқудың қандай түрлерін білесіздер?

* Ілмекпен тоқуда қандай құралдар мен материалдар қолданылады?

*Ілмекпен тоқу кестесін дайындау үшін қандай шартты белгілер мен атаулар қолданылады?

*Ілмекпен бұйымды тоқу барысында қандай қиындықтар туындады? Оны қалай шешуге болады?

Оқушылар ілмекпен тоқу барысында альбомдарына тәжірибелік күнделік жүргізу ұсынылады.

Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға жауап бере отыра, қиындықтарды жеңе алады.

Тоқуды баста:

1. Қадам: Қатар жасау. Қарапайым шалулар арқылы қатар жасау.

2.Қадам: Ілмекті шалуға кіргізу.

3 Қадам: Шалуды байлау.

4. Қайта бұрылатын шынжыр орындау.

5.Өз кестесі бойынша тоқуды жалғастыру.

Презентация

1,2,3,4,5 слайдтар

https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4

hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/

Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496

Өрнектеп тоқу түрлері

http://bilimsite.kz/tehnologia/257-ornektep-toku-turleri.html

Қазақтың бір өнері -- кілем тоқу - YouTube

https://www.youtube-nocookie.com/embed/djz4iAUxkl0

Алаша тоқу.

https://www.youtube.com/watch?v=T5Yf336osIA

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыдан күтілетін нәтиже – тапсырманы уақытылы орындау, бағалау критерийіне сәйкес болу, шығармашылық жұмысты сауатты орындау.

Бұл сабақта оқушылар екі деңгейдегі дифференциациялық тапсырманы орындайды. Қабілеті жоғары оқушылар өз зерттеулерін POWER POINT компьютерлік бағдарламасында электронды түрде, ал қабілеті орта оқушылар А2 флипчартына (плакат) сызба, сурет арқылы түсіреді.

Деңгейлік тапсырманы оқушылар өздері таңдайды.

Бастапқы кері байланыс

«ой толғау»

Кейінгі кері байланыс

«Микрофон» әдісі

Өзара бағалау түрі

«Смайлик» әдісі

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- ноутбукты ұқыпты пайдалану, су құйып жібермеу, бетін ұрмау т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу