Портреттегі мамандықтар 2. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Портреттегі мамандықтар 2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1

Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.

4.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

4.3.1.1

Өз жұмысын шығармашылық тәсілдермен негізгі идеясын түсіндіре отырып, арнайы терминологияны қолдана отырып, таныстыру.

 Сабақ мақсаттары

  • Портретті аппликация техникасында (коллаж) жасау үдерісін аяқтау;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Шығармашылық жұмыстарын таныстыру.

  Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Шығармашылық жұмысына таныстырылым жасады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: аппликация, коллаж, аксессуарлар, мамандық, жұмысына таныстырылым жасау.
  • Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: Менің шығармашылық жұмысым… қолдану арқылы жасалынды.

Құндылықтарды дарыту

Әлем мәдениеттерінің алуан түрлілігін қабылдау және құрметтеу және елдің мәдени мұрасын зерттеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау.

 Пәнаралық

 байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

Коллаж техникасында материалдарды араластыру туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1 Ұйымдастыру. Сабаққа дайындығын тексеру (құралдарының бар екендігін).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Портретті аппликация техникасында (коллаж) жасау үдерісін аяқтау;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Шығармашылық жұмыстарын таныстыру.

Сабақтың ортасы

36 минут

2 Бастапқы нүктені анықтау:

- орындайтын не қалды;

- көмек қажет пе;

(3 минут)

3. Оқушыларға ыстық желімді, кескіш және өткір құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ережесін еске түсіру (2 минут)

  • Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
  • Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
  • Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;
  • Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;
  • Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;
  • Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.
  • Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;
  • Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.
  • Қайшыны сабы жағын қаратып ұсыну қажет.
  • Қайшымен ойнауға БОЛМАЙДЫ!
  • Сыныпта қайшының ашық жүзімен жүруге БОЛМАЙДЫ!

4. Практикалық жұмыс. (17 минут) (репродуктивті әдіс, тәсіл алған білімдерін практикада қолдану, жұмыс түрі- жұптық)

А3 форматында белгілі мамандық иесінің портретін аппликация (коллаж) техникасында аяқтаңыздар.

Жұмысты орындау кезеңдері:

  • Киім бөлшектерін жабыстыру;
  • Мамандыққа тән аксессуарларды қию және жабыстыру.

5 Шығармашылық жұмыстың таныстырылымы: (8 минут)

1. Форматта бейнеленген адам туралы айтыңыз.

2. Орындалған портреттегі мамандық иесіне тән киім ерекшеліктерін және аксессуарларын атаңыз.

3. Жұмысыңызда қолданған материалдар мен құралдарды атаңыз.

4. Жұмыстағы екі жағымды жағын атаңыз.

5. Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныс айтыңыз.

Өзара бағалау. Дескрипторлар: (6 минут)

- форматта бейнеленген адам туралы айтады;

- орындалған портреттегі мамандық иесіне тән киім ерекшеліктерін және аксессуарларын айтады;

- жұмысында қолданған материалдар мен құралдарды айтады;

- жұмыстағы екі жағымды жағын айтады;

- жұмысты жақсарту бойынша ұсыныс айтады;

- жауабында арнайы терминдерді қолданады.

Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиыншылық болды? (1 минут)

АКТ. Қауіпсіздік ережесі туралы слайд

Қатты қағаз А3, жай А3 форматын да алуға болады, қарындаш, түрлі түсті қағаз, мата қиқымдары, түйме, тоқуға арналған жіп және т/б, қайшы, ПВА желімі немесе ыстық желім, қарындаш- желім.

АКТ. Дескрипторлармен слайд.

Сабақ соңы

3 минут

6. Рефлексия:

- не қолыңыздан келді;

- нені толықтыру қажет.

7. Жұмыс орынын жинастыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Қалған оқушылар жұмыстарына белгілі мамандық иесіне тән қосымша нысандарды қосып толықтырады.

Өзара бағалау.

Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары іске асырылатындай болды.

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді.

Саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Уақыт кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұмыстың практикалық бөлігі.

2: Шығармашылық жұмыстарының таныстырылымы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу