Портреттегі мамандықтар 1. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4 С

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Портреттегі мамандықтар 1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.7.1

Жұмыстың орындалу барысын жоспарлап, жұмыс орнын дайындау

4.2.1.1

Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді өз сезімдері мен көңіл-күйлерін айқындай отыра, түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра отырып қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Альбомдарында аппликацияны (коллажды) жасау кезеңдерін жоспарлау;
  • Жұмыстың бірінші кезеңін аяқтау: аппликация (коллаж) техникасында портретті жасау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Практикалық жұмыстың бірінші кезеңін орындады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: аппликация, коллаж, аксессуарлар, мамандық.
  • Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: Мен таңдаған мамандық бойынша адамды жасау үшін …

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

«Шашырату» әдісі туралы білімі және коллаж техникасында материалдарды араластыру туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал- жабдықтарының әкелінуі)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Альбомдарында аппликацияны (коллажды) жасау кезеңдерін жоспарлау;
  • Жұмыстың бірінші кезеңін аяқтау: аппликация (коллаж) техникасында портретті жасау.

Сабақ ортасы

35 минут

2 Оқушыларды жұптарға бөлу. Өткен сабақта жасалған жұмыстарының эскиздерін талқылау:

- суретте бейнеленген адамның қандай мамандық иесі екендігі түсінікті ме;

- бейнесі кішкентай болып шықпады ма;

- немесе керісінше форматқа тар бейнеленді ме және т.т.

Аппликация жасау үшін ең жақсы нұсқасын таңдау. (5 минут)

Кері байланыс. Бүгінгі сабақта нобай қандай рөлде болады? (1 минут)

3. Әр жұп аппликацияны орындаудың кезеңін альбомдарына жазып қою: (8 минут)

  • Адамның бейнесін А3 форматына түсіру;
  • Адамның келбетін немен айқындау: көздері, қасы, мұрны, ерні, шашын;
  • Киімі, аксессуары үшін қандай материал қолданылады;
  • Берілген мамандық иесі үшін киімді матадан немесе басқа материалдан қалай қию қажет;
  • Киімнің бөлшектерін немен толықтыру қажет (түйме, қалта, қапсырма, белбеу және т.б.)
  • Таңдалған материалға қандай желім түрін таңдау қажет (ПВА желімі, қарындаш- желім, ыстық желім)
  • Жұпта жұмысты атқару міндетін бөлу.

Кері байланыс. Берілген мамандық иесінің образын жасауда ең маңыздысы не деп есептейсіздер? (оның айқындылығы, образды аша алуы) (1 минут)

4. Кескіш құралдармен және ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережесін естеріне салу. (2 минут)

5. Практикалық жұмыс. (17 минут)

(репродуктивті әдіс, тәсілалған білімдерін практикада қолдану, жұмыс түрі- жұптық). А3 форматында белгілі мамандық иесінің аппликациясын (коллажын) жасаңыздар.

Жұмысты орындау кезеңдері:

  • А3 форматын тігінен орынластырыңыздар.
  • Жай қарындашты қолдана отырып бас пішінінің, шаштың, бет мүшелерінің, бас киімінің, киімнің, аксессуарлардың орналасуын белгілеңіз.
  • Көшірме қағазының көмегімен киім бөлшектерін қағаз бетіне түсіріңіз, шыққан суретті қиып алыңыз да кейін оны басқа материалдан осы киімдерді жасау үшін лекало ретінде қолданыңыз.

Мұғалімнің бақылауы. Жұмыс барысында мұғалім оқушыларды бақылап жүреді, кейбір оқушыларға көмек көрсетеді.

Диффференциация. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Ал қалғандары суреттеріне қосымша нысандар қосады, белгілі мамандыққа тән орналасуы бойынша мекенін көрсетеді.

Кері байланыс. Жұмыс кезінде қандай қиындық туындады? (1 минут)

Келесі сабақта аппликация, коллаж жасау бойынша жұмысты жалғастыру.

Альбом, қалам.

АКТ, презентация

А3 қатты қағазы, жай А3 форматын да алуға болады, жай (графитті) қарындаш, түрлі түсті қағаз, мата қиқымдары, түйме, тоқуға арналған жіп және т.б., қайшы, ПВА желімі немесе қарындаш- желімі, ыстық желім.

Сабақ соңы

3 минут

6. Рефлексия:

- не қолдарыңыздан келді;

- қай жерін жетілдіру қажет.

7. Жұмыс орындарын жинастыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Диффференциация. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Ал қалғандары суреттеріне қосымша нысандар қосады, белгілі мамандыққа тән орналасуы бойынша мекенін көрсетеді.

Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты іске асырылатындай болды.

ОМ барлық оқушылар жетті.

Сабақта саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың практикалық бөлігі.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу