Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, презентация.
Қалай ойласыздар бүгінгі тақырып не жайында болады?
Дэн Сяопин -көрнекті қытай реформаторы
Цели урока
11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұғымын қолдану;
11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау
Дэн Сяопин
Дэн Сяопин – Қазіргі Қытай тарихында халқына адал қызмет еткен ерекше тұлғалар бар. Солардың бірі әрі бірегейі - Дэн Сяопин. Өткен ғасырда елдің тұралаған экономикасына реформа жасап, тұрақты дамуға жеткізуде ол сіңірген еңбек ұшан-теңіз. Санаулы жылдар ішінде халқының саны бір миллиард үш жүз миллионға жуық аспан асты алып елді азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, тіптен кейбір түрлерін экспортқа шығартудағы экономикалық жаңашылдығы бүгінде басқа елдерге де үлгі болып отыр.
Зерттеу сұрақтары
Қытайдағы қандай оқиғалар Дэн Сяопинің саяси көзқарасына әсер етті?
Дэн Сяопинің реформалары Қытайдың экономикасына қалай әсер етті?
Дэн Сяопин
Дэн Сяопин 1904 жылы 22 тамызда Қытайдың оңтүстігіндегі Сычуан провинциясындағы Пайфан ауылында өмірге келді. Әкесі Дэн Вэньмин сіңірі шыққан тақыр кедей болатын. Анасы ерте қайтыс болғандықтан әкесі Дэн Вэньмин екінші рет үйленеді. Дэн Вэньмин үлкен ұлы Дэн Сяопинді Цунцинадағы мектептің дайындық курсына береді. Ол мектепте үздік оқушылар қатарында болды. Болашақ «реформа архитекторының» әкесі қанша кедей болса да, саясаттан тысқары жүрмесе керек. Ол шаруалардың «Еріктілер» құпия қоғамына белсенді мүшесі ретінде күреске араласып отырған. Оның «ту ұстаушы» деген жанама аты бар.
Ұлттық революциялық рухта тәрбиеленген Дэн Сяопин он алты жасқа толған шақта ықпалды адамдардың қолдауымен Францияға оқуға жіберілетіндердің тізіміне ілігеді. 1920 жылдың желтоқсанында Франция кемесі «Портос» Марсель айлағына келіп тоқтады. Кемеден еуропалық жолаушылармен бірге бір топ қытай жастары да түсті. Бұл коммунистік бағыт ұстанған жандар болатын. Солардың арасында орта бойлы, ашаң өңді жігіт Дэн Сяопин өзгелерден ерекше көрініп тұрды. Мұнда ол Қытай социалистік жастар одағына мүше болып қабылданды. Коммунистік газеттер мен үнпарақтар шығарып, тарату жұмыстарында белсенділік танытты. Ол осылай оқып жүріп те саясатпен етене айналысты. Ай сайын үйінен келетін қаражат пен үкіметтің жіберген стипендиясы күнделікті қажеттілігіне жете бермейтін. Сабақтан соң кез келген жерде жұмыс істеп жүрді. «Рено» автозауытында қара жұмыс істеді, жылу орталығында от жағушы болды, ресторандарда даяшының да міндетін атқарды.
Сұрақтар
Дэн Сяопинің реформалары Қытайдың экономикасына қалай әсер етті?
«Дэн Сяопиннің «Қытайлық социализм»
Дэн Сяопиннің бастамасымен жасалынған экономикалық реформа «гайге» деп аталынды. Шын мәнінде бұл Қытайдағы екінші экономикалық революция. Оның өмірінің соңғы кезінде отбасында 16 жан болды. Ол ұл-қыздары мен немерелерінің ісіне ешқашан да араласқан емес және оларға қызметін пайдаланып көмек көрсеткен де жоқ. Қытайда ондай өмір жолын ұстанған жан кемде-кем. Атақты реформатор 1997 жылы бақилыққа аттанды. Қазар оның есімін Қытай халқы әрдайым мақтанышпен атауда.
Дэн Сяопиннің мақсаты елдің қоғамдық өмірі мен экономика саласын түбегейлі қайта құру еді. Ол мұны жетпісінші жылдан бастап сексеніші жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Әуелі азық-түліктің қайнар көзі ауыл шаруашылығына баса назар аударды. Отбасылық мердігерлік тәсілді енгізудің арқасында шаруалар өз өнімдерін нарықтық бағамен сатуға мүмкіндік алып, басқа да кәсіпкерлікпен айналысуға қол жеткізді. Содан соң өнеркәсіп орындарына шаруашылық есепті ендірген. Солармен қатар шетел капиталына жол ашып, «арнайы экономикалық аудандар» құра бастады.
Одан әрі мемлекет қызмет көрсету, туризм, техника жөндеу және көмекші құралдар шығарумен айналысатын ұсақ және шағын бизнеске рұқсат етілген заңдар шығарған. Осындай игі істердің нәтижесінде ел бұрын соңды болмаған экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Ішкі жалпы өнімнің жылдық өсімі әр адамға шаққанда 10, кейде 14 пайызға дейін көтерілген. Ең бастысы елде бұрыннан келе жатқан азық-түлік жетіспеушілігі де толық шешілді. Дэн Сяопиннің саяси көзқарасына жіті үңілген жанға оның ел дамуына капиталистік баламаны кіргізбегені анық көрінеді. Оның басты идеясы «Қытайды социалистік жолмен модернизациялау» болды. Осы стратегия бойынша ол өндірісте, ауыл шаруашылығында, сауда-саттық жүйесінде нарықтық дамуды сара жолға қойды. Ол тұрақты түрде батыс инвестициясына «ашық есік» жариялап, олармен саяси қарым-қатынасты барынша күшейтті. Дэн Сяопин кезінде Кеңестер Одағының басшысы Михайл Горбачевтің «қайта құру» саясатын жоғары бағалаған. Кеңестер Одағы тараған соң Ресейдегі саяси басшылықтың ауысуына ұстамдылықпен қарады. Ол: «Егер Қытай социализм жолынан тайғанда, онда ел жартылай феодалдық және отар елге айналуы мүмкін еді» дейді.
Видеоролик
«Эпоха перемен» Дэн Сяопин
https://www.youtube.com/watch?v=W8ylwzaFgkI&feature=emb_logo
Бейнебаянды көріп мына сұрақтарға жауап берініз: Дэн Сяопинің саяси реформалары Қытай экономикасына қалай әсер етті?
Дэн Сяпинь п Капиталистік қатынастарды Қытайда қалай еңгізді?
SWOT – анализ Дэн Сяопинің реформаларына баға берініз
Үй жұмысы
Үйге тапсырма: Эссе жазу 250 сөз – эсседе қосымша материалдарды қоладану керек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру