Жаңа ғасыр революциясы: себептері мен салдары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысушылардың саны:

Қатыспайтын оқушылар саны::

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа ғасыр революциясы: себептері мен салдары.

Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты

10.3.3.8 – «түсті революцияның» және «араб көктемінің» сыртқы және ішкі факторларын анықтау;

10.3.3.9 – қоғам мәселелерін революциялық тәсілдермен шешудің салдары туралы қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері

«Араб көктемінің» себептері мен салдарын сипаттайды. Логикалық тұжырым жасайды.

Қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары туралы қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-"Араб көктемінің" себептері мен салдарын жеке елдер мысалында көрсете алады және оларды сызбада көрсете алады (оқылым және жазылым дағдылары);

-қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілі туралы проблемалық мәселені талқылауға қатысу (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары).

Терминология: «араб көктемі», демонстрация, революция, демократия, босқындар.

Оқылым мен жазылымға пайдалы тіркестер:

Тунистегі революциялық іс-әрекеттердің басталу себептері…

Тунистегі революциялық төңкеріс нәтижесінде…

Менің ойымша, "Араб көктемінің" оқиғалары елдің жағдайын … өзгертті.

Айтылғанды ескере отырып, мен … қорытынды жасай аламын.

Қоғамдық мәселелерді революциялық тәсілмен шешу ақталды, себебі…

Қоғамдық мәселелерді революциялық тәсілмен шешу ақталған жоқ, себебі…

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара бағалау кезіндегі академиялық адалдылық, гуманизм, адамның құқықтары мен еркіндігін құрметтеу, коммуникативтік қабілеттерді дамыту.

АКТ қолдану дағдылары

Мәтіндік ақпаратты өңдеу..

Пәнаралық байланыс

Саясат, география, әлеуметтану.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттықтан жоғары органдар бойынша алдыңғы білімдерге және адам құқықтарын дамытуға негізделген. Оқушылар қазіргі әлемнің кейбір мәселелерін және халықаралық ұйымдардың осы мәселелерді шешуге қаншалықты көмектесе алатынын зерттейтін болады, мысалы ретінде, 2010 жылдан бастап келе жатқан араб әлеміндегі халық көтерілістерін талқылайды. Сонымен қатар, окушылар екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі БҰҰ-ның жұмысын қарайтын болады және оның ізашарлары Ұлттар лигасы ұйымының жұмысымен байланыс жасай алатын болады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысындағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(С) Бастапқы ынталандырушы материал:

Оқушыларға «көктем» тақырыбына келесі суреттер сериясын көрсетіңіз. Оларға осы жыл мезгілімен байланысты ассоциацияларымен/әсерлерімен бөлісуді ұсыныңыз.

Оқушылармен «Араб көктемі» ұғымын талқылаңыз.

Ұғымның академиялық анықтамасымен таныстырып, картамен жұмыс істеңіз.

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация слайдтары

Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

5 минут

7 минут

(Ж) Оқушылар үшін екі ел бойынша ақпараттық парақтарды дайындаңыз: Тунис, Мысыр. Оқушыларға осы елдердің мысалында "Араб көктемі" оқиғасын оқып үйренуді ұсыныңыз.

Тапсырма:

-Елдегі революция оқиғаларын оқыңыз:

1 оқушы: ТУНИС

2 оқушы: МЫСЫР

- Мәтіндегі маңызды ақпаратты көрсетіңіз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

«Араб көктемінің» себептері мен салдарын сипаттайды.

Логикалық тұжырым жасайды.

Мәтінде көрсетеді:

- революцияның уақыт мерзімін;

- революцияның негізгі себебін;

- саяси қызметкерлердің аты-жөндерін;

- революция нәтижелерін;

- революция салдарын.

Ақпараттық материалмен жұмыс кезінде мұғалім тарапынан қолдау көрсету. Ішінара ұжымдық талқылау.

(Ж) Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Жұпта оқушылар пысықталған ақпаратты талқылайды, тапсырманы орындайды:

- "Араб көктемінің" себептері мен салдарының тізімін құрыңыз.

- Сызбасын жасаңыз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

«Араб көктемінің» себептері мен салдарын сипаттайды.

Логикалық тұжырым жасайды.

Сызбада:

- «Араб көктемінің» кем дегенде 2 себебін көрсетеді;

- оң және теріс салдарды көрсетеді;

- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді салдарды көрсетеді;

- әлеуметтік, экономикалық, саяси салдарды көрсетеді.

Сыныпта талқылау. Бірін-бірі бағалау.

(Ж) Оқушылар қорытынды тапсырманы орындайды:

Позицияңызды таңдаңыз:

А) қоғам проблемаларын шешудің революциялық тәсілі ақталды;

В) қоғам проблемаларын шешудің революциялық тәсілі ақталған жоқ.

Өз таңдауыңызды дәлелдеңіз.

Бағалау критерийлері:

Дескрипторлар:

қоғам проблемаларын шешудің революциялық тәсілінің салдары туралы қорытынды жасау.

- бір позицияны таңдайды;

- өз таңдауын 1 аргументпен дәлелдейді..

(С) «Пікірлер аллеясын» жүргізіңіз.

Мысырдағы саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелері

https://articlekz.com/kk/article/17274

Араб көктемі

file:///C:/Users/Zver/Downloads/501-1-988-1-10-20160604%20(1).pdf

Магриб елдеріндегі саяси дағдарыс

http://student.zoomru.ru/history/arab-dadarysy/186758.1532069.s1.html

Тунистегі жаңа үкіметтің алдындағы қиыншылықтар

https://www.trt.net.tr/kazakh/bag-darlamalar/2016/09/25/tunistieghi-zhan-a-ukimiettin-aldyndag-y-k-iynshylyk-tar-575887

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Презентация слайдтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу