Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 6.21.2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру

Мектеп: Алматы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Рахимжанова Г.Б.Куатова К.Е

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Орта ғасырлық халықаралық сауда жолына айналған Ұлы Жібек жолының маңыздылығын түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

  • Оқушылар аялдамаларда тапсырмаларды орындайды;
  • Топта постер жасайды;
  • Бейнематериал негізінде өз ой- пікірлерін тұжырымдайды.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Маңыздылық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық

Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...

Сұрақтар-мысалы: Неліктен сіз қостыңыз ...?

Неліктен сіз алып тастадыңыз...?

Қорғау-мысалы:Мен мұны қостым, өйткені...

Мен мұны алып тастадым, өйткені..

Өңдеу мысалы:Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді...

Пайымдау-мысалы

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

 Пәнаралық байланыстар

География (Батыс пен Шығыс мемлекеттерін және Ұлы Жібек жолының бағыттарын картадан көрсету), Қазақстан тарихы (Ұлы Жібек жолы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

(БЫМ)Б Оқушыларға слайдтан Ұлы Жібек жолы картасын көрсетіп, төмендегі сұрақтар төңірегінде ой бөлісуді ұйымдастыру.

Картадан қандай мәлімет алуға болады?

Әлемдегі мемлекеттер қандай карым- қатынаста болды?

Оқушылар осы сұраққа жауап бере отырып, сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі (мәтінді оқу

5-12 мин

Топтық жұмыс түрі

12-30 мин

Бүкілсыныппен жұмыс түрі

30-35 мин

Т Оқушыларды аялдаманың атауы арқылы топқа бөлу.

1-топ Тарих аялдамасы

2-топ Сауда аялдамасы

3-топ География аялдамасы

Т. Мәтінмен жұмыс.Оқушылар мәтінді жеке оқып, танысады да әр столдың үстінде жазылып тұрған аялдамаларға топпен келіп, тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. «Тарих» аялдамасы

2апсырма. «Сауда» аялдамасы

3-тапсырма. «География» аялдамасы

Т Топпен аялдамалардағы тапсырмаларды орындап келген соң, өз орындарына келіп постер жасайды.

Бағалау критерийлері:

  • Мазмұндылығы
  • Баяндау шеберлігі
  • Уақытты тиімді пайдалануы

Б. Бейнематериалмен жұмыс

Ұлы Жібек жолы сауда мен халықаралық байланыстардың нығаюына қаншалықты ықпал етті? -деген сұраққа оқушылар өз ой-пікірлерін 3 нақты дәйекпен тұжырымдайды.

Дескрипторлар:

  • Оқушылар «Тарих», «Сауда», «География» аялдамаларына топпен келіп, тапсырмаларды орындайды.
  • Топта аялдамалардан жинаған ақпараттары бойынша постер жасайды.
  • Бейнематериалмен жұмыс жасап, өз ой-пікірлерін 3 нақты дәйекпен тұжырымдайды.

Қосымша 1

Қосымша 2

Бейнематериал:Ұлы Жібек жолы http://m.androidmafia.ru/video/Ae7QAZ5pdEo

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия: «Смайликтер»

  • Топтық жұмыстағы 5 жетістік пен 5 кемшілік анықтап,стикерлерге жазу. (1 стикерге 1 жазба түсіріледі)
  • Кемшіліктерге талдау жасау
  • 1.Жариялау кемшілігі аз топтан басталады (қалған топтар кемшіліктерді қайталамау үшін стикерлерін алып тастап отырады.
  • 2.Қалған топтар өз кемшіліктерін жариялайды.
  • 3.Жіберілген кемшіліктерді топтау (ұйымдастыру, зерттеу, білу және түсіну, қорытындылай білу)
  • 4.Ұсыныстар жасау: «келесі жолы неге көңіл бөлу керек?»
  • Жетістіктерге талдау жасау
  • 1.Жетістіктерді топтау.
  • 2.Ең үлкен жетістікті таңдап алып,тақтаға жапсыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта жеке, жұпта, топта оқушылар тапсырма орындауда аралас бірге жұмыс жасағандықтан бір-бірлеріне қолдау көрсетеді.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар Миға шабуыл жасау арқылы суреттер топтамасы арқылы тақырыпты, сабақ мақсатын анықтау барысында мұғалім тарапынан қолпаштау, қолдаулар жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар мақсатқа сай ұқсастықпен айырмашылықты ажырата біледі

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу