Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар 6.21.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Орта ғасырлық халықаралық сауда жолына айналған Ұлы Жібек жолының маңыздылығын түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Оқушылар бейнематериалдағы ақпараттарды жазбаға түсіріп, өзара бағалайды;
  • Кестеде берілген дәйектерге оқушылар мәтіннен мысалдар келтіреді;
  • Ұлы Жібек жолы бағыттары мен ортағасырлық қалаларды кескін картада белгілейді;
  • Ұлы Жібек жолының маңыздылығын тұжырымдайды.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Маңыздылық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық

Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...

Сұрақтар-мысалы: Неліктен сіз қостыңыз ...?

Неліктен сіз алып тастадыңыз...?

Қорғау-мысалы:Мен мұны қостым, өйткені...

Мен мұны алып тастадым, өйткені..

Өңдеу мысалы:Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді...

Пайымдау-мысалы

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

 Пәнаралық байланыстар

География (Батыс пен Шығыс мемлекеттерін және Ұлы Жібек жолының бағыттарын картадан көрсету), Қазақстан тарихы (Ұлы Жібек жолы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар сауда, экономикалық және мәдени байланыстар бойынша алдыңғы бөлімдердегі және Қазақстан тарихындағы қарастырған тақырыптарында алған білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

(БЫМ) Т Оқушыларды мата түрлерін тарату арқылы топқа бөлу.

Бұл қандай мата?

Сапасы қандай?

Не үшін қолданылады?

Мата түрлерін көрсете отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына болжам жасату.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын, зерттеу сұрағын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады, бағалау критерийлері және тарихи концептімен танысу.

презентация

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс түрі

5-12 мин

 

 

 

Жұптық жұмыс түрі

 

12-25 мин

Топтық жұмыс түрі

 

25-32 мин

Бүкілсыныппен жұмыс түрі

32-37 мин

Ж Бейнематериалмен жұмыс. Оқушылар бейнематериалды көре отырып, тыңдаған ақпараттарын дәптерлеріне жазады.Сонан соң топта солдан оңға қарай отырғандар дәптерлерін алмасып, бір –бірлерінің жазған ақпараттарымен танысады.Ең соңында мұғалім әр топтан кімнің ақпараты ұнағанын және не үшін ұнағанын сұрайды. Үздік жазылған жұмыстарға қолпаштау көрсетіледі.

Ұлы Жібек жолы туралы жалпы ақпаратпен танысқан соң оқушыларға мәтін таратылады.

Ж. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінді жеке оқып, жұппен органайзер кестені толтырады. Кестеде берілген дәйектерге оқушылар мәтіннен мысалдар келтіреді.

Дәйек(аргумент)

  • Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда жолы болды
  • Ұлы Жібек жолы мәдениеттің тірегі де болған.
  • Ұлы Жібек жолының түрлі миссионерлер өз діндерін таратып отырды.

Т Кескін картамен жұмыс. «Жүгіріп жүріп сурет салу» («Құмырсқа» стратегиясы) Оқушылар Ұлы жібек жолы бағыттары бейнеленген сынып тақтасындағы картаны топ болып кезекпен барып көру арқылы есте сақтап, кескін картаға түсіреді.

Б. Ұлы Жібек жолы сауда мен халықаралық байланыстардың нығаюында қаншалықты маңызды рөл атқарды? -деген сұраққа оқушылар өз ой-пікірлерін 3 нақты дәйекпен тұжырымдайды.

Дескрипторлар:

  • Оқушылар Ұлы Жібек жолы туралы бейнематериалдағы ақпараттарды жүйелі жазбаға түсіріп, өзара жұмыстарын бағалайды;
  • Кестеде берілген дәйектерге оқушылар мәтіннен мысалдар келтіреді;
  • «Құмырсқа» стратегиясы арқылы Ұлы Жібек жолы бағыттары мен ортағасырлық қалаларды кескін картада белгілейді;
  • Ұлы Жібек жолы сауда мен халықаралық байланыстардың нығаюындағы маңыздылығын 3 нақты дәйекпен тұжырымдайды.

Бейнематериал: Ұлы Жібек жолы

http://m.androidmafia.ru/video/Ae7QAZ5pdEo

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия:

  • Қандай дағдыларыңды дамыттың?
  • Қандай білім алдың?
  • Қандай қиыншылықтар туындады?
  • Ұсыныстарың қандай?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта жеке, жұпта, топта оқушылар тапсырма орындауда аралас бірге жұмыс жасағандықтан бір-бірлеріне қолдау көрсетеді.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар Миға шабуыл жасау арқылы суреттер топтамасы арқылы тақырыпты, сабақ мақсатын анықтау барысында мұғалім тарапынан қолпаштау, қолдаулар жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар мақсатқа сай ұқсастықпен айырмашылықты ажырата біледі

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу