Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.21.1

 

 VIII бөлім: Сауда, қолөнер және әлемді игеру

 Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?

 Оқу мақсаты:

 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру

 Тарихи концепт: маңыздылық

 

 Сабақ компонентерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеріңіз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Социометрия» атты жаттығу өткізіңіз. Келесі критерийлер бойынша оқушыларды топтарға жиналуды сұраңыз: Кімде көздің түсі бірдей? Жорамал белгісі бірдей? Сүйікті түсі бірдей? Тұратын аймағы бірдей? Хоббиі бірдй? Үй жануарлары барлар? және т.б. бойынша топтасады. Оқушылар топтарда оларды біріктіретін белгілері туралы сөйлесудеріне бірнеше минут беріңіз.

 Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға өте тиімді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Ұлы Жібек Жолының картасын көрсетіп, ежелгі және орта ғасырлардағы бұл трансконтинентальдық сауда жолы туралы білетіндерін еске түсіруді сұраңыз.

 Оқушылардыі жауаптары:

 Ұлы Жібек жолы - ортағасырлық Азия мен Еуропаны байланыстыратын керуен жолдары жүйесі. Оның атауы орта ғасырдың ең қымбат тауарымен – жібекпен - байланысты. Ежелгі Қытайда қолөнершілер жібек құртының кокон жіптерінен жібек мата жасайтын құпиясын игерген. Жібек құнды ретінде саналды және халықаралық валюта рөлін атқарды. Жібек киімді басшылар мен бірнеше бай адамдар ғана қолдана алған. Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын сауда бағытының пайда болуы осы матамен байланысты.

 Жібек жолының пайда болуы Батыс елдерінде біздің заманымызға дейінгі 138-126 жж. Чжан-Цзяньның - Қытай императорының ірі шенеуніктің дипломатиялық миссиямен байланысты. Елге оралған соң ол Қытай императорына басқа елдерде жібек өндірісі жоқ екенін және оны жылқы, тәтті жемістер, шарап және басқа тауарларға айырбастауға жібекті экспорттауға болатыны туралы кеңес берді.

 Жібек жолы XVI ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді. Жолдың жалпы ұзындығы 7 мыңнан 12 мың километрге дейін болған. Оның жеке тармақтары Жетісу және Оңтүстік Қазақстан аумағы арқылы өтті.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, сабақта Ұлы Жібек Жолы туралы көбірек білетіндері туралы және осы сауда жолының тарихи маңыздылығы туралы қорытынды жасайтындарың айтыңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

 

 3. Карточкалармен жұмыс. Әр топты Ұлы Жібек жолының тауарлары бейнеленген немесе жазылған карточкалар топтамасын ұсыныңыз.

 Карточкалардын мысалдары: жылқылар, жібек маталар, кілемдер, фарфор бұйымдары, қарбыз, қауын, шабдалы, күріш, бал, былғары, бал, мақта мата, қару жарақтар, керамика ыдыстар, жүн өнімдері және т.б. Оқушыларға топтарда талқылау жүргізіп, осы карточкаларды үш топқа бөлуді тапсырыңыз: Қытай, Еуропа, Орталық және Орта Азия мен Қазақстан аймақтарына қатысты таурлады анықтау.

 Топтар өз жұмысы туралы есеп береді, мұғалім слайдта көрсеткен топтастыруымен танысып, өз жұмыстарын тексереді:

 

Қытай

Орталық және Орта Азия, Казахстан

Европа

Фарфор, жібек мата, күріш

Жылқы, кілем, қарбыз, қауын, шабдалы, тері, мақта мата, қару, керамика бұымдары

Бал, жүн, керамика бұйымдары, жүн өнімдері

 

 Оқушылардан сұраңыз: Ұлы Жібек Жолындағы тауарлардың осы тізіміне қандай тауарларды қосуға болады? Осы кестеге қандай басқа аймақтарды қосуға болады?

 Ұлы Жібек жолы неге ұзақ уақыт бойы өмір сүргені туралы (б.з. II ғасырдан бастап XIII ғасырдың басына дейін, содан кейін Моңғол шапқыншылығы кезеңінен кейін XIV-XVI ғасырларда қызметін жалғастырды) қорытынды жасауды сұраңыз. Сұраңыз: Неге ҰЖЖ соңында өз қызметін толығымен тоқтатты?

 Оқушылардыі жауаптары:

  •  ҰЖЖ-нің басты тарихи маңызы - бұл халықтардың экономикалық дамуына және олардың арасындағы түрлі байланыстарды орнатуға ықпал жасағаны.
  •  Бұл сауда артериясының жоғалуының себебі - Ұлы географиялық ашулар дәуірінде теңіз сауда жолдардың табылуы себепті.

 Дескрипторлары:

 - Оқушы ҰЖЖ-тің тауарларын аймақтарға дұрыс топтастырды

 - Оқушы ҰЖЖ-нің тарихи маңыздылығын дұрыс анықтайды

 - Оқушы ҰЖЖ-нің қызметінің тоқталу себебін дұрыс анықтайды.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларды ҰЖЖ-нің тарихи маңыздылығы туралы менталды картасын жасау үшін флипчарттармен қамтамасыз етіңіз.

 Сабақта қолданылған түрлі оқу ресуртарды пайдаланып (мәтіндер, иллюстрациялар, тарихи құжаттардың фрагменттері және т.б.) оқушылар Ұлы сауда жолының өмір сүруінің тарихи маңыздығын айқындайтын қандай критерийлерді пайдалану,а болатынын анықтайды.

 Бұл келесі маңыздылық критерийлері:

 1. Өмір сүруінің ұзақтылығы.

 2. Ауқымы (ірі аудандарды, аймақтарды қамту).

 3. Көптеген адамдардың өміріне әсері.

 4. Қоғамның түрлі салаларына (экономикаға, саясатқа, мәдениетке, дінге) әсері.

 5. Кейінгі маңызды тарихи оқиғалар мен процестерге әсер етуі. (Мысалы, жаңа теңіз сауда жолдарын іздеу және ашу, Еуропа елдерінің Азиядағы, Америкадағы, Африкадағы аймақтарды отарлау және өздеріне бағындыру үдерісі, жаңа қалаларының пайда болуының, көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арасындағы өзара алмасу, діни ілімдердің, ғылыми білімнің және техникалық жетістіктердің таралуы басталды және т.б.).

 Тапсырма: Маңыздылық критерийін растайтын мүмкіндігінше көптеген фактілерді айқындайтын менталды картасын жасау.

 Тапсырма дескрипторлары:

  •  Оқушы 1-ші маңызды критерийге сай фактілерді дұрыс анықтайды,
  • Оқушы 2-ші маңызды критерийге сай фактілерді дұрыс анықтайды,
  • Оқушы 3-ші маңызды критерийге сай фактілерді дұрыс анықтайды
  • Оқушы 4-ші маңызды критерийге сай фактілерді дұрыс анықтайды,
  • Оқушы 5-ші маңызды критерийге сай фактілерді дұрыс анықтайды,
  •  Рефлекцияны жүзеге асыру үшін «Гүлді алаң» атты жаттығуды ұйымдастырыңыз. Тақтада түрлі дала гүлдерінің бейнелерінде сабақта қолданылған түрлі іс-әрекеттердің аттары жазылған сурет көрсетілген. Оқушылар өздеріне сабақ барысында ұнаған гүлге көбелектің бейнесін жапсырып қояды. Және ол неліктен өз көбелегін осы гүлге отырғызғаны туралы айтып береді.

 Оқушылардың жауаптары мұғалімге сабаққа таңдап алынған іс-әрекеттің тиімділі туралы қорытынды жасауына көмектеседі.

 6. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:

 - Коуп Роберт «Ұлы Жібек жолы». - Карл Байпаков «Жібек жолындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары».

Сабақ тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалдар

«Марко Поло және Ұлы Жібек жолы» мәтіні

Мәтінге сұрақ: Төменде келтірілген мысал орта ғасырдағы Ұлы Жібек жолының тарихи маңыздылығын қалай айқындайды?

 

 Марко Поло “Әлемнің алуан түрлілігі туралы кітабында” Юань әулетінің ұлы ханы Кұбылайға 17 жыл бойы қызмет еткен және түрлі мемелекеттің істерді атқару үшін империяның қашық аймақтарына жиі барған тұлға. Ол бір кезеңде Цзянсу провинциясында Янчжоу қаласының губернаторы да болды.

 Қытайды жаулап алған моңғолдар жергілікті тұрғындарға сенім артқан жоқ, сондықтан империяның үкіметтік лауазымдарға шетелдіктерді тағайындаған.

 Марко керемет байлықтары мен еліктіретін дәстүрлері бар үлкен қалалардың бейнесін сипаттайды. Бұо өркениет Батысты осыған дейін қызықтырмаған немесе еуропалықтар бұл ел туралы хабарсыз болды, сондай-ақ, тек аңыздар арқылы білетін болған.

 Ұлы ханның сарайы туралы Марко былай деп жазды: «Мұндай үлкен сарайды ешқашан көрмедім. Қанша бөлмелер, олар кең және әдемі ұйымдастырылған және әлемдегі ешкім осыдан жақсы бөлмелерді сала алмайды».

 Сондай-ақ ол былай деді: «Үлкен және кішкентай бөлмелердің қабырғалары алтын мен күміспен қапталған, олар айдаһарлар, құстар, жылқылар, жануарлардың барлық түрлерінің суреттерімен безендірілген. Ал шатыры қызыл, жасыл, көк, сары, түрлі түстермен нәзік және мәнерлеп боялған, кристалдай жарқырайды». Сарайдың сәнді саябақтарында жануарлардың барлық түрлері көп болды.

 Ортағасырлық Еуропаның қалаларының көшелерінен айырмашылығы, Ханбалықта (Пекинде) көшелері «кең, түзу, аяғына дейін көрінетін, бір қақпасынан екіншісіне дейін көрінеді». Таң қалған венециандық жазушы: «Ең қымбат нәрселер, ең қымбат бағасымен сатып алынған заттар әкелінеді, бірақ әлемдегі ешқандай қалада жоқ молшылыққа ие ... Күн сайын мұнда жібекпен толған мыңдаған арбалар келеді».

 Көптеген кемелер әлемдегі ең үлкен өзендерінің бірі Янцзыда жүзіп жүрді. Марко Полоның айтуынша, Чэнду портында 15 мыңға жуық кеме орналасты.

 Моңғол дәстүрлерінің арасында Марко Поло өлі балалардың арасындағы некелердің болуы туралы айтады. Егер бір отбасында төрт жасар немесе одан үлкен ұл бала қайтыс болса, екінші отбасында сол жастағы қызы қайтыс болса, әкелер оларды некеге отырғызады, неке шартын жасасып, керемет үйлену тойын ұйымдастырады. Үйлену тойында азық-түлікті таратып, құлдар, ақша, тұрмысқа қажетті заттар суреттелген қағандарды отқа жағады. Қытайлардың сенуі бойынша осы заттардың бәрі өлі «ерлі-зайыптылардың» өлі әлемінде қажет болған.

 Марко қытайлық монғолдардың әскери өнеріне, үкіметтік басқару жүйесіне және діни толеранттылықтарына қайран қалды. Әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерден ол кедейлер мен науқастарға көмек көрсету туралы мәлімдейді. Өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын бөлімшелер; апат немесе су тасқыны болған кезде пайдаланатын астықты сақтауға арналған қоймалар, жедел хабарлама ұйымдастыратын пошта жүйесінің болғанын хабарлайды.

 Марко қытайлық моңғолдар Жапонияға шабуыл жасағысы келгенін білсе де, ол ешқашан ол жерде болуды талап етпеді. Дегенмен, ол Жапонияда император сарайының безендірілгені және ол «таза алтынмен жабылғаны» туралы жазған. Марко Полоның кітабы - XVI ғасырға дейін жарияланған Жапония туралы жалғыз еуропалық тарихи және әдеби шығарма.

 Ғасырлар бойы Марко Поло кітабы адамдарды таңғалдыруға да, шатастыруға да себеп болды. Бүгінгі күнгі ғалымдар, оның барлық қателіктерін ескере отырып, оның Құбылай билеушінің гүлдену дәурінің «керемет сипаттамасы» деп санайды.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу