Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.21.2
VIII бөлім: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?
Оқу мақсаты:
6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру
Тарихи концепт: маңыздылық
Сабақ компонентерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеріңіз. Оқушылардың сабаққа қатысты көңіл-күйлерін жоғарлату мақсатында «Менің плакатым» атты жаттығуды өткізіңіз. Оқушыларға A4 форматтағы қағаз және түрлі түсті маркерлер немесе қарындаштар беріңіз. Олар 3 минут ішінде өздері қалаған сүйікті ісі, достары, отбасы және т.б. бинелеуді сұраңыз.
Содан кейін оқушылар бір-біріне суреттерін көрсетіп, неге олар дәл осылай бейнелегенің сұраңыз. Кейбір оқушылар өздерінің суреттерін сыныптың алдында таныстыра алады.
Тапсырма оқушылардың наразларын жинақтауға және сыныпта позитивті психологиялық микроклиматты құруға өте тиімді.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сауда керуенінің бейнесі бар немесе ортағасырлық базар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Олардан осы иллюстрациялар қандай ассоциация туындататының сұраңыз. Оқушылар Қазақстан тарихы сабақтарында алған білімдерін пайдалана отырып, Ұлы Жібек Жолы туралы екенің оңай біле алады.
Бұл ежелгі және орта ғасырлардағы трансконтинентальдық сауда жолы туралы білетіндерін еске түсіруді сұраңыз. Шығыс пен Батысты байланыстырған жолды неге Ұлы Жібек жолы деп атаған?
Оқушылардын жауаптары:
Бұл жол негізгі сауда-саттық тауарымен байланысты «жібек» деп аталады және «Ұлы» деп аталуы, ол шығыс өңірлердің шексіз аймақтарын батыс елдерімен байланыстырып, керуендер жолында орналасқан көптеген қалалар мен ауылдарды сауда-саттық арқылы жандандырды. Сол себепті «Ұлы Жібек жолы» атымен тарихта қалды. Археологиялық зерттеклер бойынша жібек Қытайда б.з.д. 2750 жылы өндіріліп бсталған, ал б.з.д. V-II ғасырларда жібек сатуға және айырбастауған шет елдерге шығарыла бастады.
Қытай жазба деректердірде VI ғасырда жазылған мәліметтер бар. Оларда Батыс Түркі қағанатының каганына және оның нөкерлеріне жібек киімдер сыйға берілді деген мәлімет бар. Бұл жібек бүкіл Еуразияда белгілі болған уақыт еді.
Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, сабақта Ұлы Жібек Жолы туралы көбірек білетіндері туралы және осы сауда жолының тарихи маңыздылығы туралы қорытынды жасайтындарың айтыңыз.
Сабақ тақырыбын хабарлап, оқушыларды оқу мақсаттармен, тарихи концептпен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады.
3. Картамен жұмыс. Әр топты Ұлы Жібек жолының тауарлары бейнеленген немесе жазылған карточкалар топтамасын ұсыныңыз.
Карточкалардын мысалдары: жылқылар, жібек маталар, кілемдер, фарфор бұйымдары, қарбыз, қауын, шабдалы, күріш, бал, былғары, бал, мақта мата, қару жарақтар, керамика ыдыстар, жүн өнімдері және т.б. Оқушыларға топтарда талқылау жүргізіп, осы карточкаларды үш топқа бөлуді тапсырыңыз: Қытай, Еуропа, Орталық және Орта Азия мен Қазақстан және осы тауарларды картада орналастыруды сұраңыз.
Оқушылар мұғалім слайдта көрсететін үлгіні пайдаланып, өз жұмыстарын тексереті:
Қытай - фарфор, жібек мата, күріш.
Орталық және Орта Азия, Казахстан - жылқы, кілем, қарбыз, қауын, шабдалы, тері, мақта мата, қару, керамика бұымдары
Еуропа - бал, жүн, керамика бұйымдары, жүн өнімдері
Оқушылардан сұраңыз: Ұлы Жібек Жолындағы тауарлардың осы тізіміне қандай тауарларды қосуға болады?
Оқушылардын жауаптары:
- ҰЖЖ-да тауарлар ғана емес, сонымен қатар, өнертабыстар, діни және философиялық ілімдер, саяси идеялар, ғылымның мен мәдениеттің жетістіктері таралды.
Тапсырма дескрипторлары:
- Оқушы ҰЖЖ-нің тауарларын сипаттайтын карточкаларын картада дұрыс орналастырды
- Оқушы ҰЖЖ-ның түрлі елдердің мәдениеттері өзара алмасу және өзара байыту маңыздылығын дұрыс дәлелдейді.
4. Топтық жұмыс. Оқушыларға Ұлы Жібек Жолының қызметі мен тарихи маңызы туралы ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіңіз.
Сабақта қолданылған түрлі оқу ресуртарды пайдаланып (мәтіндер, иллюстрациялар, тарихи құжаттардың фрагменттері және т.б.) оқушылар ҰЖЖ-лы қандай әсер еткенін анықтайды:
- Көшпелі және отырықшы халықтардың экономикасына (қалалық
мәдениет пайда болды, тауар алмасу дамыды).
2. Саяси дамуға (орта ғасырда олар сауда жолы арқылы мемелкеттер арасындағы қарым-қатынастар дамыды).
3. Мәдени дамуға (білім, музыка, эпос, философия және т.б. таралды).
4. Діндердің таралуы (қандай бағытта және қай діндер тарады: христиандық, ислам, буддизм, тенгрианство, зороастризм және т.б.).
5. Кейінгі маңызды тарихи оқиғалар мен процестерге әсер етуі. (Мысалы, жаңа теңіз сауда жолдарын іздеу және ашу, Еуропа елдерінің Азиядағы, Америкадағы, Африкадағы аймақтарды отарлау және өздеріне бағындыру үдерісі, жаңа қалаларының пайда болуының, көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арасындағы өзара алмасу, діни ілімдердің, ғылыми білімнің және техникалық жетістіктердің таралуы басталды және т.б.).
Тапсырма: жоғарыда аталған қоғамның салаларында болған өзгерістерді айқындайтын мүмкіндігінше көбірек фактілерді белгілеп, кластер жасау керек.
Тапсырма дескрипторлары:
- Оқушы ҰЖЖ экономикалық әсерінің дәлелдерін дұрыс анықтайды,
- Оқушы ҰЖЖ саяси әсерінің дәлелдерін дұрыс анықтайды,
- Оқушы ҰЖЖ мәдениет әсерінің дәлелдерін дұрыс анықтайды,
- Оқушы ҰЖЖ діни ілімдерді таратуға қосқан үлесін дұрыс анықтайды,
- Оқушы ҰЖЖ тарихи маңыздылығын айқындайтын дәлелдерді дұрыс анықтайды.
- Рефлекцияны жүзеге асыру үшін «Менің талдауым» атты әдісті қолданыңыз.
Слайдта оқушыларға талдаудың 3 түрі ұсынылады:
- Сабақтың түрлі кезеңдеріндегі көңіл-күйлеріңді талдаңдар.
- Сабақ кезінде өздеріңнің жетістіктеріңді талдаңдар.
- Осы сабақтағы сыныптастарыңыздың жұмысын талдаңыз.
- Осы сабақта барлық сыныптың жұмысын талдаңдар.
Оқушылардың жауаптары мұғалімге сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі бойынша қорытынды жасауға көмектеседі.
6. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз. Мысалы:
- Ртвеладзе Э.В. «Ұлы Жібек жолы: энциклопедиялық анықтама: Ежелгі заман мен орта ғасырлар».
- Кузьмина Е.Е. «Ұлы Жібек жолының ежелгі тарихы: Еуропа мен Азияның мәдениет диалогы».
Саралап оқытудың мүмкіндіктері
1-тапсырма. Барлық оқушылар үшін.
Төменде көрсетілген адамдардың бірінін атынан Ұлы Жібек Жолының мағыздылығы туралы әңгіме құрастырыңыз:
A) Саудагер
Б) Колөнерші
B) Көшпенді малшы
Г) Жауынгер
Д) Кезбе музыкант
E) Будда монахі
Ж) Христиан діннің қызметкері
З) Ортағасырлық ғалым - философ және т.б.
2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Көрсетілген тауарларды тиісті аймақтарға сәйкестендіріп, кестені толтырыңыз.
Кестенің дұрыс толтырылған нұсқасы:
Еуропа | Алтын, күміс, кәріптас |
Кіші Азия | Металдар, маталар, зергерлік бұйымдар |
Жерорта теңіздің шығысы | Алтын, күміс, балқарағай, шыны, зеңгірлік |
Арабия | Інжу, маржан, хош иісті заттар |
Парсы елі | Қару, ағаш, мақта, мата, гобелендер, кілемдер, ыдыс, қола бұйымдар, қымбат тастар |
Орталық Азия | Мақта, маталар, шатырлар, перделер, кілемдер, төсеніштер, кестелер, жартылай асыл тастар, жылқылар |
Үндістан | Темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс, жібек маталар, кілемдер, мұз кәмпит, қант, хош иісті заттар, дәмдеуіштер, седеп, тасбақалар, мүйізтұмсықтын мүйізі, піл сүйегі |
Оңтүстік-Шығыс Азия | Шыны, інжу, зергерлік бұйымдар, қымбат тастар, экзотикалық жануарлар, мүйізтұмсықтын мүйізі, құс қауырсындары (құс жүні) |
Қытай | Темір, алтын, қару, фарфор, фаянс, керамикалық ыдыс, жібек, маталар, қағаз мақта, кесте, күріш, шарап, лактан жасалған бұйымдар, бамбук, мал. |
3-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Схеманы толтырыңыз: Ұлы Жібек жолының тармақтары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру