Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша1

 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

  

 Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған.

Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды ұзақ ғасырлар бойы жалғастырып тұрған артерия ретінде қарастыруға болмайды, себебі бұл отырықшы мемлекеттер аралдар сияқты өзара түйіспей оқшау тұрған. Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды».

Ұлы Жібек жолы қашанда тек бір машрутпен өтпеген және оның көптеген баламалары мен алғы нұсқалары болған. Бастапқы кезде асыл тастарды сатумен қатысты «Лазурит жолы», «Нефрит жолы» деп аталатындар табысты әрекет еткен. Олар Солтүстік Ауғанстандағы Бадахшан тауынан лазурит кені және Қашқариядағы Хотан аймағындағы Жаркент өзенінің маңайынан нефрит кені ашылуына орай жолға қойылды. Ұлы Жібек жолының алғашқы нұсқалары мен параллельдері б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдақтарда басталған.Ұлы Жібек жолы тек Батыс пен Шығысты ғана емес, сонымен бірге «үш Шығысты»: Үндіні, Қытайды, Араб халифатын да байланыстырған. Мысалы оған  үндінің «синапатто» - «қытай жібегі» деген сөзі куә, осы жөнінде деректер б.д.д. ІҮ ғасырда жазалған «Артхашастра» (Саясат ғылымы) трактатында кездеседі.

http://el.kz/kz/news/archive/ұлы-жібек-жолы-мәдениетінің-өркениеттер-сұхбатындағы-орны

 Қосымша 2

Т Мәтінмен жұмыс. Әр столдың үстінде жазылып тұрған аялдамаларға топпен келіп, тапсырмаларды орындандар.

1-тапсырма. «Тарих» аялдамасы

  • Неліктен сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталған? Ең алғашқы рет жібек матасы қай жерде өндірілді?
  • ҰЖЖ қай уақытта пайда болды?
  • ҰЖЖ –ның қандай бағыттары бар?
  • Ұлы Жібек жолында түрлі миссионерлер өз діндерін таратты деген дәйекке кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.

2-тапсырма. «Сауда» аялдамасы

  • Халықаралық саудаға қандай тауарлар шығарылды?
  • Ұлы Жібек Жолы үстінде орналасқан Шығыс және Орта Азия елдері қандай тауарлармен сауда жасады?
  • Қытайға қандай тауарлар тасымалданды?
  • ҰЖЖ –ның шаруашылық пен мәдениетке тигізген ықпалың анықтап, Мәтіннен кем дегенде 2 мысал келтіріп, дәйек құрастырыңыз.

3-тапсырма. «География» аялдамасы

  • Қандай мемлекеттер саудаға араласты?
  • ҰЖЖ қай жерден басталды?
  • ҰЖЖ-ның жалпы ұзындығы қандай?
  • Кескін картаға ҰЖЖ бағыттарын түсірініз. Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол – ең маңызды бағыт екенің ескеріңіз.

Т Топпен аялдамалардағы тапсырмаларды орындап келген соң, өз орындарына келіп постер жасайды.

Бағалау критерийлері:

  • Мазмұнын аша білуі;
  • Баяндау шеберлігі;
  • Уақытты тиімді пайдалануы;

Қосымша 3

№4 тапсырма Ұлы Жібек жолының маңыздылығы туралы төмендегі адамдар атынан әңгіме дайыңдандар:

А) Саудагер

Б) Қолөнерші

В) Көшпелі-малшы

Г) Жауынгер

Д) Жиһангер музыкант

Е) Буддалық монах

Ж) Христиандық дін қызметкері

З) Ортағасырлық ғалым-философ т.б.

Қосымша 4

№5 тапсырма Кестеде көрсетілген тауарларды аймақ атауларымен сәйкестендіріңдер.

Еуропа

Алтын, күміс, кәріптас

Кіші Азия

Металл, мата, әшекей бұйымдар

Шығыс Жерортатеңізі

Алтын, күміс, балқарағай, шыны, хрусталь, лазурь

Арабия

Меруерт,маржан, хош иісті заттар

Парсы

Қару, ағаш, мақта, мата, гобелен, кілем, ыдыс, қола бұйымдар, қымбат тастар

Орталық Азия

Мақта, маталар, көрпелер, перделер, кілемдер, паластар, кестелер, жартылай асыл тастар, жылқылар

Үндістан

Темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс, жібек маталар, кілемдер, кәмпиттер, меруерт, тасбақа, мүйізтұмсық мүйізі, піл сүйегі

Оңт-шығыс Азия

Шыны, інжу, зергерлік бұйымдар, қымбат тастар, экзотикалық – мүйізтұмсық мүйізі, құс қауырсындары

Қытай

Темір, алтын, қару, фарфор, кәстрөл, керамика, жібек, маталар, қағаз мата, кесте, күріш, шарап, лакировка, бамбук, мал.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу