Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша1
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы - Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса.
Жібек Жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені бойындағы аймақтан басталады. Жол Іле өзенімен Ыстықкөлге жеткен. Осы жерде жол оңтүстік және солтүстік бағыттарға бөлінген. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Солтүстік бағыт оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп, осында екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстан арқылы жүріп, Қара теңіздің солтүстік шығыс бөлігін айналып Еуропаға кеткен.
Ежелгі Қытай деректеріне сүйенсек, б.з.д. I ғасырдың ортасында Қытай елінен Батыс елдерге қарай жібек тиелген керуендер жүрген екен. Ал Қытайға қарай Жерорта теңізі елдерінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азия елдерінен түрлі тауарлар жеткізілген: асыл тұқымды жылқылар,пілдер мен мүйізтұмсықтар, барыс пен арыстан, жеміс- жидектер (жүзім түрлері, шабдалы, қауын,т.б.)тасылған. Осы кезден Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда қатынастары үшін қолданыла басталады.
Ұлы Жібек жолы мәдениеттің тірегі де болған. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. 630 жылы Батыс Түрік қағаны сарайында болған буддалық тәуіпші (лекарь) Сюань Цзан былай деп жазады: «Қаған шарап (вино) қойып, музыка бастауға әмір берді. Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа бөледі» (Қазақстан тарихы, А., 1996. 1 том, 505-бет).
Иран, соғды, түрік актерлері Қытайдың мәдениетінің дамуына көп үлес қосқан. Әсіресе Ташкенттен келген, иран үлгісінде киінген балалар «батыстың секіргіш билерін» орындаған.
Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының түрлі миссионерлер өз діндерін таратып отырды. Үндістаннан буддизм, Сирия, Иран, Аравиядан христиан діні, одан кейін ислам келді..Мұны оңтүстік аймақтарда табылған будда монастырлары мен христиан шіркеулерінің орындары, көне заттары осыны дәлелдейді.
Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.
Қытайды батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған осы халықаралық жол қалалардың өсіп өркендеуіне, сауданың дамуына әсер етті, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысты арттырды,көшпелілер мен отырықшы аудандар арасындағы байланыс күшейді.
Бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолын қайтадан жаңғырту (возродить) мақсатында Еуропа және Азияны қостатын жолдар салынуда.
Әдебиеттер тізімі:
1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.
2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.
№1 тапсырма
Оқушылар мәтінді жеке оқып, жұппен органайзер кестені толтырады. Кестеде берілген дәйектерге оқушылар мәтіннен (дерек)мысалдар келтіреді.
Нұсқаулық:
- Алдымен үш түсті маркерді алыңыз. 1-дәйекке деректі бір түсті маркермен, 2- дәйекке екінші түсті маркермен, 3- дәйекке үшінші түсті маркермен белгілеңіз;
Дәйек (аргумент) | мысал |
Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда жолы болды |
|
Ұлы Жібек жолы мәдениеттің тірегі де болған. |
|
Ұлы Жібек жолының түрлі миссионерлер өз діндерін таратып отырды. |
|
Қосымша 2
№2 тапсырма «Жүгіріп» жүріп сурет салу («Құмырсқа» стратегиясы). Ұлы жібек жолы бағыттары бейнеленген сынып тақтасындағы картаны топ болып кезекпен барып көру арқылы есте сақтап, Ұлы жібек жолының бағыттары, қалалар, өзен, су, көл объектілерін кескін картаға түсіріңдер.
Ұлы Жібек жолының картасы.б.з.д ІІ ғ - б.з.XVI ғ
http://www.history.kz/Articles/map_silk.php
Кескін карта
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру