Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Көрнекті тұлғалар»

Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Батырлар – Отанымыздың қорғаны.

Билер – Ұлы Даланың даналары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1 тарихи мысалдармен хандардың, батырлардың, билердің маңызы туралы түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- ұлы билер мен батырлармен танысады;

- олардың қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

- 5-тен артық сын есімді пайдаланып батырды сипаттайды;

- батырлардың өмірінен деректерді салыстырып, ортақ және ерекше белгілерін табады;

- қазақ халқының өміріндегі билердің рөлін түсіндіреді;

- қазақ халқы үшін батырлар мен билердің маңыздылығына дәлелдер келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Тарихи мысалдармен билер мен батырлардың рөлін түсіндіру

Терминология:

  • Бөгенбай батыр;
  • Наурызбай батыр;
  • Қабанбай батыр

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мемлекет тәуелсіздігі жолындағы хандар, батырлар, билердің маңызы қандай?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту тарихи тұлғаларды: билер, батырлар, хандарды танып білу және үлгі тұту арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: сын есімдерді таңдайды.

Көркем еңбек: постер жасайды.

Әдебиеттік оқу: қойылым.

Алдыңғы меңгерілген білім

1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған. «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады. Әйгілі қазақ хандарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • «Суретті сөйлет» тапсырмасы (жұппен)

Оқушыларға Қарулы батырдың суреті көрсетіледі. Жұпта сұрақтарға жауап бере отырып, суретті сөйлету ұсынылады:

- Суретте кім бейнеленген?

- Ол қалай қаруланған?

- Неге ол сауыт-сайманмен жабдықталған?

- Оның отбасы бар ма?

- Ол жақсы әке, аға ма?

- Ол қайда жиналды?

- Батыр болып ел қорғау оған не үшін керек?

Сабақтың мақсатына жетелеңіз. http://dollartree.info

Бағалау критерийлері:

- қаруланған қазақ батырын сипаттайды;

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

Сабақ мақсаты ұсынылады

- ұлы билер мен батырлармен танысу;

- олардың қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіру.

Сюжетті сурет

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-11

12-19

20-29

30-36

  • Тақырыпқа кіріспе «Қазақ батырлары» (жеке)

- Оқушыларға қазақ батырлары туралы бейнеүзінді көрсетіңіз;

- Оқулықтағы мәтінді жеке оқып-зерттеп шығуды сұраңыз;

- Бейнематериал мен мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, әрбір оқушыға батырды сипаттауға лайық 5 сын есім жазуды ұсыныңыз.

Бағалау критерийі:

-5-тен артық сын есімді пайдаланып батырды сипаттайды;

  • «Салыстырып үйрен» тапсырмасы (топта)

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа 3 батыр туралы ақпарат беріледі.

Тапсырма:

- Топта постер құру және өз батырын халыққа ұсыну;

- Барлық батырлармен танысқаннан кейін топта үш батырды салыстырып, ортақ және ерекше белгілерін табу.

Бағалау критерийі:

  • батырлардың өмірінен деректерді салыстырып, ортақ және ерекше белгілерін табады;

  • «Ойлан» тапсырмасы (топта)

Жұмыс 3 топта жалғасады:

№1 топ

Төле би туралы ақпаратты оқып-зерттейді.

№2 топ

Қазыбек би туралы ақпаратты оқып-зерттейді.

№3 топ

Айтеке би туралы ақпаратты оқып-зерттейді.

-Шағын қойылым дайындайды: «Оқушылар өткен шаққа саяхат жасап, бимен кездесті. Би олардың сұрақтарына жауап береді, өзі туралы айтып, оқушыларға тілек айтады»

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Кез-келген адам би бола ала ма?

- Билер даулы істерді шешуі үшін олардың бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

Бағалау критерийі:

- қазақ халқының өміріндегі билердің рөлін түсіндіреді;

  • «Бетпе бет» стратегиясы (жеке, топта)
  • Оқушылар жақсылап ойланып мына сұраққа жауап берсін: «Еліміздің болашағы үшін кімнің рөлі маңыздырақ болды: бидің немесе батырдың?»
  • Оқушылар өз жауаптарына қарай 2 бұрышқа (батыр/би) бөлініп, дәлелдерді талқылайды.
  • Дәлелдерді дайындағаннан кейін бір-біріне қарама-қарсы тұрып, ойынды бастайды.
  • Қарама-қарсы топтар бір-бірден өз батырының/биінің пайдасына өз дәлелдерін ұсына бастайды.
  • Жауап берген оқушы қатардың соңына қарай барып қайта тұрады.

Ойын топтардың бірінде салмақты дәлелдер аяқталғанша жалғасады.

Бағалау критерийі

  • қазақ халқы үшін батырлар мен билердің маңыздылығына дәлелдер келтіреді.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8Y_DA0CmjvA

(үзінді: 0.22-1.32)

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы ақпараттар

Постерлер, маркерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Билер туралы ақпараттар; портреттері;

Қойылымға: бас киімдер, шапандар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Стикерлер

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Оқушылар "Мен бәрін түсіндім бе?" деген сұраққа жауап бере отырып, кестені толтырады және ұжымда талқылайды.

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға өз өлкесінің батырлары туралы әңгіме дайындауды ұсыныңыз. Ол үшін сенімді ғаламтор көздерін ұсыныңыз. Оқудағы кедергісі бар оқушыларға батырдың немесе бидің біреуіне хат жолдауды тапсырыңыз.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. "Бетпе-бет" стратегиясын бағалау үшін жауаптарын белгілеуге арналған оқушылар тізімін дайындаңыз. Тапсырманың соңында қорытынды шығарып, кері байланыс беріңіз.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу