Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабаққа арналған дидактикалық материалдар

  • «Суретті сөйлет» тапсырмасы

http://dollartree.info

  • Тақырыпқа кіріспе «Қазақ батырлары»

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8Y_DA0CmjvA

(үзінді: 0.22-1.32)

Таратпа мәтін:

Көшпелілер ержүрек, батыр жауынгерлер болды. Жауынгерлік ерліктері үшін асқан ерлерді халық батыр атандырды.

XVIII ғасырда Қазақ хандығына жоңғарлар шабуыл жасады. Жау қазақтың кең-байтақ даласына көз тікті. Олар қазақтың жерін басып алып, халқын құлдықта ұстағысы келді. Осындай сын сағатта қазақтың ержүрек батырлары өз Отаны мен елін қорғау үшін жанкештілікпен күресті. Оларды Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастады. Бұл ауыр шайқастарда қазақтар жауды елден аластап, өз жерлерін қорғап қалды.

  • «Салыстырып үйрен» тапсырмасы (мәтінді сынып деңгейіне қарай жеңілдетіп не толықтырып алуға болады)

Қабанбай батыр:

Қабанбай батыр (1691-1769)

  • Қаракерей ҚабанбайДарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған.
  • Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Күнгейдегі өскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Ұржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде.

http://filmx.su/abanbaj-batyr-foto.html

Наурызбай батыр:

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы  Жетісу  жерінде,  Алатаудың  баурайында дүниеге келген. Бұл кезде  ӀлеТаласАлатау  мен  Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей ҚабанбайҚанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. 

https://infourok.ru/prezentaciya-po-istorii-na-temu-aza-halini-zhoar-shapinshiliina-arsi-kresi-klass-618193.html

Богенбай батыр:

Богенбай батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшыҚазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалыруы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған.

Әбілқайыр және Бөгенбай батырдың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістанмен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

https://infourok.ru/prezentaciya-po-istorii-na-temu-aza-halini-zhoar-shapinshiliina-arsi-kresi-klass-618193.html

  • «Ойлан» тапсырмасы

Билер туралы ақпарат:

baq.kz

Толе Би Алибекулы (1663–1756 жж.)

Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан. Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған.

http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/medieval/figures/tole/

Айтеке Би (1644–1700 гг.)

Әйтеке Байбекұлы-қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтежесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан. Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болады. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болады. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған

http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/medieval/figures/aiteke/

Казыбек Би Калдибекулы (1667–1764 гг.)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы. Он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып сегіз жыл сапарда болады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, «Иран шешегі» атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заман оның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді. Сондай шайқастардың бірінде қырық жерінен найза тиіп, ақыры сол жарадан қайтыс болады.

http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/medieval/figures/kaztugan/

  • Рефлексияға арналған материал:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу