Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • «Суретті сөйлет» тапсырмасы

Сабақты қарулы батырдың сюжеттік суретін көрсетумен бастаңыз. Оқушыларды жұптарға бөліңіз, қыз-ұл деп бөлсеңіз жақсы. Олар суретті мұқият қарап, бір-біріне сұрақтар қоя отырып суретті «сөйлетулері» керек.

Жауынгердің бейнесіне ерекше назар аударту керек: киімі, қару-жарағы, сауыт-сайманы. Жауынгердің мінезі мен табандылығын сипаттауды сұраңыз. "Батыр"ұғымын енгізіңіз.

  • Тақырыпқа кіріспе «Қазақ батырлары»

Тақырыпқа кірісу үшін екі ақпарат көзін қолданыңыз: қазақ батырлары туралы бейнематериал және мәтіндік материал. Бейнематериалды толық көрсетудің қажеті жоқ (үзінді: 0.22-1.32).

Екі материалды зерттеу нәтижесі бойынша оқушылар батырды сипаттайтын сын есімдерді таңдайды.

Сын есімдердің мысалдары: батыл, күшті, ержүрек, батыл, әділ және т. б.

  • «Бетпе бет» стратегиясы

Әр командада оқушылардың саны тең болғаны дұрыс. Оқушыларға ойын ережелері түсінікті екеніне көз жеткізіңіз. Қорытынды тапсырма болғандықтан, сабақта және сабақтан тыс батырлар мен билер туралы барлық алынған ақпаратты қолдану қажеттігін ескертіңіз.

  • Рефлексия

Бұл сабақта рефлексия мазмұнды сипатта болады. Оқушылар "Мен бәрін түсіндім бе?" деген сұраққа жауап береді. Әдетте оқушылар "Иә, бәрі түсінікті" немесе "Жоқ, түсінікті емес" деп жауап беруді жақсы көреді. Дегенмен, нақты нені түсінген-түсінбегенін айтуда қиналып жатады. Осыған орай тапсырманың бұл түрі оқушылардың оқу мақсатына жеткендіктерін өздеріне анықтауға және толық мақсатқа жету үшін нені пысықтау керектігіне үйретеді.

  • Теориялық материал:

Қазақ батырлары

 

 ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ

 (1691—1769)Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. Бала кезінде бітімі кесек, тулғалы Ерасылды жеңгелері „Нар бала" атаса, жездесі қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, „қабан" деп атап кетеді. Ержете келе жойқьш күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда „Қабанбай" есім айбьнды сес қалпында сақталып қалады.1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.

 

 БӨГЕНБАЙ БАТЫР

 (1690—1775)Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың суйікті үлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасыида дүниеге келіпті. Үлы атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдеубектің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен.Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында 30 мың қолға қолбасшы болып, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден ары асырып тастады.1710 Жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өткені белгілі. Қүрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бағынуды жөн көрді. Басқалары үй-күйін тастап, — деп жазады Я.Гвардовский, — Едіддін сыртына көшіп барып жан сақтағысы келді, ал енді біреулері қоян сияқты жан-жаққа бытырап кетпекші болды, талайы толқып жүрді, бірак, сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы батыр Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәріне тыйым салды.ХҮШ ғасырдың 20-жылдарының басында (1723 ж.) жоңрарлардың бір тобы Тарбағатай, Сауыр жоталарын асып, екінші бір қолы Түрпаннан шығып, Жоңғар қақпасынан өтіп, Итішпес — Алакөл наңына тоғысты. Қасарысқан жаумен жаралы арыстандай Қабанбай алыс-елімен бір араздасып, шекісіп қалған кезде хан Абылай даудың шешімін Бөгенбай батырға беріпті. ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР

 (1706—1781)Құттымбетұлы - Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай). Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған. Қашаннан да ханға хан, бас батырға бас батыр жекпе-жекке шығатын дәстүр. Қаскелең жорғалатып өзі майданға шықты. Ала атына мініп Наурызбай қарсы беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Наурызбай салған көк сүңгі ә дегенше Қаскелеңнің жауырынынан шықты, Қаскелең жерге сылқ етіп, екі бүктеліп түсті. Бул шайқаста қазақтар жеңіске жетті. Балқаш көлінің маңында Шамал хан мен Наурызбай жекпе-жекке шықты. Наурызбай Шамал ханды шоқпарымен бір үрғанда-ақ қүлатты. Бұл шайқаста да қалмақ қашып, қазақтар жеңіске жетті.

 https://sachok.kz/referat/show/962

 

 Қобыланды Тоқтарбайұлы (XV ғ.)

 Аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі - Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне "Қара Қыпшақ Қобыланды" деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: "Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан "Ақжол" атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді" деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан:Қара Қыпшақ Қобыланды.

 

 Райымбек Түкеұлы

 Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы.   Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен.Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. 

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырып

Сілтеме

Ұзақтығы

1

Жоңғарлар шапқыншылығы

https://www.youtube.com/watch?v=0efMWIJAWRA

4.38

2

Көшпенділер (2005).

https://www.youtube.com/watch?v=sTY0HtaC-Mk

5.52

3

Кабанбай батыр (на казахском)

https://www.youtube.com/watch?v=C2gtyJrUYnc

1.35

4

Сен білесің бе? Қабанбай батыр

https://www.youtube.com/watch?v=HkwjfKSNYCE

0.37

5

Тарихтағы тұлғалар Қабанбай батыр

https://www.youtube.com/watch?v=jWNHf91Wumo

17.00



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу