Өнердегі қауіпсіздік белгілері. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мектеп:

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнердегі қауіпсіздік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін графикалық түрде елестету

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін атай алады;
  • Тұрмыстық құралдарды графикалық түрде елестетеді.

Бағалау критерийлері

  • Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін біледі;
  • Тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбаудың себеп-салдарын анықтай алады;
  • Тұрмыстық құралдарды пайдалануды сурет, сызба, шартты белгілер түрінде бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Қауіпсіздік сақтау ережелерін атай алады;
  • Ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

Терминология:

  • Тұрмыстық құралдар;
  • Қауіпсіздік ережелері.

Пайдалы сөз тіркестер:

Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелері....

Қауіпсіздік сақтау ...

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – тұрмыстық жағдайда қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: тұрмыстық құралдар, электр сымдары, электр тогы, тұрмыстық химия, өрттің себептері және т.б. талданады;

Информатика: алгоритм құру дағдылары қалыптаса бастайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда тұрмыстық құралдарды күнделікті өмірден көрген, қолданған тәжірибелері бар. Қауіпсіздік ережелері туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-7

8

  • Ой сергіту «Күдір-бүлдір» (ұжымда)

Сабақ «Күлдір-бүлдір» фильмінен үзінді көруден басталады. Сабақты осылай бастау оқушылардың көңіл-күйін көтереді, ойларын жинақтауға көмектеседі.

  • «Ой- толғаныс» тапсырмасы (жеке, топта, ұжымда)

Көрген фильм бойынша өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы талқылайды, бір-бірімен ой бөліседі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Фильм не туралы?
  • Расулдың әкесі неге шошып оянды? Қателігі не?
  • Расулдың әс-әрекеті туралы не айтасың?
  • Үйде жалғыз қалсаң қандай ережені ұстану керек?
  • Ата-анаң жоқ болса, құралдарды қолданасың ба?Қандай?
  • Қандай тыйым салу белгілерін білесің?

Тапсырманы сабақ мақсатына жетектей отыра, қорытындылау қажет.

  • Сабақ мақсатын анықтау
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін атай алады;
  • Тұрмыстық құралдарды графикалық түрде елестетеді.

«Күлдір-бүлдір»

https://www.youtube.com/watch?v=0BF39AnRQ7Y

(1:20 – 3:50 аралығын көрсету)

Слайд №2

Слайд№3

Сабақ ортасы

9-19

20-27

28-34

  • «Рөлдік ойын» тапсырмасы (топта, ұжымда)

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Екі топқа екі тапсырма беріледі.

1-топқа: «Сен – ежелгі адамсың».

Топта оқушылар рөлдерге бөлінеді. Бұрынғы замандағы тұрмыстағы қауіп-қатерді белгілер және символдар арқылы бейнелеп көрсетеді.

2 топқа: «Сен-қазіргі заман адамысың». Қазіргі заманғы тұрмыстағы қауіп-қатерді белгілер және символдар арқылы бейнелеп көрсетеді.

Топтар орындаған жұмыстарын бір-бірімен алмастырады, авторлары нені көрсетпек болғанын анықтай отыра,өз толықтыруларын енгізе, екі топ бір-бірлерінің жұмысын қорғайды.

Оқушылар қорытынды шығарады. Ежелгі және қазіргі кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

  • Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін біледі.

  • «SOS» тапсырмасы (жұпта, топта)

Өрт, апат т.б бейнеленген суреттер таратылады. Әр жұпқа 1 суреттен беріледі. Оқушылар суретте бейнеленген жағдайларды талдап, болу себептерін анықтауға тырысады. Алдымен жұппен, кейін топта талқылайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Бұл жағдайлардың болу себебі неде?

-Апатты жағдайларды болдырмауға болар ма еді?

-Егер сен, апатты жағдайға куә болсаң қандай әрекет жасар едің?

Жұмыс соңында оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері:

  • Тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбаудың себеп-салдарын анықтай алады;

  • «Сақ бол!» жаднамасын құру (жұпта, топта, ұжымда)

Алдыңғы тапсырма негізінде, жұппен қауіпсіздік ережелерін талдап, топта пікір алмасады. Негізгі ержелерді жазып, түртіп алады. Топтағы қорытынды ережелерімен ұжымда бөлісіп, бүкіл ұжым бола отырып, талқылап, жалпылама «Сақ бол!» қауіпсіздік сақтау туралы жаднама құрайды.

Жаднамаларда шартты белгілерді, әртүрлі суреттерді, қауіпсіздік шаралары жазылған қағаздарды пайдалануға болады. «Сақ бол!» қауіпсіздік сақтау туралы жаднаманы сыныпқа іліп қоюға болады.

Бағалау критерийлері:

  • Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін біледі;
  • Тұрмыстық құралдарды пайдалануды сурет, сызба, шартты белгілер түрінде бере алады.

Қағаз А3, қарындаштар,

маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

(дидактикалық материалдарға қараңыз)

Таратпа суреттер

шартты белгілер, әртүрлі суреттер

Сабақтың соңы

35-40

  • Рефлексия «Жалған/Шын» (жеке)

Оқушыларға екі карточка (-шын, -жалған) таратылады. Мұғалім тұжырымдарды оқиды, оқушылар, тақтайшаларды көтеру арқылы тұжырымның жалған/шын екендігін айтады.

Ұстаз қате көтерген оқушыларды әңгімеге тартып, кері байланыс береді.

Слайд

Тақтайшалар:

-шын, -жалған

(дидактикалық материалдарға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Рөлдік ойын» тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға шартты белгілер, символдар, құралдардың суреттерін беру арқылы қолдау көрсетуге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға қауіптің болу себептерін ғылыми тұрғыда түсіндірулерін ұсынсаңыз болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Ой-толғаныс» тапсырмасында оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасу деңгейі байқалады.

«SOS» тапсырмасында оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс беру арқылы бағалайды.

«Сақ бол!» қауіпсіздік сақтау туралы жаднамасында тақырыптың толық ашылғаны және рефлексияда алған білімдері бағаланады.

Сынып бөлмесіндегі тұрмыстық құралдарды пайдалану жөнінде айтыңыз. «Сақ бол!» жаднамасы сынып бөлмесіне ілінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу