Өнердегі қауіпсіздік белгілері. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
№ 18 сабақ, 5-бөлім
- «Ой- толғаныс» тапсырмасында оқушылар көрген фильмнен нақты ой түйіндеуі қажет. Ол үшін сіз талқылау барысында оқушылардың берген жауаптарына қарай, нақтылау сұрақтарын қойып отырғаныңыз абзал. Осы тапсырма соңында оқушылар өздері сабақ мақсатын анықтауы қажет.
- «Рөлдік ойын» тапсырмасында оқушыларды отырған орындарында, «бір-екі» деп санатып екі топқа бөліп алыңыз. Бұл топқа бөлу әдісі көп уақытты алмайды.
Топтық жұмыстарды орындау кезінде мынаған көңіл аудар керек:
- Есіңе түсір,символ деген не?
- Оларды қашан қолдану керек?
- Ежелгі кездегі қауіп- қатерлер (жабайы аңдар,от,улы өсімдіктер, тұрмыстық заттар т.б.?)
-Бүгінгі кездегі қауіп-қатерлер (көлік,тұрмыстық техника, емдік дәрілер,өткір құралдар,тұрмыстық химия т.б)
- Қоршаған ортадағы қауіпсіздік ережелерін ата.
Тапсырмада екі топ жұмыстарын аяқтаған соң, жазба жұмыстарын алмастырады. Авторлар нені көрсетпек болғанын анықтай отыра, өз толықтыруларын енгізіп, жұмыстарын қорғайды. Бұл оқушылардың бір-бірлерінің ойларын түсініп, екі тақырыпшаны да меңгерулеріне мүмкіндік береді.
- «SOS» тапсырмасында оқушылар суретте бейнеленген жағдайларды талдап, себеп-салдарын анықтайды. Тапсырма соңында оқушылар апатты жағдайды алдын-алу шарттарын айқындап, қорытынды жасау қажет. Бір-біріне кері байланыс беріп, жұптар жұмыстарын өзара бағалайды. Тұрмыстық құралдарды пайдалануды сурет, сызба, шартты белгілер түрінде беруін қадағалаңыз.
- «Сақ бол!» жаднамасы тұрмыстық апаттық жағдайларды бағалауға, өзінің қауіпсіздігін жоспарлауға көмектеседі.
- Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдардан дайын үлгіні алдын ала қиып, таратып беріңіз. Қатты картонға дайындап алсаңыз, тіптен жақсы (болашақта қолдана бересіз). Бірнеше тақырыпқа сай дұрыс және қате тұжырымдар айтыңыз.
Сұрақтар:
- Өрт болған жағдайда 103 нөміріне хабарласам.
- Өрт болған жағдайда 100 нөміріне хабарласам.
- Шәйнектің тоғында ақау бар болса да қолданамын, себебі сабаққа шай ішіп баруым керек.
- Теледидарды күту режимінде ұзақ уақыт қалдыруға болады.
- Егер үтік бұзылып қалса, өзім жөндей салам.
Оқушылар жалған/шын деп қолдарындағы тақтайшаларды көтереді. Қате көтерген оқушыларды әңгімеге тартып, бірден кері байланыс беріңіз.
- Теориялық материал:
Адам үшін ең қымбаты-өмір. Өмір сүру – адам үшін ең басты байлық. Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп. Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты. Ол үшін сақтана білу керек. Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті.
Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігене жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу, сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру қажет.Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандайда болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.
Өмір қауіпсіздігі –өз өмірін өзі сақтап қалу емес, көрші-көлем,дос-жарандарының өмірінің қауіпсіздігіне көмектесу.
Қазіргі таңда электр сымдары мен электр құралдарын дұрыс емес пайдалану себебінен тұрғын үйлерде өрттердің болуы күнделікті жағдайға айналуда. Электр сымдарын, розеткалар мен ауыстырып-қосқыштарды ұзақ пайдаланған кезде, олар айтарлықтай тозады және оқшаулау деңгейі жоғалады, соның нәтижесінде қысқа мерзімге тұйықталу, ток өткізгіш бөліктерінің қызуы, тұтануға әкеп соғуы мүмкін. Электр тоғының жоғары қуатын қажет ететін үтіктер, кір жуу машиналары мен сужылытқыштар, жылытқыштар сияқты электр қыздырғыштар аса қауіпті болып табылады. Сапасыз өндірілген зауыттық электр құралдары да өртке себеп бола алады.Электр құралдарын пайдалану себебінен өртке жол бермеу үшін оларды қолданғанда аса сақ болу қажет. Электр желісіне қосылып жұмыс істеп тұрған электр құралдарын, тек тұрақты жұмысын өндіруші зауыт регламентпен белгілеген, мысалы тоңазытқыштардан басқасын, ұзақ уақытқа бақылаусыз қалдыруға болмайды. Теледидарлар мен компьютерлерді де күту режімінде ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
- Пайдалы сілтемелер
- Қауіпсіздік әліппесі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=5sLJO6RBTE0
- «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8
- Баланы қоршаған қауіп-қатер
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=q9fhYxvF2uc
- Электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Сілтеме:http://azbez.com/node/118
- Электр құралы неге қауіпті.
Сілтеме:http://kgzn.volgadmin.ru/Security/Security.aspx?idc=17
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру