Біздің Ата Заңымыз - Конституция. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Адамгершілік»

Мерзімі: 1-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің Ата Заңымыз - Конституция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Конституцияның азаматтар үшін маңыздылығын түсінеді

Бағалау критерийлері

  • Азамат құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • ҚР Конституциясының маңызын жазып жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын түсіндіре алады;

Терминология:

  • Құқық және міндет
  • ҚР Конституциясы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • ҚР Конституциясында қандай құқықтар мен міндеттер оқушыларға арналып жазылған?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Конституция не үшін қажет» тақырыбына ой толғау жазу.

Құндылықтарды дарыту

Адамдар арасындағы достықтың, жауапкершіліктің, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың, патриотизмнің маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Құқық негіздері: заң, Конституция ұғымдары;

Қазақ тілі: эссе жазу дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік ресми рәміздерінің қолдану саласын оқып меңгерген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-9

10

  • Кіріспе әңгіме (ұжымда)

Мұғалім «ҚР Конституциясы» кітабын немесе сыртқы мұқабасын көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:

- Бұл қандай кітап?

-Оның ішінде әрқайсысымыз үшін маңызды болатындай не бар?

- Ол бүгінгі сабаққа не үшін қажет?

Оқушылардың болжамы ұжымда талқыланады. «Конституция» ұғымы енгізіледі.

  • «Өзгерген сөйлем» стратегиясы (жеке, топта)

Конституцияның кіріспе бөлімінен алынған сөздер жазылған парақтар топтарға таратылады.

-Оқушыларға өз бетімен оқып шығу ұсынылады;

- Топта парақтағы үндеудің мағынасын талқылайды;

- Халықтың мақсатын өз мақсатына айналдырып, сөйлемдерін өзгертіп, өзінің жеке үндеуін жазу ұсынылады;

- Топта шеңбер бойымен жазған үндеулерін оқып шығады;

- Бір-бірін стикерлер арқылы бағалайды (бағалау бөлімін қараңыз).

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • ҚР Конститутциясының маңызын түсіну.

Конституция кітабі немесе мұқабасының көшірмесі

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(оқулықты қараңыз 22 бет)

Үндеуге арналған парақтар

Слайд №3

Сабақ ортасы

11-19

20-29

30-35

  • Мәтінмен жұмыс «АВС» стратегиясы (үштікпен)

Оқушылар оқулықтан азаматтардың құқығы мен міндеттері туралы мәтінді оқып шығады. Ары қарай оқушыларға «А» «В» «С» деген карточкалар таратылады. Мұғалім әр әріптің міндетін түсіндіріп өтеді:

«А» - сұхбат алады;

«В» - сұхбат береді;

«С» - сұхбат жазбасын жасайды.

Бүкіл сынып үштіктерге бөлінеді («А» «В» «С» бір үштікте).

Оқушылар өз рөлдеріне сәйкес оқылған мәтіннің мазмұнына сай әңгімелесуді бастайды. Ары қарай үштіктер өзара карточкаларымен алмасып, рөлдеріне сәйкес әңгімені жалғастырады.

  • «Конституция не үшін керек?» тақырыбына эссе жазу (жеке)

Мақсаты: Конституцияның маңыздылығын түсіну.

Оқушылар аталған тақырыпқа эссе жазады.

Эссені бағалау критерийлері:

  • Азамат құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • ҚР Конституциясының маңызын жеткізе алады.

Эсседегі сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.

Грамматикалық қателер болмауы тиіс.

  • «Сұрақтар қалпағы» стратегиясы (жеке)

Мұғалім оқушыларға шағын қағаз жолақтарын таратады. Әрбір оқушы сабақтың мақсатына немесе бөлімнің мақсаттарына сай бір сұрақ жазуы тиіс. Оқушы өз сұрағының жауабын білуі маңызды. Содан кейін жолақтарды бүктеп, қалпаққа салады. Мұғалім сұрақтарды араластырады. Әрбір оқушы бір сұрақ алып, жауап береді. Осы мезетте сұрақ жазған оқушы, жауаптың дұрыс не бұрыс екендігін айтады және қажет болса толықтырады.

Мысал сұрақтар:

  • Құқық дегеніміз не?
  • Міндет дегеніміз не?
  • Құқықтар мен міндеттердің айырмашылығы неде?
  • Құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар көрсетілген?
  • Конституцияның маңыздылығы неде?
  • Конституция не үшін керек?

Оқулықтың 23 беті

«А» «В» «С» карточкалары.

Жазбаға арналған таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Эссе талаптары жазылған парақ

Қалпақ (кез келген)

Жолақ қағаздар

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Алғыс айтамын»

Оқушыларға таратпа материалдар таратылады. Осы сабақта кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін жазу ұсынылады.

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға эссе талаптарындағы сөйлем санын арттыруға болады. (12 сөйлемге дейін).

Сонымен қатар, таңдаулары бойынша «Конституция күні» тапсырмасын ұсынуыңызға болады. Оқушылар осы күн туралы ақпараттарды тауып, кестені толтырулары керек:

Не?

Қайда?

Қашан?

Не үшін?

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Өзгерген сөйлем» тапсырмасында әрбір оқушыда бір стикерден болады. Оқушы стикерін кімнің үндеуі ең әсерлі деп санайды, соған береді. Үндеуге арналған критерийлерді оқушылар алдын-ала құрып алады.

«Конституция не үшін керек?» тақырыбында жазылған эсседен оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейлерін бағалауға болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу