Біздің Ата Заңымыз - Конституция. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Кіріспе әңгімеде оқушыларға «Конституция» сөзіне ассоциация құруларын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын қорытындылаңыз. Олардың өздеріне осы сөзге анықтама берулерін ұсыныңыз. Жаңа ұғымды енгізіңіз. Оқушылардың берген анықтамасымен нақты анықтаманы салыстырыңыз.

«Конституция, Ата Заң — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы»

  • Мұғалім оқушыларда Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен міндеті туралы нақты түсінік қалыптасуына назар аударуы қажет.
  • «Конституция не үшін керек» тақырыбына эссе жазу

Тапсырма жеке орындалады. Оқушыларға дайын парақтарды таратыңыз (дидактикалық материалға қараңыз). Эссе жазар алдында бағалау критерийлерін оқушылардың есіне салыңыз:

  • Азаматтарға Конституция мағынасы түсіндірілген.
  • Азаматтардың міндеті мен құқықтары сипатталған;
  • Өзінің жеке пікірі;
  • Өмірден алған мысалдар келтірілген.
  • Рефлексия «Алғыс айтамын»

Мұндай көрініс эмоционалдық рефлексияға жатады және мұғалімге сыныптың жалпы көңіл-күйін бағалауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл іс-шара ұжымдағы бір-біріне деген ризашылық пен құрмет сезімін тудырады. Оқушыларға осы сабақта кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін жазу ұсынылады. Сондай-ақ орынды ескерту, қатесін түзету, әділ бағалауы үшін де алғыс айтса болады. Егер оқушылар мұғалімге алғыс айтатын болса, сабақта қол жеткізгендерінің бәрі олардың еңбекқорлығы мен тиімді өзара оқытуларының нәтижесі екендігін алдын-ала айтып кетсеңіз болады.

  • Жұпқа бөлуге қосымша материал:

«Бұлақ» (Ручеек) ойыны Балалар жұпқа бөлініп, қолдарынан ұстасып, бір-бірінің артына тұрып қолдарын жоғарыға көтереді, ойынды жүргізуші тоннельден өтіп бара жатып, бір баланы қолынан ұстап әкетеді, екеуі жылғаның соңына барып, жұп құрады. Ал, жұпсыз қалған бала, басына жүгіріп барып, ішке кіріп, өзіне біреуді таңдап алып соңына барып тұрады. http://84.astana-bilim.kz/

Ойын осылай жалғаса береді. Соңында оқушылар кіммен қол ұстасты, сол оқушымен жұп болып жұмыс жасайды.

  • Конституцияның кейбір баптары

18-бап. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

24-бап

1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.

2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

27-бап

1.Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

30-бап

Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

  • Пайдалы сілтемелер:

1

Қазақстан – ортақ үйіміз

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz

06минут19сек



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу