Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

6-бөлім - Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Сабақтың тақырыбы: Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар.

Оқу мақсаты: 11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу

Сабақтың мақсаты: - денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

 Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

 Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Допты салмағына сәйкес таңдау.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бір –бірін итермеу;

1 тапсырма.

(С, Т, ҚБ) Сыныпты шағын топтарға бөлеміз.

Топтарда "аймақтық қорғауға қарсы 3-2 шабуылы" жұмыс істейді. Бірінші ойыншы оңға қарай допты жерге ұрып жүріп қарсы командаға шабуыл жасайды. Допты жерге бір, екі ұрғаннан кейін ол екінші ойыншыға допты береді. Бірінші ойыншы допты жерге ұрып жүргенде бесінші ойыншы үш секундтық аймақты кесіп өтіп, допқа қарсы шығады. Екінші ойыншы мүмкін болса допты бесінші ойыншыға береді және алаңның жанының сызығымен алға шығады. Бұл уақытта төртінші ойыншы себетке соққы жасайды.

Бесінші ойыншы шабуыл жасағанда төртінші ойыншыға және алаңдағы екінші, үшінші ойыншыға допты бере алады.

Ережелерді жиі өзгерту барлық ойыншылардан шабуылдаудан өз ойын тез қайта құру және кері қайтуды талап етеді. Шабуылдың табысты әрекеттері Тікелей нәтиже береді, ал табысты қорғаныс әрекеттері оны бекітеді. Олар бір-бірін толықтырады және олардың біреуінің жетілмегендігі команданың жалпы нәтижесіне кері әсер етеді.

2 тапсырма.

(С, ЖЖ, ҚБ) Ойынға қатысушылар екеуден жұптасып, допты әртүрлі бағытта бір-біріне лақтырады. Олардан басқа команда ойыншылары (бір немесе екі ойыншы) допты алып қоюға тырысады.

Белгілі бір уақыттан кейін командалар ойыншылардың орындарын ауыстырады. Ойыншылары допты көп рет ұстап алған команда жеңеді. Қорғаушылар мен шабуылшылар санын доп беру мен алып қоюды игерген сайын арттыруға болады.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол шабуыл және қорғау сілтеме:

http://www.offsport.ru/basketball/napadenie/

Сілтеме А. Я. Гомельский «Баскетбол стратегиясы мен тактикасы туралы»

http://dussh-5.ru/sport/basketbol/literatura/311-a-ya-gomelskij-o-strategii-i-taktike

Баскетбол жаттығуына сілтеме

http://www.gomelscouts.com/peredachi-v-parah-s-perehvatom-myacha.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу