Қазақ ұлттық ойындардың  іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №11

Ұзақ мерзімді жоспар: 4-бөлім – Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік

Мектеп:Тараз қаласы"Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі"

Күні:

Сынып: 10

Апта:

Мұғалімнің аты жөні: Отарбеков А.Ч.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Оқыту мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.6. Жарыс іс-шараларыың шарттары және төреші ережесі қолдану.

 Сабақ мақсаттары:

Ұлттық ойындарды топтық ойын ережелеріне төрешілік жасау.

 Бағалау өлшемдері:

-ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады.

-ойынға төрешілік жасай алады.

-әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • Өздерінің сонымен қатар сыныптастарының топтық тапсырмаларының түрленуіне байланысты қозғалыс қабілеттерін бағалау, сараптау және талқылау.

 

Бұның ішінде:

  •  Ұлттық ойындар: асық ату, жаяу тартыс, тұмақ ұру,шілік ойыны,ләңгі,жеті тас,өрмекші шіп ,жамбы ату,ақ сүйек, резеңке секірме ойыны, қоржын, теңге ілу,орамал тастау,топ басшыларының «Қораз»ойыны
  •  Алаңдағы тоғызқұмалақ
  •  Бес тас
  •  Сақина салу
  •  Жаяу көкпар
  •  Асық ойыны

 Құндылықтар:

Құрмет,жауапкершілік,айқындық,адалдық,өмір бойы оқу,ашықтық

 Пәнаралық байланыс:

Тарих,биология

 ИКТ пайдалану дағдылары:

 Алдыңғы білім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ұлттық ойын шарасында әдіс(тактика) пен мақсатқа жету үшін басшылық ету өнерін (стратегия) меңгереді, сонымен қатар ережеге сай төрешілік жасайды. Сонымен бірге таңдау беріледі, түрлі рөлдерге кіретін сыныптағы ойындар: ойыншы, бапкер, төреші. Оқушылар адал ойынның үлгілерін және бірлесіп жұмыс орындау қабілеттерін бағалайды.Көшпелі қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы қаймағы бұзылмастан жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі – «Бестас», «жамбы ату», «ләңгі»,»алаңдағы тоғызқұмалақ», «арқан тартыс», «сақина салу» ойындары. Мұғалімнің айтуынша бұл ойындар еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек,жүннен арқан өру,малдың құмалақтарын пайдаланған ғасырларда пайда болған.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Керекті құралдар

( ресурстар)

Дайындық бөлімі.

  Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл – күйінің бұлағы.

Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт – дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған.

Халық ойындары баланың көркемдік – эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және жетістік өлшемімен таныстыру.

Сабақ барысында дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Оқушылардың сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын қаншалықты түсінгендігін «Бас бармақ» әдісін қолдану арқылы, яғни оқушыларға бас бармақты көтеру арқылы сабақ мақсаттарын қаншалықты түсінгенін анықтау.

«Атом, молекула» ойыны арқылы оқушылар арасында өзара ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Оқушылар «атом» деген сөзді естігенде спортзалда шашыраңқы жеке-жеке болып жүреді. «Молекула үштік әрекет немесе төрт,бес дегенде» оқушылар жылдам топтарға бірігеді.Топқа бірігуге үлгермеген оқушы ойыннан шығады.Ойын соңғы ойыншы қалғанша жалғасады.

Дене қыздырыну жаттығуларын өткізу оқушы ағзасын келесі жүктемеге дайындау.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау

Үлкен бос кеңістік салмақты доп,ысқырық, секундомер,екі қазандық.

Негізгі бөлім.

 

Жарыс өткізілетін күні: қатысушыларды тіркеу, қонақтар мен көрермендерді отырғызу.

Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру.

Оқушылар ұлттық ойындар шарасын ұйымдастырудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып шығады. Мұғалім балаларға кей жағдайда көмек беруі мүмкін, бірақ балалар барлығын өздері ұйымдастырулары керек. Қауіпсіздік үшін мұғалім жарысқа қатысушыларды үнемі бақылауы керек.

Сұраңыз : Ойынға қаншама оқушы қатыса алады? Оларды қабілеттері деңгейлеріне қарай әр түрлі (арқан тарту,сақина салу,) жарысқа қатыса ала ма? Қандай құрал-жабдықтар керек?

Тапсырма: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа «сақина салу» ойынын ұйымдастыру жүктелсе;екінші топқа «арқан тарту» ойынын ұйымдастыруды тапсырыңыз.

Қазақтың дәстүрлі ойыны сақина жасыру. Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан қалған байлығымыз,асыл қазынамыз.Сондықтан,үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор.

Сыныптағы ұл-қыздар 10-12 оқушы тұрып тұрып, орындыққа отырып «сақина» ойының ойнау шарты ойын жүргізуші екі қолды созып,қос алақанды ортасында сақинасы бар жұмып тұрады да, столда тізелерінің үстіне екі қолын салып отырған ойыншылардың алақанына сақинаны жүргізіп отырып тарыған бір оқушыға алақанына тастай салады да,ары жалғастыра отырып біткеннен кейін ойын жүргізуші ортаға келіп,салушы ойыншыларға сұрақ қояды «сақинам кімде?»,«Кел сақинам кел» деп сол кезде алақанында сақинасы бар ортадағы окушы жүгіріп шығуы тиіс.Алайда, оның қасындағы ойыншы оны ұстап қалуға тиіс.Ұстай алмаса, ол айыпталады.Сол үшін әрбір оқушы өзінің көршісіне қырағылықпен қарап отыру керек. Осы уақытта қалған оқушы сақинасы бар оқушыны ұстап алса оған(қызықты сұрақ, жаңылтпаш,ән,)айтқызу керек.

Оқушылар атқарылған іс-шаралар бойынша өзара бағалау.Жасалған төрешілікке баға беру.

Төрешілер мен жарысқа қатысушылар қызметін ауыстыру.

«Арқан тарту»:

«Арқанға жақында» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі таспа ортадағы бақылау сызығынан 3 м басып өтетіндей арқанмен кейін шегіне алған кезде, ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды.

Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді

Оқушылар атқарылған іс-шаралар бойынша өзара бағалау.

Қағаз, қалам

 

https://www.youtube.com/watch?v=67Jr-AOVi6s

1.

2.

https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs

Қорытынды бөлім.

Кері байланыс.Бүгінгі сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма:

Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау

Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

-Оқушылардың жетістіктерін айтуды көздейді, кемшіліктерді жеке айтуға тырысады.

Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Бағалау парағы арқылы материалды игергенін тексереді.Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады.(бақылау парағы, бас бармақ, мадақтау,бағдар шам,бірін-бірі бағалау)лы оқушылардың көңіл күйін анықтайды.

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Ойын барысында ережемен таныстырады, оқушыларды сырттай әрқашан бақылап отырады. Ойын кезінде ара қашықтықты сақтау еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында класс немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Сыныптарға дискриптор құру арқылы бағаланады

Бағалау өлшемдері

Дискриптор

1

-ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады.

-ұлттық ойындар ережесін біледі

2

-ойынға төрешілік жасай алады.

-ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады

3

-әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады.

-ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді

Бағалау парақшасы

Аты-жөні

-ұлттық ойындар ережесін біледі.

-ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады

-Ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді

1

2

3

4

5



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу