Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №10

Ұзақ мерзімді жоспар: 4-бөлім – Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік

Мектеп:Тараз қаласы"Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі"

Күні:

Сынып: 10

Апта:

Мұғалімнің аты жөні: Отарбеков А.Ч.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ ұлттық ойындардың іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Оқыту мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.6. Жарыс іс-шараларыың шарттары және төреші ережесі қолдану.

 Сабақ мақсаттары:

Ұлттық ойындар бойынша жарыс ұйымдастыру және өткізу.

 Бағалау өлшемдері:

-ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады.

-ойынға төрешілік жасай алады.

-әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • Өздерінің сонымен қатар сыныптастарының топтық тапсырмаларының түрленуіне байланысты қозғалыс қабілеттерін бағалау, сараптау және талқылау.

 

Бұның ішінде:

  •  Ұлттық ойындар: асық ату, жаяу тартыс, тұмақ ұру,шілік ойыны,ләңгі,жеті тас,өрмекші шіп ,жамбы ату,ақ сүйек, резеңке секірме ойыны, қоржын, теңге ілу,орамал тастау,топ басшыларының «Қораз»ойыны
  •  Алаңдағы тоғызқұмалақ
  •  Бес тас
  •  Сақина салу
  •  Жаяу көкпар
  •  Асық ойыны

 Құндылықтар:

Құрмет,жауапкершілік,айқындық,адалдық,өмір бойы оқу,ашықтық

 Пәнаралық байланыс:

Тарих,биология

 ИКТ пайдалану дағдылары:

 Алдыңғы білім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ұлттық ойын шарасында әдіс(тактика) пен мақсатқа жету үшін басшылық ету өнерін (стратегия) меңгереді, сонымен қатар ережеге сай төрешілік жасайды. Сонымен бірге таңдау беріледі, түрлі рөлдерге кіретін сыныптағы ойындар: ойыншы, бапкер, төреші. Оқушылар адал ойынның үлгілерін және бірлесіп жұмыс орындау қабілеттерін бағалайды.Көшпелі қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы қаймағы бұзылмастан жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі – «Бестас», «жамбы ату», «ләңгі»,»алаңдағы тоғызқұмалақ», «арқан тартыс», «сақина салу» ойындары. Мұғалімнің айтуынша бұл ойындар еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек,жүннен арқан өру,малдың құмалақтарын пайдаланған ғасырларда пайда болған.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Керекті құралдар

( ресурстар)

Дайындық бөлімі

Оқушылар жоғары нәтижеге жеткен сайын, тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады.

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және жетістік өлшемімен таныстыру.

Сабақ барысында дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

«Жылдам орныңды тап немесе алфавит ретімен саптал» ойыны арқылы оқушылар арасында өзара ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Дене қыздырыну жаттығуларын өткізу оқушы ағзасын келесі жүктемеге дайындау.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

Үлкен бос кеңістік салмақты доп,ысқырық, секундомер,екі қазандық.

Негізгі бөлім

Оқушылар ұлттық ойындар шарасын жоспарлап, ұйымдастырып жүзеге асырулары керек. Кішігірім топтарда оқушылар бұл шараның түрлі аспектілерін жоспарлайды. Оқытушы жетекші ретінде болғанымен, оқушылар өздері басшылық етеді. Оқушыларға үлгі ретінде берілетін рөлдер, деректер мен талаптар мынадай:

Өткізу жеріне алдын ала тапсырыс беру: спортзалдың жарамдылығы,дәрігер рұқсаты,денсаулық пен қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері, құрал-жабдықтар қол жетімді болу керек,хаттамалар мен жарысқа қажетті құжаттардың дайындығын тексеру.

Жарыс бағдарламасы: күні, уақыты, жері, болатын ұлттық ойын түрлері, ойын кестесі, тапсырыс парағы, жарыс ережелері,ойын жеребесін тарту.

•Жарыс алдындағы кездесу: Маркетинг пен жарнама,өткізілетін жарысқа қатысушыларды тарту үшін топтарға бөлініп өз жұмыстарын постер бойынша қорғайды. Әр топқа постер қорғау үшін бірдей уақыт белгілеу керек.

Өзара бағалау.

Жарыс өткізетін күні: қатысушыларды тіркеу, қонақтар мен көрермендерді отырғызу

Жарыстан кейін: қатысушыларға алғыс айту, оқушылардың ойын көрсеткіштерін бағалау.

Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру.

Оқушылар ұлттық ойындар шарасын ұйымдастырудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып шығады. Мұғалім балаларға кей жағдайда көмек беруі мүмкін, бірақ балалар барлығын өздері ұйымдастырулары керек. Қауіпсіздік үшін мұғалім жарысқа қатысушыларды үнемі бақылауы керек.

Сұраңыз : Жарысқа неше топ қатыса алады? Оларды қабілеттері деңгейлеріне қарай әр түрлі(асық ату,жамбы ату,ләңгі,арқан тарту,алаңдағы тоғызқұмалақ,бес тас,жаяу көкпар,бұқа тартыс,сақина салу, «ақ серек-көк серек» және т,б)жарысқа қатыса ала ма? Қандай құрал-жабдықтар керек? Қандай жарнама мен маркетинг ең нәтижелі болады? Әр түрлі жарыстар мен тапсырмалар ұлттық ойындар шарасын өткізетін күні қалай келісіледі?

Бағалау(Бас бармақ)әдісі

Тапсырма: ЖАЯУ КӨКПАР

Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан қалған байлығымыз,асыл қазынамыз.Сондықтан,үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор.

Қазандық

«Жаяу көкпар»ойыны

Қажет болған жағдайда ноутбуктар пайдалану.

Таза қағаздар қаламсап,маркер,плакаттар.

 

1.

2.

Қорытынды бөлім

Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау.

-нені білдім

-нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Үйге тапсырма:

Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау

Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

-Оқушылардың жетістіктерін айтуды көздейді, кемшіліктерді жеке айтуға тырысады.

Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай мақсаттар қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Бағалау парағы арқылы материалды игергенін тексереді. Рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады.(бақылау парағы, бас бармақ, мадақтау,бағдар шам,бірін-бірі бағалау)лы оқушылардың көңіл күйін анықтайды.

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Ойын барысында ережемен таныстырады, оқушыларды сырттай әрқашан бақылап отырады. Ойын кезінде ара қашықтықты сақтау еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында класс немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Сыныптарға дискриптор құру арқылы бағаланады

Бағалау өлшемдері

Дискриптор

1

-ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады

-ұлттық ойындар ережесін біледі.

2

-ойынға төрешілік жасай алады

-ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады.

3

-әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады

Ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді

Бағалау парақшасы

Аты-жөні

-ұлттық ойындар ережесін біледі.

-ойында төрешілік жасау дағдыларын көрсете алады

-Ұлттық ойын жарысын ұйымдастырады және өткізеді.

1

2

3

4

5



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу