Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.
Бекітемін_______________
директордың
орынбасары_____________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Командалық ойын – белсенді қозғалыстың іс-әрекеті | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Алдонғаров Н.А. | |||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары | |||||||||
Оқу мақсаттары | 8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу 8.2.6.6 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Баскетбол ойына жақындатылған қозғалмалы ойындарды үйрету; 2. Оқушыларға баскетбол ойынының техникалық әдіс тәсілдері мен негізгі ережелерін үйрету. 3. Төрешілік жұмыстарын ұймдастыру | |||||||||
Бағалау критерийлері | - Ойын барысында оқушы өзі білетін техникалық әдіс - тәсілдерін қолданады - Ойын кезінде өзінің көшбасшылық дағдыларын дамытады - Баскетбол ержелерін біледі және төрешілік қызметін ұйымдастырып атқара алады | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Команда шабуылы мен қорғанысын жетілдіру үшін жаңа тактиканы қалай жасай аласың? 2. Ойын кезінде шығармашыл болу неге маңызды екенін айта аласың ба? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет - екі жақты ойын барысында қарсылас команда ойыншылары бір-біріне құрмет көрсетеді. Әділдік – төрешілік қызметін атқаратын оқушылар әділ төрелік жасайды. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ойын барысындағы төрешілердің іс қимылдары туралы видео роликті өз бетінше табу арқылы оқушыларды төрешілік жұмысына үйрету | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар баскетбол ойынының әдіс-тәсілдері мен ережелерін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 минут 2 минут 1 минут 3 минут 3 минут |
| Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар, LED экран | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 5 минут | №1 тапсырма (С,Т,Ф) "Шеңберден орын ал ойыны". Бір команда шабуылдаушылар, ал екіншісі қорғаушылар рөлінде. Ұстаздың сигналы бойынша 1 және 4 бағыт бойынша оқушылар допты жүргізіп шабуылды бастайды (суретті қараңыз) және шеңберге кіріп сақина салуға тырысады. А және Б қорғаушылары қорғаныс тірегінде қозғала отырып, оған кедергі келтіреді. Барлық қатысушылар тапсырманы орындағанда, командалар рөлдерімен ауысады. Допты жоғалтпай, аймаққа бірнеше рет кірген және тапсырманы жақсы орындаған команда жеңіске жетеді. Қорғаушылар дер кезінде допты ұстап алуға тырысады, ол үшін олар әрқашан шабуылдаушылардың алдында тұрулары қажет. Талқыланыз: Екі шабуылдаушы екі ойыншыға қарсы ойынында допты лақтыруды қай мезгілде жасау қажет? Дескриптор: 1. Шабуылда және қорғаныста нәтижелі ойын үлгісін көрсетеді 2. Қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді. ҚБ: Топтық бағалау №2 тапсырма (С, Т, Ф) Стритбол 3х3 Команда үштікке бөлінеді: шабуылдаушылар мен қорғаушылар болып. Әр қалқанның тұсында ойын жүргізіледі: бір команданың үш ойыншысы допты сақинаға лақтыруға, ал екінші команданың үш ойыншысы қоғаныста допты ұстап алып, оны сақинаға лақтыруларына кедергі келтіруге тырысады. Қай команда ойыншы допты жоғалтса, 3 ұпайлық лақтыру аймағының сыртына қарсылас команда ойыншысы ойынды бастайды. Ойын барысында 2 ұпайлық аймақтан салынған допқа 1 ұпай, 3 ұпайлық аймақтан салынған допқа 2 ұпай беріледі . Допты сақинаға салып ұпай алған команда ойыншылары 3 ұпайлық аймақтын сыртынан ойынды бастайды. Берілген бір уақыт ішінде көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Сұрақ: Қорғаныс кезінде командалық әрекетте назарды бір ойыншыға аудару қажет пе әлде қорғау үшін әр ойыншыға бір ойыншыдан бөліп беру қажет пе? Дескриптор: 1.Көшбасшылық касиетін көрсетеді 2. Шабуылда және қорғаныста нәтижелі ойын үлгісін көрсетеді 3. Допты жүргізу, пас, тосқауыл қою, сақинаға лақтыру әдістерін орындайды. 4. Топта бірлесіп жұмыс жасайды ҚБ: Топтық бағалау №3 тапсырма (С,Т,ҚБ) Баскетбол төрешісінің іс-қимылы. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, презентацияның 5 слайдында көрсетілген тапсырманы бірінші топқа, 6 слайдты 2 топқа береді. Яғни мұғалім ойын ережесін сөзбен айтады оқушылар іс-қимыл арқылы көрсетеді. Дескриптор: 1. Төреші іс-қимылдарын көрсетеді және мәнін түсіндіріп береді 2. Ойын барысында төрешілік қызметін атқара алады ҚБ: Мұғалім бағалайды | Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер, баскетбол добы. https://youtu.be/del4MdQmlfw Бұл сілтемеде қорғаныс тәсілдері көрсетілген. Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер, баскетбол добы Бұл сілтемеде ойын ережесімен шығу тарихы баяндалған https://www.youtube.com/watch?v=9tUxrBZhrKI LED экран, презентация 5,6 слайд | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Тыныс алу жаттығулары, шеңберге тұрғызып, сабаққа кері байланыс жасау. Оқушылар өздерінің және қарсы топтың жасаған жұмыстарына баға береді. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Оқушының жеке мүмкінідіктерін анықтау; -тапсырмалар күределі немесе жеңілдетілген; -диалог арқылы. | - өзін-өзі бағалау; - бірін-бірі бағалау; - мұғалімнің бақылауымен. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру