Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 22

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаты :

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Қыз қуу» ойынын ойнату

(бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады). 

Тапсырма бойынша орындалатын жаттығулар.

Үш табанБұл ойынды үш - төрт баладан топтап екі - үш жерде ұйымдастыруға болады. Ойын шарты бойынша әр балаға бір - бірден асық, бір - бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп) Көмбеге бір - бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке - жеке сақаларын үйіріседі. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет - ретімен (тәйке, бүк, ішік) «ұшуға» кіріседі. Ұшу дегеніміз - көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру. Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігілуі асықты атуға жолдама алады. Осылай болмаған жағдайда асық ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді. Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып, өзінен кейінгі бәсекелесуіне кезек беруіне мәжбүр болады.Осылайша асық таусылғанша ойын жалғаса береді. Оқушылардан ойынның балама түрін құрастыруды ұсыныңыз.

Дескриптор :

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- көмбеде тұрған асыққа дәл тигізе алады..

-ойында жеңіске жетуге, іс әрекет көрсете алады.

-ойынның балама түрін құрастырады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Сұраңыз:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу