Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 23 сабақ.


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ОҚУШЫ

ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ

МАҚСАТЫ:

оқушының ой - өрісін жетілдіру, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізу

МІНДЕТТЕРІ:

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру;

Баланы зеректікке, білгірлікке баулу;

Еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет — өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін емес», - деп көрсеткен.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» — деп көрсетілуіне орай, халықтық педагогикасының элементтерін мектепте оқытудың, баланың бойына ұлттық сананы сіңірудің маңызына ерекше көңіл аударылғанын байқауға болады.

Қазақ ұлттық ойындарының баланың танымдық дамуындағы рөлі

Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың барысында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты беру не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында да пайдаланылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп мазмұнын байыта түседі, балалардың қиалдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.

Спорттық ойындар

Ақыл ойға арналған ойындар

Ойын- сауық ойындары

Ұлттық ойындар үш топқа бөлінеді:

Спорттық ойындарға:

қазақ күресі;

қыз қуу;

көкпар;

ақсүйек;

арқан тартыс;

бәйге;

күміс алу;

жамбы ату, т. б

Ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады.

Ойын- сауық ойындары мысалы: алтыбақан,

соқыр теке және т.б.

Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін, адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы ретінде пайдалана аламыз. Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулардың ішінде ойынның арттықшылығы, оның ерекше тартымдылығынан балалардың күшін жұмылдыратын, қуанышпен қанағат сезіміне бөлейтін әсерлігінен, ірі бұлшықеттерінің (жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін қозғыштық қызметін, қимылдың қарқынымен күш-қуатын балалардың өздерінің реттей білу мүмкіншілігінен, жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық т.б. психологиалық қасиеттерді дамытуынан деуге болады.

Қимыл қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппараттарына дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі.

Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.

Ойын бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, екінші жағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Сонымен бірге халық ойындары әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген, онда тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогикалық элементтері де жетерлік. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, бір ойын талғампаздыққа, ал енді бірі қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

көтермек

Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады. Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, Олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.

атбақыл

Асықпен ойналатын ойындардың бірі«Атбақыл» немесе «Көтеріспек» деп аталады. Ойынға екі-екіден қатынасады да, қалғандары көрушілер болады. Ойынға қатынасушылар кез келген жерді таңдап алады да, өздері тұрған жерлеріне белгі соғады. Сол белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын (не топайын, сиыр асығын, «топай» деп атайды) алыстата иіріп тастайды. Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе топайымен оны атады. Егер де ол тигізсе, бірінші ойыншы оны сақасы барып түскен жерге дейін арқалап барады. Енді екінші ойыншы сақасы түскен жерде тұрып, асығын не топайын алыстата иіріп тастайды. Бірінші ойыншы оны атады. Тигізсе, сақасы жатқан жерге дейін екінші ойыншы арқалап апарады. Егер асыққа тимей кетсе, ана ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді де, ойыншылардың өзара келісімі бойынша тоқталады.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірітоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз.

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. ПрезидентіӘлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкеріАйнұр Жақыпбаева.

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері:

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Атсырау ережесі:

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.

Тұздық алу:

Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.

«Белбеу тастау» — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.

БӨРІКПЕН ҰРУ

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтың адамдарыадамдарыбірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтың ойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгеннің боталарын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап, қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, “қарақшытопқа тап болады. Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған “қарақшылар” қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады. Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойын жалғаса береді.

ТҮЙЕ-ТҮЙЕ

Қорыта айтқанда:

Дене шынықтыру сабағына ұлт ойындарын қолдануға мүмкіндік мол.

Сабақтың маңызы артып, сапасы көтеріле түседі.

Біздің пікірімізше, ұлт ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге, қабылдау мүшелерінің жұмысын арттыруға, ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.

Күтілетін нәтиже:

Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау;

Денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

Табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;

Дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

Табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа);

Ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

Гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Қазақ ұлттық ойындары арқылы дене тәрбиесінің жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.

Ұлттық ойындар арқылы балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дамытуға және енбекте, қоғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауға ықпал етеді.

Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу