Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 20 сабақ.


Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Ақан тартыс

Ұлттық ойын туралы бейне түсірілім көрсету.

Қазақ ойындарына сілтеме:

https://isclips.com/video/0HDQPa6dhis/%D0%B0%D1%81%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%82%D1%83-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%8B-%D2%AF%D1%88-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD.html

Сұрақтарға жауап беріңдер

Қазақтың ұлттық ойындары неше топқа бөлінеді?

2. – Ұлттық ойындарды ата.

3. – Қазақтың ұлттық ойындары қандай қазына?

- Халық ойындары ненің құралы?

5. – Қазақтың ұлттық ойындары нені қажет етеді?

«Арқан тартыс» ойыны

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады

Дескриптор

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- қарсыласқа құрмет көрсетеді;

- Арқаныңды қолыңызға салуға болмайды;

- Еденнің ені бір-бірінен бөлек;

- қозғалыстар синхронды және үйлестірілген;

- арқанды өзінің жағына шығарады.

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу