Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 21 сабақ.


« Қазақ халқының ұлттық ойындары

(асық ойындары)

Оқу мақсаты: жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу;

Бағалау критериі

-жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді;

-жарыс кезінде төрелік ету ережелерін салыстыра алады.

Асық - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Бұл ойын негізінен күндіз де, түнде де ойналады. Асықтың күндізгісі адамды – мергендікке, түнгісі – ептілікке үйретеді. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады

Асық ойындарының көптеген түрлері біздің заманымызға дейін де жетті. Қазіргі кезде кей мектептерде әр түрлі үйірмелермен қатар асық үйірмелері де бар. Алысқа бармай-ақ қояйық, біз де сыныпта, үзіліс кезінде асық ойнап, бой жазамыз.

«Асық ойынын ауыл баласының еншісінде қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек» - деген Қазақпараттағы мақаласында Айбын Бақытұлы былай дейді: «Асық – қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке орай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады».

Асық ойындары қазақ халқының өмірінде ерекше орын алғандығына мынандай мысалдар бұлтартпас дәлел болады деп ойлаймын: Бірінші мысал. Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады.

Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі  жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір шетіне түпте қалған  ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.

 

 

"Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп мақалдап та жүрдік. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның жетістіктерін шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді. Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары. Сақа арқардың асығы болуы шарт. Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы. Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады. Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары "қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын. Қазағымның кең пейіліндей Сарыарқа даласында көсіле жазықта ойналған. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнаса да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен құрдас бір-біріне бәсекелесіп ойнаса да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнаса да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді

 

Видео көрсету

Асық ойыны видео сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=INk39KQAJt8

Тапсырма 1

Оқушылар қазақтың «Асық» ұлттық ойынына атау керек

Оқушыларға асық беріледі. Әрбір оқушы екі асықты шығарады.Оқушылар өз кезегінде асықпен сызықтағы асықтарын ұрып-соғып жатады. Сызықтан шыққан астық, өзіңіз алыңыз. Көп асық жинаған ойыншы осы ойынның жеңімпазы болады.

Дескриптор

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- қарсыласқа құрмет көрсетеді;

- ойын ережелерін біледі;

- асықтың атауын атайды ;

- асықты соғады ,көрсете алады.

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу