Жарыс ойыны әрекетін ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Краткосрочный план по физической культуре №

2-бөлім: Ойындар арқылы проблеманы шешудің дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Класс: 8

Қатысатындар саны:

Сабақта жоқ:

Сабақтың тақырыбы:

Жарыс ойыны әрекетін ұйымдастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1 – кең диапазондық физикалық жаттығуларда тактикаларды, стратегиялар мен композициялық идеяларды анықтау мен бағалау.

 Сабақ мақсаттары:

Тактикалар мен стратегиялардың әдістерін жасау

 Бағалау критерийлері

- ойында қорғану мен шабуылдың тактикасын көрсетеді;

- қарсы команданың ойындағы қорғану мен шабуылдың тактикасын бағалай алады.

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология:

  • қабылдау, беріс
  • соққы, дәлдік, пас, затты біреуге беру
  • шабуыл, қорғаныс
  • тактика, техника, стратегия, шешім
  • қауіпсіздік, ойын ережесі
  • қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, шабуылдаушы, дәнекер
  • ойын комбинациясы

Құндылықтар

Жеке жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді, өзара көмекті дамыту

Пәнарлық байланыс

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ- ны қолдану

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындар мен эстафеталардың спецификалық ұғымдарын біледі, алдыңғы сыныптар мен сыныптан тыс сағаттарда алған дағдылары бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Құралдар

Сабақтың басы

  10 мин

Мұғалімсыныппен амандасады.

«Миға шабуыл» әдісін қолданып, сыныппен тақырыпты анықтайды (Сұрақ-жауап):

- қандай жарыстарға қатыстыстыңдар?

- жарысты кім ұйымдастыра алады?

- Қандай спорт түрлерінен жарыс өткізуге болады?

Тақырып: Тема: «Жарыс ойыны әрекетін ұйымдастыру».

Мұғалім оқушыларға мақсатты шығаруды ұсынады және жасалған мақсатпен салыстыруды сұрайды.

(Б, Ж) Мұғалім ағзаны алдағы физикалық жүктемеге дайындау үшін бұлшықеттің әр түрлі топтарына жүгіру жаттығуларын жүргізеді.

Кейін мұғалім қабілеттірек оқушыны иілгіштікті дамыту үшін орындарында жаттығу жасатуын сұрайды.

Әр әрекетке үлкен кең кеңістік, теннис добы, кілемшелер.

Сабақтың ортасы

25 мин

(Б, ЖЖ)Мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, ноутбукта қажетті сілтемені ашуды ұсынады:

1 топ – ғаламтордан тактика дегеніміз не дегенді іздейді;

2 топ – ғаламторда стратегия дегеніміз не дегенді іздейді.

(Б, ЖЖ) Оқыған материалды талқылау.

(Б, ЖЖ) Мұғалім сыныпты 2 командаға бөледі. Қарточкаларды таратып, ойын ережесімен танысып, тактика мен стратегияларды жасау үшін екі минут береді.

Ойын: «Сетка арқылы екі доппен» (карточка №1).

Тапсырмаға дескрипторлар:

- ойын 3 минутқа созылады;

- бастан екі қолмен лақтыру орындалады;

- бірінші болып 10 ұпай жинаған команда жеңеді.

Сұрау: Ойын кезінде қандай тактика мен стратегияны қолдандыңдар?

(Б, ЖЖ, Ж) Мұғалім әрбір топқа тапсрымамен карточка береді (карточка №2).

Бір топ алаңның бір жағына, екіншісі қарама қарсы жаққа кетеді:

- төменгі тура берісті орындайды;

Қабілеттірек оқушылар істей алады:

- берісті нақты зоналар бойынша орындай алады.

Мұғалім бұл уақытта әрбір оқушыға қалыптастырушы бағалау өткізеді.

(Б, ЖЖ, Ф) Волейболдың ережесі бойынша оқу-жаттығу ойыны. Оқушылар сол командаларда қалады. Ойын тактикасын талқылайды.

Мұғалім ойын кезінде кеңес береді:

-нақты зонаға беріс беруге тырысу;

- нақты зонаға допты беруді орындау.

Мұғалім ойын кезінде әрбір оқушыға қалыптастырушы бағалау жасайды.

Ойыннан кейін әр топ өзара бағалау жүргізеді.

Әр әрекетке үлкен кең кеңістік.

Ресурсқа сілтеме: http://bmsi.ru/doc/2e76bd3d-a8f0-470a-955a-8b0133682534

Карточка №1,мұғалімнің ысқырғышы, ноутбуктар, волейбол доптары, волейбол жақтаулары, сетка, карточка №2.

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу