Жарыс ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 7-8 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme7-8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 10

Сабақтың тақырыбы:

Жарыс ұйымдастыру және өткізу.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Әр-түрлі жағдайларда спорттық қызметтегі міндет және рөлді зерттеу.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы өздерінің ойларын ұсына алады.

Оқушылардың көбісі жарыс жолын сала алады.

Оқушылардың кейбіреуі жарыс жолында әртүрлі шаңғы жүрістерін көрсете алады.

 Жетістік өлшемдері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Өз ойларын ұсынып, жариялай алады.
  • Шаңғы техникасын жетілдіру.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсалықты бекітуге арналған шыдамдылықты дамыту жаттығулары кешені мен физикалық жаттығулар қандай салым енгізгенін контекст үшін, басқалардың білімін сараптай, талқылай, өздерінің білімдерін көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бас төреші, секундометрші төреші, жарысты бастаушы (стартер), жол төрешісі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Олимпиада бағдарламасына қандай шаңғы қашықтықтары кіреді?
  • Қазақстанның белгілі шаңғышысы?
  • Бас төрешінің міндеттері?
  • Жолды таңдау барысында қандай заттарды ескеру керек?

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Құрмет, ынтымақтастық.

 Пәнаралық байланыс.

Тарих

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=ThP67zbtlXc

 Алдыңғы білім.

Бұрыңғы шаңғы дайындығының сабақтарынан алған тәжірибе.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың шаңғы базасындағы жиыны. Сабақтың мақсаттарын және сабақтың критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы және шаңғы инвентарын беріп, мектеп стадионына шығару.

Орнында отырып, тұру. Әр оқушы 20 рет орындайды.

ЖДЖ орнында тұрып, мұғалім жасап көрсетеді, басты назар иық және белде болу керек.

3 минут бойы оқушылар шаңғы жүріп өтеді. Оқушылар қозғалыстың техникалық әдістерін үйренеді.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 76 минут

Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар қояды: Олимпиада бағдарламасына қандай шаңғы қашықтықтары кіреді? Қазақстанның белгілі шаңғышысы? Бас төрешінің міндеттері? Жолды таңдау барысында қандай заттарды ескеру керек?

Мұғалім оқушыларға теориялық мәліметтер бере отырып, мектеп стадионын классикалық және конькише жүруге арналған аймаққа бөлуге ұсынады.

Жергілікті жағдайға байланысты оқушылар ұзақ қашықтықты анықтайды. Әрбір оқушы талқылауға бірге кіріседі. Мұғалім оқушыны сабақ үрдісіне тартуына байланысты, кезкелген оқушыға сұрақ қойып отырады.

Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ классикалық жүрістерді талқыласа, екінші топ конькише жүруді талқылайды. Техникалық орындауына мұғалім өзгертулер жасап отырады. Таңдалған жолды немесе ұзақ қашықтықты талқылап отырады. Топтар ауысып отырады. Төрешілерді оқушылардың ықыласымен таңдалынады. Таңдалған қашықтықта жарысты өткізу. Әр жүгірісте 5-тен артық емес қатысушы болу керек. Жүгірістің жеңімпазы келесі айналымға шығады. Ұтылған ойыншылар қалған орындарды ойнатылады.

Қорытынды бөлімінде оқушылар 5 минут бойы көрсете алмаған шаңғы жүрісімен жүреді.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы заттары, конустар.

Сабақтың аяғы

77 – 80 минут

Оқушылар шаңғы базасында жиналады. Шаңғы және шаңғы инвентарын тапсыру. Кері байланыс: өзімнің жарыс нәтижесімен келісемін бе?

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу