Секіру қабілетін дамытуға бағытталған қызмет түрі. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Дене шыныктыру және АӘД» ӘБ жетекшісі

Каукеев А.К.________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы денсаулықты нығайту

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 18.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Махметова В.К.

Сынып: 8 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Секіруді дамытуға бағытталған қызмет түрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1. Дене қасиеттерін дамытатын жаттығулардан мысалдар келтіру

 Сабақ мақсаттары

1.Барлық оқушылар келесіге қаблетті:

  • Жеңіл атлетика бөлімінің секіру техникасының қауіпсіздік ережесін

орындалу реттілігін сақтай алады.

  • Дене қасиеттерін дамыту үшін арнайы секіру жаттығулары арқылы техникаларын жетілдіру;

2. Оқушылар көпшілігі келесіге қаблетті:

Секіру техникасымен секіре алады және талдап саралай алады.

3. Кейбір оқушылар келесіге қаблетті:

Топпен орындалған жаттығуларды өз ара бағалай алады.

 Бағалау критерийлері

Секіру барысында аяқты бүгіп секіру әдісін орындай алады және көрсетеді.

Секіру жаттығуларын орындау техникасын түсінеді;

Спорттық құралын қолдана алады;

Биіктікке секіруде екпінді жүгірістен, итеруден, планкіден өту және түсу, жауырынмен түсу техникасын орындайды және көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

жеңіл атлетика сабағында спорттық жабдықтарды лақтыру туралы түсініктерін сипаттай және талқылай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

екпін алу, итерілу, ұшу және қону сатысы

физикалық қасиеттер: жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік

қадамдар, аттау

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

секіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс?

Секірулер біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

Секіруден кейін аяқ бұлшық еттерің өзін қалай сезінеді?

Секіру сатыларын неліктен бірізді орындау қажеттігін айта аласыңдар ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.
  • Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, биология.

 АКТ қолдану дағдылары

Секіруге қатысты видео ролик.

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойынша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы ортаға талаптау.

  • Оқушыларды тақырыппен және сабақ мақсатымен таныстыру
  • Оқушыларға Қазақстанның спортшыларының презентациясын көрсету.
  • Жүру, жүгіруге арналған жаттығулар. Бір орында жасалатын жаттығулар
  • Арнайы секіруге арналған жаттығулар.
  • Оқушыларды белгілі бір фото суретпен бөлу арқылы оқушылар секіру тақырыбына қатысты топпен постер жасау және қорғау.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, конустар.

Сабақтың ортасы

Ойын. «Кім алысқа секіреді?»

Ойын шарты: оқушылар бөлінген топтарымен кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргенең әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшем көп, сол топ жеңіске жетеді.

Тапсырма бойынша видео ақпарат көрсету.

1 –Тапсырма

Оқушыларды екі топқа бөліп, секіру жаттығуларын орындау техникасымен (таратпа материалдар беріледі). Таратылған материалдар арқылы теориялық білімдерін талқылау. Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі-«аяқты бүгіп секіру әдісі». Серпілу (жерден көтерілу)Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен  секіруші тік қалыпқа келуі керек.Самғау (ұшу немес қалықтау)Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген  жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.Жерге түсу.

2 –Тапсырма

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша дұрыс секіру әдісін көрсету.

Фосбери-Флоп. 2. Биіктікке секіру мына сатылардан тұрады; екпінді жүгірістен, итеруден, планкіден өту және түсу, жауырынмен түсу техникасы.

Таратпа материалды топпен алмастыру.

Дескриптор

  • теориялық түсініктерін айтады
  • Серпілу,самғау,жерге қону жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерін анықтау

- екпінді жүгірістен, итеруден, планкіден өту және түсу, жауырынмен түсу техникасын орындайды және түсіндіреді.

фишкалар, ысқырық рулетка, планка, гимнастикалық мат, таратпа материалдар.

Сабақтың соңы

Сабақты қортындылау, бүгінгі өтілген сабаққа ауызша рефлексия

Сұрақ – жауап

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Секіру тапсырмалары кезіндегі нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады;
  • көпшілік оқушылар секіру техникасымен секіре алады және талдап саралай алады;

Әр білім алушы өзінің іс-әреті туралы класстастарымен талқылай алады;

Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма? Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу