Стратегия дағдыларын дамытуға арналған ойындар құрастыру. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Дене шынықтырудан қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Стратегия дағдыларын дамытуға арналған ойындар құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.8.8.Келісілген түрлі қозғалыс контексттеріндегі рөлдерді анықтау.

 Сабақ мақсаттары

2.8.Келісілген түрлі қозғалыс контексттеріндегі рөлдерді орындау және оны айырмашылықтарын білу.

 Бағалау

 критериелірі

- қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады;

- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Пән лексикасы және терминология:

Диалогқа жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері:

  Пәнаралық

  байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ қолдану

  дағдылары

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар үй мен мектеп бағдарламасынан тыс, сондай-ақ алдыңғы бөлімдер мен сыныптарда алынған меншікті негізгі қарым-қатынас дағдылары мен қозғалыс дағдыларын дамыта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтың

басы

5 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

(Б, К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Келесі сұрақтарды талқылауға ұсынады:

  • «дамыту ойындарын құрастыру» деген не?
  • Ойын құрастыру арқылы стратегия дағдыларын қалыптастыру мүмкін бе?

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтайды «Стратегия дағдыларын дамытатын ойындар құрастыру»

Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін құрастыртып, содан кейін түп нұсқамен салыстыруды ұсынады.

Ресурстар

Сабақтың

ортасы

12 минут

3 минут

20 минут

Сабақтың

соңы

5 минут

(Б, Ж) Әрі қарай мұғалім дененің құрысын жазу және денеге түсетін ауырлыққа ағзаны даярлау үшін түрлі бұлшықет тобына жаттығулар жасауға сынып көшбасшысын таңдайды.

(Ж,Д,Ж жүгіруде, орыныда).

Стратегия дағдыларын қалыптастыру үшін ойындар құрастыру.

Мұғалім оқушыларды ойын ережелері және стратегиялармен таныстырады

(Б, К, Ф) Алаңда диаметрі 3,10 және 15 м. үш центрлес дөңгелектер сызады. Кішкентай шеңбер бойымен алты кесінді, шағын шоқпар қояды.

Екі команда ойнайды. Әр қайсында бір капитан мен үш қорғаушы болады. Қалған ойыншылар беріп тұрушылар.

Капитандар кіші шеңберге тұрады, қорғаушылар – орташаға, беріп тұрушылар –үлкен шеңберге орналасады. Мұғалім капитандардың біріне волейбол добын береді. Ол оны өзінің беріп тұрушына береді, ал ол оны қайтадан капитанға беруге тырысады. Қарсы команданың қорғаушылары допты алып қойып, өз беріп тұрушыларына жіберуге тырысады. Капитан допты алып бір кесіндіні беріп ойынннан шығарады.

Мұғалім допты басқа капитанға береді, ойын жалғасады.

Тапсырманың дескрипторлары;

- оқушылар ойын ережесін сақтады

-допты лақтырушы өз капитанына допты дұрыс берді

-ойыншы өз шеңбер сызығынан шықпады

ФБ Смайликтер арқылы орындалады (өте жақсы – күліп тұрған, жақсы –күлімсүреп тұрған, жаман- жыламсырап тұрған).

Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушылар сары түсті стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалемге тапсырады.

Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы бестас асық ойынның жарыстарын көріп талқылау. Бестас асық ойыны туралы эссе жазу.

Сілтеме: https://www.google.kz/search?q=%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B+%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BA%D0%B8+%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B9%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%BC+%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC&biw=1366&bih=638&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ved=0ahUKEwig1MnHsZTUAhXEjCwKHZptA6UQsAQIHw

Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Көрсетілген бейнематериал бойынша сұрақтар қою арқылы оқушыларға көмек көрсетуге тырысамын. Қабілетті оқушылар үшін интернеттен ойындардың түрлі тактикалары мен стратегияларын тауып алып, сараптама жүргізіңдер деген тапсырма беремін.

Барлық сабақ бойы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Ынтымақтастық орта құру, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, диалог.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу