Рольдік ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақтың ұлттық ойындары.

Ортақ тақырып: Мамандықтар әлемі.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Рольдік ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 Бірлескен және жеке жұмыста, рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді көрсету.

4.2.2.1 Анықтай және баламалай әзірлеу, бірлескен жұмыс арқылы бірқатар көшбасшылық қасиеттерді көрсету.

Сабақ мақсаттары

Бірлескен және жеке жұмыста қазақтың ұлттық ойындарын орындау, рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді алға тарту және бірқатар көшбасшылық қасиеттерді пайдалану, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу.

Жетістік критерийі

Бірлескен, жеке жұмыста қазақтың ұлттық ойындардың орындалуын дұрыс көрсетеді, құндылықтардың мағынасын анықтайды және ойынның баламалы нұсқаларын әзірлейді, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Рөлдік және зияткерлік ойындар арқылы әртүрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады;

  • стратегия, тактика, сигнал;
  • команда, қарсылас, шабуыл, қорғаныс;
  • рөлдер, ойыншы, төреші.

Құндылықтарды дарыту

Дене шынықтыру арқылы қазақтың ұлттық ойындарындағы ақыл-ойын, ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне бағыттау.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сағаттарында пайдалану нәтижесінде рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді және көшбасшылық қасиеттерді көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылардың әртүрлі қазақ ұлттық ойындарындағы тәжірибесі бар. Алдыңғы сабақтардағы, сабақтан тыс уақыттағы мұндай ойындарда олар жалпы шығармашылық қабілеттерге жетті.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, ұқалау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б, Т, К) «Көкпар»

Бұл ойында оқушылар 6-10 оқушыдан тең екі командаға бөлінеді. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар түзуі қажет. Жұптарда, бір оқушы «жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады. Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет. Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады. «Шабандоздар» және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Сигнал бойынша «жылқыларымен» «шабандоздар» жүгіріп келіп және допты қарма-қарсы жақтағы құрсауға салуы керек. Допты салған команда ұпай алады.

(Б, ЖЖ, К, Ф) «Арқанды тарту». Оқушылар жұпқа бөленді, «Арқанға жақында» бірінші сигналы бойынша ойыншылар оң жаққа, арқанның сол жағынан тұрады. «Арқанды ал» екінші сигналынан кейін командалар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өзінің жағына тартуға тырысады. Команданың біреуі кішкене лента бақылау сызығын кесе өтетіндей арқаннан бұрылып кеткенде күрес аяқталады.

Арқанды өз жағына тарта білген команда жеңімпаз болады.

(К, И, П, Ф) «Әуе таяқ» ойыны. Ойын үшін қатысушылардың санына сәйкес тегіс таяқтар қажет (ұзындығы 80 см., диаметрі 2-3 см.). Қатысушылар жұптарға не топтарға бөлінеді. Мұғалім алғашқы жұпты не топтан екі оқушыны шақырады. Шақырылғандардың біреуі белгіленген сызықтан 3-4 м. кейін кетеді де, жүгіру бойымен қолындағы таяқты алға қарай жоғары лақтырады. Одан соң екінші ойыншы да өз таяғын алғашқы ойыншының таяғына тигізуге тырысып, лақтырады. Егер таяққа тисе, оған ұпай беріледі. Одан соң екінші жұп шығады және т.с. с. Ойынның екінші айналымында жұптағы ойыншылардың рольдері ауысады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Үлкен ойын кеңістігі. Волейбол доптары, құрсау, мұғалім ысқырығы.

Қазақтың ұлттық ойындары-«Көкпарға» сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=JfD8NaHM4Hg

Гимнастикалық арқан, бор, арқанға арналған кішкене лента

«Арқанды тарту» ойынына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs

Арқанды тарту ойынына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=W9GoaJXiaGI

Құралдар:

секундомер, бор, фишкалар, түрлі доптар, гимнастикалық таяқтар

Ресурс ойын «Әуе таяк»:

http://kk.convdocs.org/docs/index-321365.html?page=2

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Қазақтың ұлттық ойындарында бірлескен және жеке жұмыс кезінде әдеттегі қателерге назар аударады, анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойын нұсқаларына балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қазақтың ұлттық ойындары бойынша жалпылау. Ұлттық ойындарыдағы негізгі элементтерді жүйелей білуге негізделеді. Ойындарыдағы қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, үйлесімді орындау. Рольдік ойындардың, мағынасын ашу. Баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Бірлескен, жеке жұмыста рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді көрсету.

Оқушылардың өз бетінше ұлттық ойындардың нұсқаларын белсенді орындау, өз бетінше қателерін түзеу. Үйлесімділікті, реттілікті дамытуға ынталану. Нұсқаларын орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар, бірлескен, жеке жұмыстар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, техника қауіпсіздік ережелерін сақтау Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі ойынның нұсқаларын орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып, ойын нұсқаларын қайталау, қателерді түзету, қайталау арқылы қол жеткізді.

Әр ойынның нүсқасына бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі ойындардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, ойын ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бірлескен және жеке жұмыстағы ойынның ережесіне,шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, белсенділігін анықтау.

2: Ойын барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Ойындағы белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы.

2: Ойындағы қозғалыстарға ықпал ететін факторлар. Тапсырманың, рольдік ойындардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Рольдік ойындарға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу