Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.


№11 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар

Кіріспе бөлім

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Сабақтың кіріспе бөлімінде

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.

Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру.

Арақашықтықты сақтау.

Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.

Мұрынмен тыныс алу.

Жүгірістегі жаттығулар.

Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Ж

үрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Негізгі бөлім:

Оқушы әрекеті:

Мұғалім берген тапсырманы мұқият орындау. Бағалау критерийлеріне сәйкес ойын барысында әрекет жасау. Ойын ережелерімен танысып, топта бірлескен жұмыс көрсету.

Ойын ережесі:

«Айдаһар». Оқушылар бір-бірін белінен(белбеуінен) ұстап шынжыр құрайды- бұл «айдахһардың құйрығы». Шынжырдың алдында жүргізуші тұрады – «айдаһардың басы». Жүргізуші барлығын соңынан ертіп қозғалыс траекториясын шеңбер бойымен, кедергіні айнала, «айдаһардың құйрығын» (саптың соңындағы ойыншыны) ұстау үшін шалт бұрылыстар жасап жүреді. Ойында жүгіру міндетті емес.

Дискриптор:

  • ойынды ережемен ойнайды,
  • қозғалыс троекториясын белсенді жасайды;
  • ойында серіктестерімен бірлесе жүгіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Ойынды сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Келесі ойын:

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші оның ортасына өтіп, «Доп жоғарыға» сөзімен допты жоғары лақтырады. Оқушылар осы сәтте шеңбердің ортасынан барынша алыс жүгіріп кетуге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» -деп айғалайды. Барлығы тоқтау керек. Жүргізуші орыннан қозғалмастан допты өзіне бәрінен жақын тұрғанға лақтырады. Кімге доп тисе, сол жүргізуші болады. Егер жүргізуші тигізе алмаса, онда ол жүргізуші болып қала береді де, ойын жалғасады.

Қосымша ойын нұсқасы ретінде: Жүргізуші шеңбердің сыртында тұрып, доппен жаттығу жасайды, оқушылар беске дейін санайды. «Бес» дегенде олар тез жан-жаққа қашады. Жүргізуші «Тоқта!» деп айқайлап, жақын тұрған ойыншыға допты лақтырады. Кімге допты тигізс, сол жүргізуші болады. Егер ол тигізе алмаса, ол допқа жүгіреді, осы кезде ойыншылар барынша одан алысқа қашуға тырысады. «Тоқта!» деген белгіге барлығы тоқтайды. Жүргізуші тағыда жақын тұрған ойыншыға тигізуге тырысады. Ойын осылай жалғасады.

Дискрипторлар:

  • ойынды ережемен ойнайды,
  • доппен белсенді жұмыс жасайды;
  • ойында белсенділік танытады.

«Сабақты қорытындылау»

Оқушылар құрал-жабдықтарды жинайды. Жалпы, бүгінгі өтілген сабаққа рефлексия жасайды. Ойын барасындағы іс-әрекеттерге кері байланыс береді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Эстафеталық ойындарға керекті құралдар

Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)

резеңке доп секіртпе доптары

кәрзеңке түрлі түсті қағаздар немесе доптар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу