Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.


№10 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар

Кіріспе бөлім

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Сабақтың кіріспе бөлімінде

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.

Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру.

Арақашықтықты сақтау.

Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.

Мұрынмен тыныс алу.

Жүгірістегі жаттығулар.

Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Ж

үрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Негізгі бөлім:

Эстафеталық элементтері бар дене жаттығулары

Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды.

Мысалы:

1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және жүгіру).

2. 30м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру.

3. Кедергілермен жүгіру техникасын көрсету.

Жұпта ақылдасып, жұмыс жасап болғаннан кейін тең екі топқа бөлініп, құрал-жабдықтармен эстафета ойнату.

  • Белгеленген жерге дейін шығыршықпен кедергілердің арасымен жүгіріп, өз белгілерін айналып келу. Шығыршықты лақтырмай келесі ойыншыға беру.
  • Жеңіл резенке допты (волейбол добы) шығыршықтың көмегімен жерге домалатып, белгіні айналып келу.
  • Үлкен резеңке доптың үстіде секіріп, өз белгілерін айналып келуі қажет.
  • Әр ойыншы колдарына корзина алып, жерде жаткан әр түрлі түсті кагаздардан бір-бір түрінен жинап, белгіні айналып келесі оқушыға кәрзеңкені береді. Барлық ойыншы осылай жинаулары тиіс.

Эстафеталық ойын дискрипторлары:

  • ойын кезінде қауіпсіздікті сақтайды;
  • ережені мұқият тыңдап, тапсырманы дұрыс орындайды;
  • өз командасы үшін жылдап жүгіріп, көшбасшылық танытады

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Ойынға керекті құралдар

Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)

резеңке доп секіртпе доптары

кәрзеңке түрлі түсті қағаздар немесе доптар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу