Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
11.1 B Карбонилді қосылыстар | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің А.Ә.Т: | |||
Сыныбы: 11 | Қатысушылар саны: | Қатысушылар саны: | ||
Тақырыбы: | Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері | |||
Оқу мақсаты: | 11.4.2.11 Майлардың құрамы мен құрылысын, қасиеттерін және іс жүзінде қолданылуын білу. | |||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар майларды жіктелуіне қарай сипаттап, қатты және сұйық майды бір-бірінен ажыратады, тиісті формулаларын жазады. | |||
Тілдік мақсат:
| Оқушылар: Олар тиесілі болатын жалпы өнімдер, топтар атауының тізілімін анықтайды, сондай-ақ тамақтану тұрғысынан топқа кіретін әр өнімнің үлесін бағалай алатын болады. Пәндік лексика және терминология: Диета, пропорциялар, белоктар, майлар, көмірсулар, органикалық қосылыстар, өнім топтары, пайызда, бағалау Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер X тағам өніміне Y қатысты. Барлығы /ең / кейбір менің сүйікті астарым X тобына жатады. Менің диетамның (кеше) N% майлар/көмірсулар/белоктар тобына жатады деп санаймын. Мен Х тобындағылардан ешқайсысын ұнатпаймын. | |||
Бағалау критерийі | Оқушылар: Майларға дұрыс анықтама береді; Сұйық майды қатты майдан ажырата алады; Майларды жіктелуіне қарай сипаттайды: -белгілеріне сәйкес топтастырады -мысалдар келтіреді. | |||
Алғашқы білім: | 9.1В Көміртегі қосылыстары 10.3А Органикалық химияға кіріспе 10.3B Көмірсутектер 10.3А Спирттер және органикалық қышқылдар 10.4В Синтетиткалық полимерлер | |||
Құндылықтармен байланыс | Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||
1- 3 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбын анықтау, сабақ мақсатымен таныстыру | Слайд №1-2 | ||
4 -8 мин 9-19 мин 20-35 мин | Бейнематериалмен танысу Оқушыларды 3 топқа бөлу. Тапсырма №1 Оқушылар алдарына берілген теориялық материалмен танысып, топта талқылайды. Топаралық бағалау жүргізіледі Тағамдық май түрлері Тағамдық майлар бірнеше түрге бөлінеді:
Құрамында майлардың мөлшері көп болатын рапс, соя бұршақтары, зәйтүн, жержаңғақ, күнжіт, кокостар және какао секілді өсімдіктерден майлар алынады. Көпшілік өсімдік майлары бөлме температурасында сұйық болып келеді. Жануарлар майларының барлығына жуығы қатты немесе жартылай қатты болып келеді. Сиыр сүтінен алынатын сары май, қой, жылқы т.б. жануарлардың майларын да тағамдық өнім ретінде тұтынады. Қаныққан және қанықпаған майлар Майлар құрылымы бойынша қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді. Қаныққан майларға май қышқылдарының көмірсутек тізбегінде қос байланысы болмайтын заттар жатады. Қанықпаған майлар – көмірсутектік тізбекте кемінде бір немесе бірнеше қос байланысы бар май қышқылдарынан тұратын майлар. Мысалы, бір қос байланыс бар май қышқылы – олеин қышқылы, екі қос байланыс – линол қышқылы, үш қос байланыс – линолен қышқылы. Қатты майлар негізінен қаныққан майлардан тұрады, ал сұйық майларда әдетте қанықпаған майлардың үлесі жоғары болады. Тапсырма №2 Майларды шығу тегіне, агрегаттық күйіне қарай сәйкестендір. Тапсырма №3 Қалыптастырушы бағалау | https://twig-bilim.kz/kz/film/food-basics-fats Слайд №4-14 | ||
36-40 мин | Үйге тапсырма: Рефлексия Сабын алуға қажетті шикізат ......... Майдың сабындануы – оны ........... қатысында қыздыру Сабынның құрамы ............. Қатты майлар – ол ........... натрий тұздары, ал өсімдік майлары .......... | Слайд №15 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?