Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері. Химия, 11 сынып, презентация.
Білімді жаңғырту
Күрделі эфирлердің жалпы формуласы:
Майлар – ол күрделі эфирі:
Жоғары карбон қышқылдары мен біратомды спирттердің
Жоғары карбон қышқылдары мен көпатомды спирттердің
Карбон қышқылдары мен глицериннің
Жоғары карбон қышқылдары мен глицериннің
Күрделі эфирлерді алу реакциясы қалай аталады?
Гидрлеу
Этерификация
Полимеризация
Гидратация
Қайсы май сұйық болып келеді?
Шошқа майы
Балық майы
Сиыр майы
Қой майы
Қайсы май қатты болып келеді?
Кендір
Күнбағыс
Пальма майы
Зәйтүн
«Миға шабуыл»
Өсімдіктердің гүлдерінен, жеміс - жидектерінен хош иістің бөлінетінін білеміз. Ол қандай заттар?
(жауабы: гүлдер мен жемістер құрамында күрделі эфирлер болуы )Түйенің шөлге төзімділігін қалай түсіндіре аласыңдар?
(жауабы: өркешіндегі майдың су бөлуінен)Қоңыр аю қыс бойы ұйқыға кеткенде, не себепті қарны ашпай жатады?
(жауабы: ағзасындағы май тотыға отырып, ыдыраған майдың суын пайдаланады )Сабақтың тақырыбы:
Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері
11.4.2.11 Майлардың құрамы мен құрылысын, қасиеттерін және іс жүзінде қолданылуын білу.
Тапсырма №2
Майлардың қолданылуы туралы өз ойларыңызбен бөлісіңіздерӘр топта косметолог, диетолог, дәрігер, технолог мамандарының рөліндегі оқушылар болуы тиіс
Майлар адам ағзасында энергия көзі саналады. Май – біздің тамақтануымыздағы маңызды компонент. Майлардың энергетикалық құндылығы өте жоғары.
Салыстыратын болсақ, ақуыздың 1 грамы – 17 кДж энергияға, майдың 1 грамы – 36 кДж энергияға сәйкес келеді. Мысалы, 100 г еттің құрамында 50 г су, 20 г ақуыз бен 30 г май болады. 100 г етті жегенде алуға болатын энергия мөлшерінің басым бөлігі майдың үлесіне сәйкес келетіндігін есептеп көрейік:
Су: 50 г ⋅ 0 кДж/г = 0 кДж
Ақуыз: 20 г ⋅ 17 кДж/г = 340 кДж
Майлар: 30 г ⋅ 36кДж/г = 1080 кДж
Майлар ішкі мүшелерді соққы мен жарақаттардан қорғайды да өңіне ажар береді. 1 г майға 9 калорий сәйкес келеді.
Майлардың қорытылуы. Ұлтабарда майлар липаза деп аталатын ферменттің қатысында біртіндеп гидролизге ұшырайды. Триглицеридтер май қышқылдары мен глицеринге ыдырап, ағзаға сол күйінде сіңіріледі.
Тапсырма №3
Бос орындарды толтырыңыздар:Тамақтану тәртібінде тағам құрамындағы майлардың үлесі күнделікті керекті энергияның 30%-нан артық болмауы тиіс. Егер жұмыс істейтін адам күніне 20800 кДж-ға дейін энергия жұмсаса, ол күнделікті қажет ететін майдың мөлшерін есепте.
Көмек: 1 грамм май 39 кДж-ға жуық энергия бөледі.
Күнделікті қажет энергияның 30%-ы……….кДж-ға тең, ……….. грамм майдан ……………. кДж энергия бөлінеді
Майлардың қолданылуы
Тағам
Маргарин өндіруде
Сабын алуда
Медицинада
Косметикада
Техникада
Олифа өндіруде
Тұрмыста
Сабын
Сабын өндіру үшін техникалық май қолданылады. Оны тамақ қалдықтарынан және теңіз жануарларының тері астындағы майынан өндіреді.
Тест
Майлардың құрамына кіретін спирттің түрі:Бір атомды
Үш атомды спирт
Қанықпаған спирт
Екі атомды спирт
Майлардың энергетикалық құндылығы:
17 кДж/г
25 кДж/г
34 кДж/г
36 кДж/г
Қаныққан майлар дегеніміз...
май қышқылының көмірсутек тізбегінде екі қос байланысы болатын заттар
май қышқылының көмірсутек тізбегінде үш қос байланысы болатын заттар
май қышқылының көмірсутек тізбегінде бір қос байланысы болатын заттар
май қышқылының көмірсутек тізбегінде қос байланысы болмайтын заттар
Көмірсутек тізбегінде екі қос байланысы болатын май қышқылы:Арахидон қышқылы
Линол қышқылы
Линолен қышқылы
Олеин қышқылы
РефлексияСабақта
• Мен білдім ...
• Мен үйрендім ...
• Маған ұнады ...
• Қиындық туғызды
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/majlar?mid=%result%
http://bilimdiler.kz/himia/17999-kurdeli-efirler-maylar.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?