Карбонил тобының құрылысы және номенклатурасы. Химия, 11 сынып, презентация.


Карбонил тобының құрылысы және номенклатурасы

Оқу мақсаты:

11.4.2.2 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC бойынша атау

Бағалау критерийлері:

- альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастырады;

- альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдарын IUPAC бойынша атайды.

Карбинол тобының құрылымы

Карбонил тобының көміртек атомымен тікелей байланысқан молекула бөлігі жазық болады

Карбонил тобының құрылысы

Карбонил тобындағы көміртек атомы sp2-гибридтенген. Онымен байланысқан атомдар бір жазықтықта жатады. Арасындағы бұрышы 1200. Карбонил тобының қос байланысы алкендердегі сияқты бір σ (сигма) және бір π-байланыстан тұрады. Бұндағы қос байланыс электртерістігі әртүрлі атомдар арасында түзілген. Карбонил тобындағы электрон тығыздығы электр терістігі жоғары оттекке қарай ығысқан. Сондықтан полюстену пайда болады.

Альдегидтер мен кетондардың құрылымы

Альдегидтер мен кетондар – көміртек атомымен қос байланыспен байланысқан, оттек атомынан тұратын қосылыстар. Бұл құрылым карбонил тобы деп аталады.

Альдегидтер – құрамында карбонил тобы > С=О бар және оған байланысқан сутек атомы мен көмірсутекті топтан тұратын, жалпы формуласы төмендегідей болатын органикалық қосылыс:

Кетондар дегеніміз – карбонил тобы >С=О мен оған тіркелген екі көмірсутек тобынан тұратын, жалпы формуласы төмендегідей болатын органикалық қосылыс:

Органикалық қосылыстардың атаулары

1.Тривиальді (тарихи) номенклатура

2. Рационалды номенклатура

3. IUPAC. Жүйелеу немесе систематикалық номенклатура

ИЮПАК — бұл химия саласын жетілдіруге арналған халықаралық ұйым. Ол химиктер арасында химиялық номенклатураларды рәсімдеуші бүкіләлемдік басқарма ретінде белгілі

IUPAC - International Union of Pure and Applied Chemistry

ИЮПАК - Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық қауымдастығы

Альдегидтердің номенклатурасы

Тармақталған альдегид атаулары

Карбонил тобының көміртек атомына әрдайым бірінші нөмір беріледі.

Сақиналы альдегидтердің атаулары

Егер альдегид тобы циклге жалғанған болса, ол орынбасушы – радикал ретінде қарастырылады да, оның циклге жалғанғандығы -карбальдегид жұрнағымен көрсетіледі.

Альдегидтердің ортақ атауы

Көптеген альдегидтер ортақ атауға ие.

1-жаттығу

Берілген альдегидтердің жүйелік атауларын анықтаңыздар.

Альдегидтердің номенклатурасы

Кетондардың номенклатурасы

Кетондарды карбонил тобымен байланысқан радикалдардың атымен немесе халықаралық атау бойынша көмірсутек атына -он деген жалғау қосып атайды.

Ең қарапайым кетон – пропанон, оның құрамында үш көміртек атомы бар.

Тармақталған альдегид атаулары

Басты тізбек карбонил тобындағы көміртек атомына ең жақын орналасқан көміртек атомынан басталады.

Кеңтаралған кетон атаулары.

Көптеген кетондардың жалпы атаулары бар, олардың кейбірі Теориялық және қолданбалы химияның Халықаралық одағы (IUPAC) қабылдаған.

2-жаттығу

Берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын олардың жүйелік атауларымен сәйкестендіріңіз.

Кетондардың номенклатурасы

Карбон қышқылы молекуласының құрылысы

Құрамында карбоксил тобы – СООН бар органикалық қосылыстарды карбон қышқылдары дейміз.

Карбон қышқылдары

Карбон қышқылдарының классификациясы:

1) бір негізді, бір карбоксил тобы болса

2) екі негізді, екі карбоксил тобы болса

НООС – СООН қымыздық қышқылы

НООС – СН2 – СООН малон қышқылы

НООС – СН2 – СН2 – СООН янтар қышқылы

3) көп негізді, үш немесе одан көп карбоксил тобы бар

4) қанықпаған қышқылдар:

СН3 – СН СН – СООН кротон қышқылы

СН2 СН – СООН акрил қышқылы

С17Н33СООН олеин қышқылы

Радикалына байланысты: алифатты(қаныққан, қанықпаған);

Ароматты;

Алициклды;

Гетероциклді

Карбоксил табының санына байланысты:

Бір негізді;

Екі негізді;

Көп негізді

Қышқылдың құрамындағы функционалды топқа байланысты: (мысалы, -ОН, =CO, -NH2 және т.б.) : окси-, кето-, амин қышқылдары және басқа қосылыстардың класстары.

Классификациясы

Номенклатурасы, изомериясы – С қаңқасының құрамына байланысты. ИЮПАК номенклатурасы көптеген қышқылдардың тривиалды атауларын сақтауға рұқсат етеді.

ИЮПАК

Н – СООН құмырсқа қышқылы метан қышқылы

СН3 – СООН сірке қышқылы этан қышқылы

СН3 – СН2 – СООН пропион қышқылы пропан қышқылы

СН3 – СН2 – СН2 – СООН май қышқылы бутан қышқылы

Қышқыл радикалы немесе ацил деп қышқыл молекуласынан -ОН тобын алып тастағанда қалатын 1 валентті қалдықты айтады. Олардың аттарынан алынған:

формил ацетил пропионил бензоил

метаноил этаноил пропаноил

Карбон қышқылының изомериясы

Көміртек қаңқасының изомериясы углеродного скелета

Карбон қышқылының изомериясы

Классаралық изомерия

Карбон қышқылдарының изомериясы

Функционалдық топтың орнына басты изомериясы

?

Карбон қышқылдарының изомериясы

Функционалдық топтың орнына басты изомериясы

Карбон қышқылдарының қолдануы

Видеоға сілтеме :

https://www.youtube.com/watch?v=1PLZh0cV6V8

Үй жұмысы

Берілген заттар С2Н4О және С2Н6О осыдан альдегидті анықтап, құрылымдық формуласын жазып аттарын атаңыз.

Массасы 3,75 г затты жаққанда 5,5 г көміртек (IV) оксиді мен 2,25 г су алынған. Ол заттың сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 15. Молеклалық формуласын табу керек.

Берілген заттар СН2О және СН4О. Қайсысы альдегидтің формуласы екенін тауып, оның құрылымдық және электрондық формуласын құрастырып, аттарын атаңыз.

Құрамында С 55,4%, О 36,4%, Н 9,1% бар зат берілген. Ол заттың сутек бойынша тығыздығы 22. Молекулалық формуласын табыңыз.

Мен үшін жаңалық.....

Мен үшін тосын жай .....

Мен үйрендім .......

РЕФЛЕКСИЯ

«INSERT» ӘДІСІ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?