2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4D

2 (ІІ) - топ элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.10 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • сілтілік жер металдарының атом құрылысын сипаттайды
  • сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттерінің топ бойынша қалай өзгеретіндігін тауып, дәлелді жауап береді.

Ғылыми тілді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді

 Жетістік критерийлері

Келесі бағыттарды қамти отырып, кестені толтыра алды:

  • Балқу температурасы
  • Атомдық радиус
  • Бірінші иондау энергиясы
  • Электртерістілігі (электронтартқыштық)

Бұдан басқа оқушылар тиісті терминдерді пайдалана отырып, бағыттарға түсіндірме берулері қажет

 Тілдік мақсаттар

 

Кілт сөздерді қолдана отырып, берілген сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап бере алады

Пәнге қатысты лексика және терминология

Балқу температурасы, атомдық радиус, иондану энергиясы,электронтартқыштық, электртерістілік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Топ бойынша төмен қарай сілтілік жер металдардың .................... артады/ кемиді

бойынша мынадай … қорытынды жасадым

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыстар

Физика сабағымен байланыстыру

 АКТ қолдану дағдылары

Excel бағдарламасын пайдалана білу

http://periodictable.com/Elements/004/index.html,

bilimland.kz платформасында жұмыс жасай алады

Бастапқы білім

- Байланыс

- Периодтылық

- Энергетика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жұпқа бөлу және сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға қима қағаздар үлестіріледі.

Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын осылайша ашып, бүгінгі сабақ бойынша оқу мақсатымен таныстырылады.

Жетістік критерийлерімен оқушыларды таныстыру

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Әр жұп қимаға сай металдың (Be, Mg, Ca, Sr, Ba) қысқартылған электрондық конфигурациясын мини тақтаға салады.

Сыныпта талқылау жүргізе отырып, оқушылар периодтық кестедегі екінші топ металдарының барлығының сыртқы электрондық қабатында екі электрон болады деген тұжырымға келулері керек.

Атомдық радустары бойынша да топ бойынша өзгеру заңдылығына болжам жасау және жұп бойынша бұдан әрі оларға интербелсенді http://periodictable.com/Elements/004/index.html периодтық кестемен жұмыс жасату.

Берілген кестедегі мәліметтерді толықтырып және оны қолданып, Excel бағдарламасын пайдалана отырып, сілтілік жер металдарының топ бойынша қасиеттерінің өзгерісі графигін тұрғызыңызу

қосымша

Жинаған мәліметтеріңізді пайдалана отырып, сілтілік жер металдарының физикалық қасиетерінің топ ішінде өзгеру заңдылығы туралы болжам жасаңыздар және себебін түсіндіріздер:

қосымша

Оқушылар сілтілік жер металдардың қасиеттері туралы заңдылықтар тізімін құрып, олардың атом құрылымы, байланыстарын және оларды түсіндіру үшін энергетика туралы білімдерін пайдалана білуі керек.

Өткен материалды бекіту мақсатында жеке жұмыс орындалады, тапсырманы аяқтаған соң жұбымен алмасып, бірін бірі бағалайды:

Тұжырымдардың дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз:

қосымша

Сабақтың соңы

Рефлексия « Аяқталмаған сөйлем»

Бүгінгі сабақта мен ...................................түсіндім

Мен үшін ....................................................қиын болды

Мен үшін .................................................қызық болды

Мен ..................................................... енді.

Үйге: 2 -топ металдарының физикалық қасиеттері, қолданылуы, ашылу тарихы, табиғатта кездесуі туралы қысқаша ақпарат дайындау

.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?