2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4D

2 (ІІ) - топ элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.10 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • сілтілік жер металдарының атом құрылысын сипаттайды
  • сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттерінің топ бойынша қалай өзгеретіндігін тауып, дәлелді жауап береді.

Ғылыми тілді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді

 Жетістік критерийлері

Келесі бағыттарды қамти отырып, кестені толтыра алды:

  • Балқу температурасы
  • Атомдық радиус
  • Бірінші иондау энергиясы
  • Электртерістілігі (электронтартқыштық)

Бұдан басқа оқушылар тиісті терминдерді пайдалана отырып, бағыттарға түсіндірме берулері қажет

 Тілдік мақсаттар

 

Кілт сөздерді қолдана отырып, берілген сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап бере алады

Пәнге қатысты лексика және терминология

Балқу температурасы, атомдық радиус, иондану энергиясы,электронтартқыштық, электртерістілік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Топ бойынша төмен қарай сілтілік жер металдардың .................... артады/ кемиді

бойынша мынадай … қорытынды жасадым

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Табиғи байлықтарды қорғау мен тиімді пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

Физика, биология және жер ортақ үйімі

 АКТ қолдану дағдылары

Excel бағдарламасын пайдалана білу

http://periodictable.com/Elements/004/index.html,

bilimland.kz платформасында жұмыс жасай алады

Бастапқы білім

- Байланыс

- Периодтылық

- Энергетика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй тапсырмасы негізінде жұптық жұмыс орындату:

Бірін-бірі дайын жауап арқылы тексереді.

Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын осылайша ашып, бүгінгі сабақ бойынша оқу мақсатымен таныстырылады.

Жетістік критерийлерімен оқушыларды таныстыру

Сабақтың ортасы

Миға шабуыл:

  • Неліктен бұл металдар сілтік жер металдары деп аталған?
  • Олар табиғатта бос күйінде кездеседі ме?

http://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10470

Бейне фильм «Сілтілік жер металдардың табиғатта таралуы» көрсетіледі

Сілтілік жер металдардың физикалық қасиеттері қандай?

Топ бойынша олар қалай өзгереді? Жауаптары тыңдалып болған соң оқушыларды random team бағдарламасы арқылы үш топқа бөлу .

Әр топқа сілтілік жер металдарының қасиеті туралы бос кесте беріледі. Оқушылар топпен осы кестелерді толтырады. Мұғалім әр топты бақылап, бағыттап отырады.

қосымша

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Ноубук арқылы http://www.periodicvideos.com/ не http://periodictable.com/Elements/004/index.html сайтына кіріп, анимацияланған периодтық кестеден сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттеріне: түрі, түсі, жылтырлығы т.б сипаттама беріңіздер

Жұмыстарын аяқтаған соң әр топ өз жұмыстары туралы қорытынды жасайды. Қалған топтар тыңдап, өзара талқылайды. Бірін бірі бағалайды.

Топтық жұмысты бағалау критерийі

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге : 2-топ элементтерінің Электртерістілігі (электронтартқыштық) графигін сызу

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Топтық жұмысты бағалау критерийі

Топтар №

CЖ металдардың кем дегенде екі физикалық қасиетін көрсетті

Атом радиусы бойынша графикті дұрыс талдады

Иондану энергиясының өзгерісі туралы дұрыс қорытынды жасады

Балқу температурасы бойынша графиктегі өзгерістер туралы дұрыс қорытынды жасады

Қорытынды баға (%)

1 топ

2 топ

3 топ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?