Полимерлену. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В Алкендер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Полимерлену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.23 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;

10.4.2.24 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау;

 Сабақ мақсаттары

Полимерлерді өндіру және қолдану мен қайта өңдеуді зерттеу және бағалау.

 Жетістік критерийлері

  • полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;
  • полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алуы керек: карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау

Пәндік лексика және терминология

қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z,

(а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық,

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

(бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды.

Алкил топтары электрондарды …

Алкил топтары ….. арттырады

Карбкатионның заряды ..... құрайды.

Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда .......

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жаһандық азаматтық: 

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. 

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. 

Салауатты өмір салтын ұстану.  

Қарым-қатынас

- топтық, жұптық жұмыс 

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнефильм, белсенді тақта.

Бастапқы білім

9.4В Көмірсутектер. Отын

10.1C Химиялық байланыс

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7минут

Сабақтың басында «ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын ойнату. (өткен тақырыптар бойынша терминдерден бастап жаңа тақырыпқа байланысты терминдермен аяқтау арқылы жаңа тақырыпқа қызықтыру немесе жаңа тақырып бойынша ой қозғау және ғылыми тілде сөйлеу дағдыларын дамыту тілдік-пәндік мақсаттарға сай). Терминдер: алкен, изомерия, цис-изомер, транс-изомер, қосылу реакциясы, қанықпағандық, электрофил, нуклеофил, полимерлену, сополимер, полимерлену дәрежесі, өдірістік шикізат, полиэтилен және т.б.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын қояды, жетістік критерийлерін анықтайды.

Презентация

Слайд№1-3

Сабақтың ортасы

20минут

10минут

(Т) Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға тапсырма мен бағалау критерийлерін тарату қажет. Ақпарат көзі ретінде мәтін немесе ғаламтордан пайдалы сілтемелер арқылы іздеуді ұсынуға болады.

1-топ

Полиэтилен өндірісі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Оқушылар полиэтен өндірісі туралы зерттейді және постер құрастырады.

Бағалау критерийлері:

- полиэтилен өндіружің жалпы схемасы болуы керек;

нда өндірілген полиалкендердің мөлшері жайындағы деректер және оларды кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелер кіруі қажет.

2-топ полиалкендер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің кестесін құру және олардың маңыздылығын бағалап постер жасау.

Бағалау критерийлері:

- қайта өңдеу әдістерін ұсыну қажет;

- полиалкендерді өңдегенде қандай өнімдер түзілуі мүмкін екендігін көрсету;

- әрбір қайта өңдеу әдістерінің артықшылығы мен кемшілігін көрсету.

3-топ Оқушылар полиалкендердің қолданылуы бойынша презентация дайындайды.

Бағалау критерийлері:

- пластикті қолдану туралы,

- осы заттарды қолданудағы экологиялық және қайта өңдеудегі мәселелерді қарастырады.

Әр топ өз жұмысын қорғауына 2минуттан беріледі. Қалған топтар керек деректі жазып алуы керек. Сонымен қатар критерийлеріне сүйеніп бағалап отыруы керек.

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК» бағалау.

Слайд№4

Мәтін – қосымша№1

Полиэтилен өндіру, қолданылуы, қайта өңдеу тақырыптары бойынша ақпарат бар.

Қайта өңдеу бойынша ақпарат http://vtorothodi.ru/pererabotka/pererabotka-polimernyx-otxodov

http://www.ktk.kz/kz/news/video/2010/01/11/4615

http://www.aktobegazeti.kz/?p=14809

слайд №5-7

Сабақтың соңы

3минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Слайд№8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар шағын проект, мақала жазу және т.б. жалғастыруға болады.

Мұғалім ҚБ жүргізеді. Топтар арасында және өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?