Полимерлену. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В Алкендер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Полимерлену | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.22 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Пластиктердің салыстырмалы инерттілігін қышқыл мен сілтідегі, органикалық еріткіштердегі ерігіштігін, жануын, иілгіштігін зерттеу арқылы тәжірибе жүзінде дәлелдеу | ||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алуы керек: карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау Пәндік лексика және терминология қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z, (а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық, Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер (бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды. Алкил топтары электрондарды … Алкил топтары ….. арттырады Карбкатионның заряды ..... құрайды. Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда ....... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жаһандық азаматтық: Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. Салауатты өмір салтын ұстану. Қарым-қатынас: - топтық, жұптық жұмыс | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экология | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | 9.4В Көмірсутектер. Отын 10.1C Химиялық байланыс 10.2A Органикалық химияға кіріспе | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 7минут | Сабақтың басында «ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын ойнату. (өткен тақырыптар бойынша терминдерден бастап жаңа тақырыпқа байланысты терминдермен аяқтау арқылы жаңа тақырыпқа қызықтыру немесе жаңа тақырып бойынша ой қозғау). Терминдер: алкен, изомерия, цис-изомер, транс-изомер, қосылу реакциясы, қанықпағандық, электрон, нуклеус, протон және т.б. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын қояды, жетістік критерийлерін анықтайды. | Презентация Слайд№1-3 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30минут | (Э) Түрлі пластиктердің қасиеттеріне: қышқылдар, сілтілер, органикалық еріткіштердегі ерігіштігі, жану, қыздыру, иілгіштік қасиеттерін зерттеуді үшін минижоба жасауды, нәтижелерін жазу және сәйкесінше қорытынды шағын есеп жасауды оқушыларға ұсыну. Минижобаның бағалау критерийлері:
Зерттеу нәтижесі бойынша шағын есеп жазудың бағалау критерийлері: Мини жобаның мақсаты көрсетілген кіріспе бар; Зерттеу жүргізу жолы сипатталған; Зерттеу нәтижелері көрсетілген; Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасалған; Зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері бағаланған. | Слайд№4-5 Құрал жабдығы: көзілдірік, ақ халат, резеңке қолғап, Үш түрлі полимерлер үлгісі, спиртшап, химиялық қасышқа, сіріңке, сынауықтар, қышқыл, сілті және органикалық еріткіштер ерітінділері.
| |||||||||||
Сабақтың соңы 3минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | Слайд№6 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Шығармашылық жұмыс Есеп жазу Зерттеуді жалғастыруға болады. | Мұғалім ҚБ жүргізеді. Өзін өзі бағалау жүзеге асады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?