Полимерлену. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімдіжоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:. | ||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Полимерлену | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.23 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру; 10.4.2.24 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құра алады; - полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалай алады; | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар: - полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құра алады; Көптеген оқушылар: - полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалай алады; Кейбір оқушылар: Полимерлерді өндіру және утилизациялау проблемаларын айта алады. Полимерледі өндіру тәсілдерін ұсына алады; | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: - полиэтилен өндірісі процесінің схемасын сипаттай алады; - полиалкендердің қолдану аймағын атап және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалай алады; - Полимерлерді өндіру және утилизациялау проблемаларын айта алады. Пәндік лексика және терминология KAZ: полимер, полимеризация, полиэтилен, полипропилен; ENG: polymer, polymerization, polyethylene, polypropylene RUS: полимер, полимеризация, полиэтилен, полипропилен. | ||||||||||||||
Құндылықтардыдарыту | Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру Өз ойын еркін жеткізу үшін тәрбиелеу | ||||||||||||||
Пәнаралықбайланыстар | Биология, экология | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацияны қолдану | ||||||||||||||
Бастапқы білім | 10.3В Көмірсутектер 10.3А Органикалық химияға кіріспе | ||||||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин 4-9 мин 9-10 мин | Ұйымдастыру: сәлемдесу. Өткен сабақты еске түсіру. «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы оқушылардың ойы жинақталады, өткен тақырыпты еске түсіреді. 1. «Поли», «моно», «мерос» және «макро» сөздері грек тілінен қалай аударылады? («Поли» - көп, «моно» - бір, «мерос» - бөлігі және «макро» - үлкен) 2. Полимерлер алынатын төмен молекулалық заттардың атауы қандай? (Мономер) 3. Молекулалардың бірдей қайталанатын құрылымдық бірліктер жиынтығынан тұратын жоғары молекулалық қосылыстар қалай аталады? (Полимер) 4. Полимерлі молекуланың құрылымын қайталайтын буын қалай аталады? (Құрылымдық буын) 5. Молекулалары қайталанатын бірліктерден тұратын қосылыстар қалай аталады? (Жоғары молекулалы қосылыстар) 6. Полимер молекуласының құрылымдық буындарының орташа саны қалай аталады? «Полимерлену дәрежесі» 7. Көп мономер молекулалардың үлкен полимер молекулаларына айналу процесі қалай аталады? «Полимерлену реакциясы» 8.Табиғи ЖМҚ-ға мысалдар келтіріңіз? «Целлюлоза, белоктар, крахмал, нуклеин қышқылдары» (оқушылардың дұрыс жауаптарын ауызша мадақтау) Топқа бөлу. Фигуралар арқылы 3 топқа бөлу. Оқушылар 3 түрлі шар, төртбұрыш, үшбұрышты фигураларды таңдайды. Ескертпе:Оқушы саны мен неше топқа бөлінетіндігі ескеріледі. | Презентация | |||||||||||||
11-20 мин 21-29 мин 30-33 мин | Оқушылардың назарына сабақтың тақырыбы мен сабақтың барысында қол жеткізетін оқыту мақсаттары ұсынылады.
1-жаңа сабақ игеру- Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқиды,топта «Джигсо» әдісі арқылы топта талдайды-ТЖ 1-топ: Поли (этен) өндірісі туралы 2-топ: Поли(пропен) өндірісі туралы 3-топ:Полиалкендердің қолдану аймағы және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығы туралы көрнекті плакат құрастырады және зерттейді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, әр түрлі ойларды ортаға салу арқылы бір шешімге келеді. Кейін оқушылар топта тақырыпты талдау барысында талқыланған деректерді постерге түсіреді де, «Жәрмеңке» әдісі арқылы көрнекті плакаттарын қорғайды. Суретте полиэтиленді жоғарғы қысымда өндірудің технологиялық сызбасы көрсетілген Ескертпе: Топтар бір-бірін «2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалайды. | Поли(этен)ді қолдану және өндірісі жайында бейнеролик: http://www.youtube.com/watch?v=JararyO Xa0Q https://www.tes.com/teaching-resource/polymerisation-6451275 https://ido.tsu.ru/schools/chem/data/res/chemprom/uchpos/text/g4_3_1_1.html - схема полимеризации этилена | |||||||||||||
34-37 мин
| Жұптық жұмыс. Оқушылар жұппен 3 топтың мәліметтеріне сүйене отырып немесе ғаламтор мәліметтеріне сүйіне отырып полимерлерді қайта өңдеу өнімдерін және қолданылуы туралы кестені толтырады.
| ||||||||||||||
Сабақтыңсоңы 38-40 мин | Рефлексия Интерактивті тақтаға шығып тұрған төмендегі смайликтер бойынша оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады. Сабақты түсіндім Сенімді емеспін Мен түсінбедім Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысқаны бойынша ауызша бағалайды және қажет болған жағдайда мадақтайды. | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға топтық, жеке жұмыстарын жүргіздім. Белсенді оқу тәсілдері "Фигуралар арқылы бөлу" топқа бөлу әдісі, "Ой қозғау" “Джигсо”, "Сұрақ-жауап" әдістерін қолдандым. | Сабақ бойына «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Шапалақ», ауызша мадақтау секілді бағалау тәсілдерін қолдандым | Оқушылардың партада орналасуын, техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?