Полимерлену. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10В Алкендер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Полимерлену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.21 полимерлену реакциясының мәнін түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Полимерлену реакциясының механизмін түсіну

 Жетістік критерийлері

  • полимердің не екенін түсінуі қажет және оның түзілу механизмін түсіндіру.
  • Әртүрлі полимерлер үшін полимерлену дәрежесін есептеуді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алуы керек: карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау

Пәндік лексика және терминология

қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z,

(а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық,

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

(бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды.

Алкил топтары электрондарды …

Алкил топтары ….. арттырады

Карбкатионның заряды ..... құрайды.

Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда .......

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жаһандық азаматтық: 

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу. 

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу. 

Салауатты өмір салтын ұстану.  

Қарым-қатынас

- топтық, жұптық жұмыс 

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнефильм, белсенді тақта.

Бастапқы білім

9.4В Көмірсутектер. Отын

10.1C Химиялық байланыс

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7минут

Сабақтың басында «ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын ойнату. (өткен тақырыптар бойынша терминдерден бастап жаңа тақырыпқа байланысты терминдермен аяқтау арқылы жаңа тақырыпқа қызықтыру немесе жаңа тақырып бойынша ой қозғау).

ойынның шарты: бір оқушыны тақтаға шығару керек, ал қалған оқушылар тақтадағы оқушыға мұғалімнің жасырған сөзін академиялық тілде, диалогта қолданылатын сөз тіркестерін қолданып, пәндік лексика мен терминалогияны қолданып түсіндіруі керек. Оқушы терминді анықтауы керек. Бұл ойынның негізінде тақтадағы оқушының білімін, сонымен қатар сыныптағы қалған оқушылардың білімін тексеруге болады.

Терминдер: алкен, изомерия, цис-изомер, транс-изомер, қосылу реакциясы, қанықпағандық, электрофил, нуклеофил, электрофилді қосылу реакциясы, мономер, полимер, полимерлену реакциясы және т.б.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын қояды, жетістік критерийлерін анықтайды.

Презентация

Слайд№1-5

Сабақтың ортасы

10минут

10минут

10минут

(Жж, Т) әр партаға бір шарөзекті модельдер жасау жинағын таратып, этилен молекуласының моделін жинауды ұсыну. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың екі жұпқа, ары қарай төрт жұпқа бірігуін сұрайды. Оқушылар полимердің не екенін түсінуін және оның түзілу механизмін түсіндіруі үшін сұрақтар қою:

Полимер денен не? ( алдағы жасаған тәжірибе негізінде анықтама бер)

Полимердің түзілу механизмін қалай көрсетуге болады? (оқушыларға жұпта ойлануға және жауап даярлауға уақыт беру керек. Жауаптарын ортаға саып, дұрысын таңдауға мүмкіндік беру керек.)

(М) Мұғалім (бастапқы оқушылардың жұмысы мен жауабына ҚБ жүргізі отырып) полимерлеу реакциясының механизмін және олардың түрлерін түсіндіреді. Полимерлерді әдетте полимеризация және поликонденсация реакцияларының негізінде алады.

ЖМҚ алудың негізгі әдістері — полимерлену және поликонденсациялану реакциялары.

Полимерлену реакциясы радикалды немесе иондық механизммен тізбекті процесс түрінде жүреді, ал поликонденсациялану реакциясы сатыланып жүреді және кіші молекулалы қосылыс бөлінеді.

Полимердің макромолекуласы түзілу үшін мономерлердің өзара бірігуі үш түрлі әдіспен жүзеге асырылады: қос байланыстардың үзілуі, эфирлік байланыстар мен амидтік байланыстардың түзілуі.

Сополимерлену, яғни әр түрлі мономерлерді біріктіріп полимерлеу арқылы "егу, тігу" әдістерін қолдана отырып, қасиеттері алдын ала болжанған сапалы, бағалы полимерлер алынады.

Полимерлену деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды.

Полимерлену реакциясы жалпы түрде былай жазылады:

nM → (−M−)n

Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимердің құрамы мономерге сәйкес келеді.

Полимерлену реакциясына мономер ретінде қос немесе үш байланысты қосылыстар:

немесе циклді тобы бар қосылыстар қолданылады.

Полимерлену процесі кезінде мономерлерде қос байланыстар үзіліп немесе циклдер ашылып, топтар арасында химиялық байланыстардың пайда болуынан макромолекулалар түзіледі. Өндірілетін барлық полимердің ¾ бөлігі полимеризация әдісі арқылы алынады. Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялануынан түзіледі. Бастапқы зат этилен – мономер деп, ал мономердің n молекуласы қосылса, полимер түзіледі («поли» – көп деген сөз).

nН2С=СН2 → [−CH2−CH2−]n

Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула – макромолекула деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны Р әріпімен белгілейді.

Поликонденсация реакциялары

Поликонденсация реакцияларына, әдетте, қосфункциялы (бифункциялы) немесе көпфункциялы мономерлер катысады. Олар бір-бірімен әрекеттескенде, қарапайым кіші молекулалы затты (көбіне суды) бөле отырып бірігеді. Мысалы, адипин қышқылының гексаметилендиаминмен поликонденсациялануы негізінде полиамидтік материал — найлонның алынуы:

Поликонденсация процесі сатылап жүреді: бір молекуладан кейін келесісі қосылып жалғасады. Аралық өнімдері — тұрақты қосылыстар, әрі қарай процесс барысында олардың үнемі белсенділігін арттырып отыру қажет. Ол үшін көбіне температураны жоғарылатады. Сонда әрекеттесуші заттарды біртіндеп қыздырғанда молекулалық массасы да өседі.

Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың молекулалық массасымен (Мn) мынандай қатынаста болады:

Р = Мn / m

мұнда, m – буынның молекулалық массасы.

Тізбек ұзындығын шектеу мүмкін екенін оқушылар болжату үшін сұрақ қою:

Қалай ойлайсыздар тізбекті шектеуге бола ма? (оқушы жауаптарын тыңдау)

Полиқосылыстар бойынша иллюстрацияны қолдануға болады.

Полимер формуласын қалай бейнелеуге болатынын оқушыларға көрсету.

Полимер тізбегінің ұзындығын бақылайтын реагенттерді қолдану.

(Жж) Әртүрлі полимерлер үшін полимерлену дәрежесін есептеуді оқушыларға ұсыну.

1) Егер молекулалық массасы 50000 тең болса, полиэтиленнің полимерлену дәрежесі нешеге тең болатынын есепте.

2) Орташа массасы 60мыңға тең полиметилметакрилаттың полимерлену дәрежесін есепте.

3) Молекулалық массасы 56280 тең полиизобутилен алу кезінде изобутиленнің полимерлену дәрежесі нешеге тең болады?

4) тетрафторэтиленполимерленуі кезінде массасы 120000ға тең полимер алынды, оның полимерлену дәрежесін есепте.

5) Пропилен мен изобутиленнің сополимерленуі нәтижесінде молекулалық массасы 160000 тең полимер алынды, оның полимерлену дәрежесі нешеге тең?

Құрал-жабдықтары:

Шарөзекті моделдер жинауға арналған жинақ.

Слайд№5

Слайд 6-9

Слайд №10

Сабақтың соңы

3минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Слайд№11

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін арнайы тапсырма беру.

Мұғалім ҚБ жүргізеді. Топтар арасында және өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ