Квант сандары. Паули принципі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.1AАтом құрылысы | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | Дарибаева С.А., Мұхтарұлы Е., Худайбергенов Н.М. | ||||
Сынып: | 10 А, В, С, D | Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | |||
Сабақ тақырыбы | Квант сандары. Паули принципі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.3.1 квант сандарының мағынасы мен сипаттамасын біледі; 10.1.3.2 электрондардың орбитальдарда толтыру ережесін түсіну үшін Паули принципі, | |||||
Жетістік критерийлері | - квант сандарының мәнін дұрыс анықтайды - бас квант санының мәні арқылы басқа квант сандарының мәнін дұрыс анықтайды; - s, p, d, f элементтерді ажырата алады; - Паули принципін біледі және электрондарды орбитальдарда толтыруда қолдана алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау; Пәнге қатысты лексика мен терминология деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы Z атом ядросы … тұрады деп болжады Бұл теория … ашуға көмектесті (анықталған факт) | |||||
Құндылықтарды дарыту | – Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде) – Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) – Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру) - Өмір бойы білім алу | |||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | |||||
АҚТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта (бейнебаяндар, презентация) | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (атом құрылысы, квант сандары) | |||||
Бастапқы білім | атом құрылысы, изотоп ұғымдары | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
0-4 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Өткен сабақта қарастырған атом теориясы мен моделінің тарихын еске түсіру. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау. | Презентация | ||||
5-20 мин 21-37 мин | Бейнебаян қарау: Атомның құрылысы: Электрондық қабаттар (3:13 мин.) Сілтеме: https://twig-bilim.kz/kz/film/atom-structure-electron-shells Бейнебаянды көріп болғаннан кейін, оқушыларға мұғалім квант сандарын анықтау және олардың физикалық мағынасымен таныстырады (немесе оқушыларға ақпараттық парақ ретінде таратып беріп, оқуға уақыт береді). Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша 2 берілген қалыптастырушы бағалау жұмыстарын орындайды. | Бейнебаян 1 Қосымша 1 4-слайд Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Сабақ қорытындысы. Кері байланыс. Рефлексия Пирамида «Пирамида » Оқушыларға үш бөліктен тұратын пирамидаларды үлестіру (сұрақтарын кірістіруге болады немесе сұрақтарды тақтаға шығарып ұсынуға болады). Өтілген сабақ бойынша оқушылар келесі тұжырымдарды аяқтауы қажет:
Қайталауға болатын немесе сұрайтын бір түсінік | Презентация | ||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау. | Қосымша 1 | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Барлығы: - атомның құрылысын біледі; - атомның протон, нейтрон және электрон санын дұрыс анықтайды; - квант сандарын біледі; Көбісі: - квант сандарының мәнін есептей алады; Кейбіреулері: - квант сандарының мәні арқылы периодтық кестенің құрылысын түсіндіре алады; | Жұптық жұмыс, оқушылардың ауызша жауаптары бойынша және жеке қалыптастырушы бағалау жұмыстар нәтижесі бойынша бағалау орындалады. | Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелер | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?