Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. дидактикалық материал.
Қосымша ресурс 1 Спирттердің физикалық қасиеттері: Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер-сұйық, С11-ден бастап-қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады. Молекулалық массасының артуына қарай спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі. Спирттердің қайнау температуралары сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі, спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирттердің химиялық қасиеттері:
2С2Н5ОН+2Nа→2С2Н5ОNа+Н2↑
С2Н5ОН+СН3СООН→СН3СООС2Н5+Н2О
С2Н5О Н+НСІ→С2Н5СІ+Н2О
А) Төменгі температурада: С2Н5ОН+НО-С2Н5→ С2Н5-О-С2Н5+Н2О Б) Жоғары температурада: (t›1400С) С2Н5ОН→С2Н4+Н2О
Сапалық реакциясы: С2Н5ОН+СuО→СН3СОН+Н2О+Сu
С2Н5ОН+3О2→2СО2+3Н2О+Q |
Қосымша ресурс 2 Молекуласында бірнеше гидроксил тобы бар көмірсутек туындылары көпатомды спирттер деп аталады. Егер көмірсутек молекуласында сутегінің екі атомы екі гидроксил тобымен алмастын болса, екі атомды спирт түзіледі. Ондай спирттердің қарпайым өкілі – этиленгликоль: СН2 – СН2 | | ОН ОН Егер көмірсутек молекуласындағы сутегінің үш атомы үш гидроксил тобымен алмасса, үшатомды спирт түзіледі. Үшатомды спирттің қарапайым өкілі – глицерин: СН2 – СН – СН2 | | | ОН ОН ОН Физикалық қасиеттері: Көпатомды спирттердің ең маңызды өкілдері – этиленгликоль және глицерин – суда жақсы еритін, түссіз, тәтті дәмі бар, қоймалжың сұйықтықтар.Бұл қасиеттер басқа көпатомды спирттерге де тән. Қолданылуы: Этиленгликоль-кейбір органикалық қосылыстарды, мысалы, лавсан полимерін синтездеу үшін қолданылады. Оның едәуір мөлшері антифриз – қату температурасы төмен сұйықтық жасауға пайдаланылады. Егер этиленгликольдің белгілі бір көлемін суда ерітсе, онда мұндай ерітіндінің қату температурасы едәуір төмендейді. Глицерин-көбінесе гигроскопиялығына байланысты пайдаланылады. Медицинада глицерин қолдың терісін жұмсартуға және дәрілік майлар жасау үшін, былғары өндіріснде – матаның созылғыштығы мен жұмсақтығын арттырып, өңдеуге, т.б. қолданылады. Глицерин синтетикалық нымдар және қопарғыш зат, мысалы, нитроглицерин алу үшін де пайдаланылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?