№2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы». Химия, 9 сынып, қосымша материал 2.
Тақырыбы: №2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамының сапалық талдауы»
Оқу мақсаты: 9.4.1.11 -белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
Сабақтың басында оқушыларға үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында шағын ақ тақталар таратып беріңіз. Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға 1-сұрақты көрсетіңіз, оқушылар алдарындағы шағын тақталарға жауабын жазып жоғары көтереді.Содан кейін тақтадан дұрыс жауабын көрсетіңіз, оқушылар өз жауаптырының дұрыс-бұрыстығын түсінеді, яғни бұл жерде өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Ретімен барлық сұрақтарды көрсетіп шығыңыз. Бұдан кейін оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Оқушыларға практикалық жұмыстың жұмыс парағын үлестіріп беріңіз.Оқушылар практикалық жұмыс барысымен таныса отырып, практикалық жұмысқа болжам жазады.
Оқушыларды топқа бөліңіз.Оқушылардың экспериментке жоспар құрып, практикалық жұмысты дұрыс орындап жатқандықтарын бақылаңыз.Оқушылар жұмысты аяқтап болған соң, әр сынауықтағы заттардың дұрыс анықталғандығына көз жеткізіңіз. Теориялық матрица мен практикалық матрицаның сәйкестігін шолып шығыңыз.
Оқушылар практикалық жұмысты толық аяқтап болғаннан кейін кері байланыс жүргізіңіз.
Үйге тапсырма ретінде оқушыларға бөлім бойынша қайталау жұмыстарын жүргізіп келуді тапсырыңыз.
Тиімді сілтеме:
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/aniondarha-sapalyq-reakcziya
https://stud.kz/referat/show/57595
http://stud24.ru/chemistry/kationdar-men-aniondardy-anytau/291109-869994-page1.html http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=d;2473
http://stud24.ru/chemistry/kationdar-men-aniondardy-anytau/291109-869994-page2.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?