№ 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ТҰЗДАР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

 Тұздар тақырыбының негізі ретінде бейтараптану реакцияларын еске түсіріңіз. Бұл ұғыммен оқушылар 7-сыныптан таныс, сонымен қатар металдардыың активтілік қатары тақырыбында танысқан. Сол себептен сабақтың басында оқушыларға тұздардың ережелерін өздеріне тұжыоымдатуға болады. Кейбір оқушыларға қолдау ретінде тірек сөздерді беруге болады. Сосын тұздардың жіктелуі мен алынуына қатысты сқрақтар қойып өткен сабақты қайталауға болады. Ол үшін түрлі реакциялардың сызбалары арқылы оқушыларға реакция теңдеулерін жаздыртуға болады. Сонымен қатар келесідей тапсырмалар ұсынылады:

  • Төменде формулалары берілген қосылыстардың ішінен тұздарды теріп жазыңдар: Fe2O3, Na2SO4, LiOH, KCI, H2CO3, KCIO3, Cu(OH)2, MgCI2, FeS, P2O5, KMnO4.
  • Төменде кейбір тұздардың тұрмыста, медицинада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жиі қолданылатын жабайы атаулары берілген: ас тұзыNaCI,ас содасы NaHCO3 бор, мрамор, әктас CaCO3, мүсәтір NH4CI, ляпис AgNO3, сыр HgS, магнезит MgCO3, магнезия MgSO4, фосфорит Ca3(PO4)2, сақар K2CO3. Осы тұздарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атаңдар.
  • Мына тұздардың: кальций карбонаты, мыс (ІІ) сульфаты, сынап (ІІ) фториді, калий сульфиді, қорғасын (ІІ) иодиді, темір (ІІІ) хлориді формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта.

 Одан әрі тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылады. Оқушылар сәйкес реакция теңдеулерін жазып есептер шығарады. Алдымен есептеулер айналымдарды жүзеге асырумен басталып сандық есептерге ұласады.

  • Са → СаО → Са(ОН)2→ СаСО3.
  • Ва → ВаО → Ва(ОН)2→ ВаСl2.
  • Nа → Nа2О → NаОН→ NаСl.
  • 20 г магний оксиді азот қышқылымен әрекеттескенде неше грамм тұз түзіледі?
  • Массасы 7,1 г фосфор (V) оксиді судың артық мөлшерімен әрекеттескендеитүзілетін ортафосфор қышқылының массасын табыңдар.
  • Дәріханада 500 г 9%-тік ерітінді дайындау үшін ас тұзының және судың қандай массасы қажет? Бұл ерітінді физиологиялық ерітінді деп аталады және ол медицинада қолданылады.
  • Мыс оксидінің 1,6 грамын еріту үшін массалық үлесі 10 пайыздық күкірт қышқылының қанша көлемі қажет?
  • 14 г кальций оксиді 35 г азот қышқылымен реакцияласқанда неше грамм тұз түзіледі?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу