Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 81В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер

Оқу мақсаты

8.2.3.1 күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеу және элементтердің массалық үлесі бойынша зат формуласын шығару

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

  • күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептей білу.
  • элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығару.

Көптеген оқушылар білу керек:

  • Элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығарады және олардың әрі қарай қасиеттеріне қатысты болжамдар жасайды.

Кейбір оқушылар білу керек:

  • химиялық формуласы бойынша анықтауға болатын стехиометриялық параметрлерді жүйелеу.

Жетістік критериі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептесе;
  • элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығарса;
  • химиялық формуланы анықтаудың нөлдік қосынды әдісін біледі;
  • элементтердің массалық үлестері арқылы заттың химиялық формуласын шығаруды түсіндіреді;
  • химиялық формуласы бойынша анықтауға болатын стехиометриялық параметрлерді жүйелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Күрделі заттардың формулаларын элементтердің массалық үлестері арқылы немесе формула арқылы элементтердің массалықы үлестерін анықтауды ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика: атом құрлысы, периодтық жүйе, изотоп, катион, анион , химиялық элементтің массалық үлесі, молекулалық масса, салыстырмалы атомдық масса, индекс, коэффициент.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Элементтердің массалық ... арқылы заттардың формулаларын ... болады.

Ол үшін келесі іс-әрекеттер орындалады: ... .

Заттардың ... арқылы ондағы әрбәр элементтің ... ... анықтауға болады. Оны есептейтін формула келесідей: ... .

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Физика – атом құрлысы

Алдыңғы білім

7.4А Атом құрылысы тарауы бойынша сутегінің атом құрлысын білу.

8.1А Нөлдік қосынды әдісі бойынша химиялық формуланы анықтау.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

6-7 мин

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексерілееді. Сабақтың негізгі тақырыбына көшу үшін алдыңғы сабақты қалай менгергендерін тексеріледі.

Қайталау

Әр оқушының жақын мандағы даму аймағын (ЖДА) белгілеу маңызды, химиялық формуланың нөлдік қосынды әдісімен алынуын түсінетіндіктеріне, яғни 100% білетіндіктеріне көз жеткізу керек. Мұны істеу үшін натрий оксидінің формуласын тақтаға шығарып қайталай отырып, әр қадамын толық түсіндіре жұмыс жасалады.

Сабақтың ортасы

8-10 мин

4-5 мин

10 мин

9 мин

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Жаңа тақырып:

Одан әрі химиялық формуланы қолдану арқылы есептеулер жүргізіледі. Молекуланың құрамына кіретін әрбір атомның массасы арқылы молекулалық массасын табу керек. Молекулалық массаны табу туралы кімде қандай ұсыныстар бар? Оқушылар өздері математикалық тұрғыдан фосфор (V) оксидінің молекулалық массасын табуды көрсетеді:

Mr2О5) = 2Аr(P) + 5Ar(O)

Осы сәтте мадақтап, оқушыларға қолдау жасалады.

Молекулалық массаның мәнін анықтаймыз: Mr2О5) = 142 Бұдан әрі химиялық формуладан химиялық элементтердің массалық үлестерін анықтауға болады.

Массалық үлес дегеніміз - химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасы. Ол бірдің үлесімен немесе пайызбен өрнектеледі, гректің ω (омега) әріпімен белгіленеді. Фосфор оксиді үшін: ω(Р)=2Аr(P)100%/Mr2О5) ω(O)=5Аr(O)100%/Mr2О5)

Атомдық массаның мәндерін қойылады:

ω(Р)= 231100%/142 = 43,67%

ω(O)=5100%/142 = 56,33%

43,67 + 56,33 = 100

1-тапсырма. Жұпта карточкамен жұмыс істеу

Оқушылар осындай есептеулерге ұқсас бинарлық қосылыстардағы: алюминий оксиді, метан СН4, темір (III) сульфиді Fe2S3 массалық үлестің мәндерін табуы керек.

Бүгінгі сабақта зат құрамына кіретін химиялық элементтердің массалық үлестері бойынша химиялық формулаларын қорытып шығарумен таныстырылады. Ең қарапайым мысал кальций карбонатының химиялық формуласын қорытып шығаруды қарастырайық. Мына қосылыстағы СахCyOz химиялық элементтердің массалық үлестері берілген. Элементтердің индекстерін тауып, химиялық формуласын шығару:

x:y:z =

Бұл есептің шешуінен заттың химиялық формуласындағы атомдар индекстерінің қатынасы, әрбір элементтің массалық үлесін оның салыстырмалы атомдық массасына бөлгенде шығатын бөлшек сандардың қатынасына тең екендігіне оқушылардың назарын аударыныз. x:y:z = 1:1:3 Яғни, химиялық формуласы СаСО3.

Жұптық жұмыс

Кальций карбонатының химиялық формуласын шығару алгоритмін қолданып келесі қосылыстардың химиялық формулаларын табындар:

А) ω(Н)=6,58%, ω(Р)=32,71%, ω(О)=60,84%

В) ω(К)=16,26%, ω(С)=35,26%, ω(О)=49,34%

С) ω(Са)=30,28%, ω(В)=12,62%, ω(Р)=47,84%

Д) ω(К)=26,58%, ω(Р)=22,71%, ω(О)=51,86%

Е) ω(Мg)=11,55%, ω(С)=32,71%, ω(О)=56,88%

Ресурстар

Нөлдік қосынды тәсілімен формуланы табуға арналған алгоритм жазылған таратпа қағаздар

Мини-тақтайшалар

бинарлы қосылыстардағы химиялық элементтердің массалық үлесін табу үшін

Кальций карбонатының формулсын табудың алгоритмі жазылған таратпа қағаздар

Жұптық жұмыс үшін шағын тақталар

Сабақтың соңы

2 мин

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Өткен сабақты қайталаймыз: (жұппен бір-бірінен сұрайды)

1. Мr қалай анықтаймыз?

2. Химиялық элементтің массалық үлесін қалай анықтаймыз?

3. Массалық үлес бойынша заттардың формуласын қалай анқтаймыз?

Рефлексия

Ресурстар

Сабақ жайлы пікір және ұсыныстары бойынша жапсырмалар ілу.

Үй тапсырмасы

( 1 мин)

Кузьменко Н.Е., Еремин В.В. 2400 задач……11-есеп – қабілеті жоғары оқушылар үшін,

Темирбулатова–химия есептер жинағы 8-сынып, 1-5 есептер барлық оқушылар үшін.

Кері байланысты электрондық пошта арқылы жасауға болады

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады. Мұғалім жұмыстың орындалуын бақылайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

Тест нәтижелері бойынша оқушылар мини тақтайшаларға жазып жауап береді

ҚЕ сақтап жүмыс істеуді қаптамас ету. Қызығушылықтарын арттыру,шаршағандарын азайту және басу үшін тапсырмаларды орындау түрлерін өзгертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?