Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.


ЭМ «ХИМИЯЛЫҚ ФОРМУЛАЛАР БОЙЫНША ЕСЕПТЕУЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакциялардың теңдеулері

Бұл сабақтың барысында оқушылар ең маңызды ұғым «массалық үлеспен» таныс болады. Ол үшін оқушылардың математикадан алған алдыңғы білімдері қоладынылады. Оқушылардың назарын бірдің үлесі немесе 100%-дағы үлесі бойынша есептеуге аудару керек. Бұл ұғым заттардың молекуласында элементтердің қанша үлес алатынын анықтауға көмегін тигізеді. Бұл білімдер оқушылардың келешектегі тақырыптарды оқуға септігін тигізеді.

 Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға есептер шығарып үйрету керек.

 1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер. Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, оттек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

3.  Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий  гидроксиді А1(ОН)3  құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1)  массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2)   пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:    

   78 - 100 %,

   3 •16 – у         

3) Сутектің массалық үлесін z десек:       78 - 100 %,

                                                                       3 • 1- z                     

Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) =  3,9%.

bilimland.kz сайтындағы ресурстарға сілтеме:

Химия→ Жалпы химия →Бастапқы химиялық түсініктержЖаЖ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?