Экологиялық пирамидалар. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.4.В Биосфера,экожүйе,популяция | Мектеп: | ||||||
Мерзімі: | Мұғалім: | ||||||
Сынып: 11 | Қатыспағандар: қатысқандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Экологиялық пирамидалар | ||||||
Осы сабақта жететін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.1 Экологиялық пирамиданың ережелерін түсіндіру | ||||||
Бағалау критерийлері | 1.Сандар. биомасса, энергия пирамидаларын сипаттайды; 2. Экологиялық пирамидалардың ережелерін түсіндіреді; 3. Экологиялық пирамидамен байланысты жағдайларды шешеді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Экологиялық пирамида ережелерін жазбаша да, ауызша да түсіндіре алады. Диалог құруға қажетті терминология және сөз тіркестері: Пирамиданың әр деңгейі ... Биомасса пирамидасы - әрбір трофикалық деңгейде ағзалардың жалпы массасын көрсетеді. әрбір трофикалық деңгейде бар энергияның жалпы көлемінде... Сандар пирамидасы - әр трофикалық деңгейде ағзалардың санын көрсетеді Лексика и терминология: Сандар пирамидасы - организмдер саны Биомасса пирамидасы - тірі организмдердің массасы Энергия пирамидасы - жалпы энергия Өндіруші, алғашқы тұтынушы, екінші және үшінші тұтынушы Қоректік тізбек Он пайыздық ереже (Раймонд Линдеман) | ||||||
Құндылықтар | Топта және жұпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық. | ||||||
ИКТ қолдану | Презентация, видео | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика – масса, энергия ағыны, кДж. Математика – энергиялық эффективтілік Ағылшын тілі- айтылым және жазылым. | ||||||
Алдыңғы білімдер | Биосфера, Экожүйе және Популяция 9-10 сыныптарда өтілген болатын | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың этаптары | Жоспарланған қызмет түрлері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| Оқушылармен амандасу Сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесіп анықтау.
(W) Оқушыларға терминдерге жауап беруді ұсыныңыз. | ||||||
Сабақтың ортасы
| (W) Оқушыларға пирамидасы бойынша ақпаратты еске түсіруді ұсыныңыз. 1. Экологиялық пирамида. 2. Экологиялық пирамида типтері (I)(f) Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз ( қосымша1) Дескрипторлар: 1. Кестеден алынған ақпаратты қолдана отырып, сандар пирамидасын салады; 2. Бір мәліметтерден алынған биомасса пирамидасының сандар пирамидасынан қалай ерекшеленетінін сипаттайды; 3. Неліктен өндірушідегі барлық энергия негізгі тұтынушыға бармайтынын түсіндіреді.; 4. Долана бұталарын алып тастау орман содырғысының популяциясына қалай әсер ететінін ұсынады. (I)(f) Сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз (қосымша 2) Дескрипторлар:
Энергияның ең көп мөлшерін келесі деңгейге өткізетін трофикалық деңгейді көрсетеді. | Презентация Қосымша1 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы | Оқушылар критерий бойынша рефлексия жүргізеді, және жұмыс парақтарын бағалайды. | ||||||
Дифференциалдыоқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілет іжоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері | |||||
Топтарға дайындалған дифференцияланған тапсырмалар. Оқушыларды көп сөйлеуге бағыттау. | Оқушылар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы. Мұғалімнің бағалауы. Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі. | Қауіпсіздік ережелері. Сабақта физминутканы қолдану. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру